Теориялық этика — этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді.
Нормативті этика — негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т.б. қарастырады.
Эмпириялық этика — белгілі бір кезеңдердегі адамзат үйымдарының накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.
Исламдағы этика және мораль түсінігі
Мораль», «этика» сөздерінің баламасы ретінде араб тіліндегі «жарату», «жаратылыс» секілді мағыналарға келетін «халқ» сөзімен түбірлес «ахлақ» сөзі қолданылады. «Ахлақ» сөзі араб тіліндегі «ха лә қа» етістігінен шыққан «Хулуқ» сөзінің көпше түрі. Сөздік кітаптарында «хулқ» сөзінің мінез, сезім, табиғат, жомарттық, дін және жаратылыс мағыналарына келетіні айтылады. Яғни, «хулқ» дегеніміз – адамның жаратылысынан бері пайда болған әрі тәрбие жолымен қол жеткізген рухани сезім. Біз мұндай халді – мінез-құлық, әдеп сияқты сөздермен түсіндіруге тырысамыз. Адам мінезі деп – оның моральдық әдеттерінің жиынтығы айтылады.
Әдеттегі әдептілік пен мұсылмандық әдептің ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Ислам әдебі діннің ажырмайтын бөлігі ретінде қарастырылады. Сондықтан «ахлақ» ілімі Ислам дінінде өте маңызды орын алады. Әсілінде, ислам діні негізгі үш ілімге құрылады. Олар: иман, ислам, ахлақ. Бұл үшеуі толық болмай иман толық болмайды. Бұдан біз сенім мен ғибадат пен қатар ахлақтың өте маңызды екенін көреміз.
Тарихта «ахлақ» сөзіне мұылман ойшылдары әртүрлі анықтамалар берген. Солардың бірі, танымал мұсылман ғалымы имам әл-Ғазали: «Ахлақ – адам бойына пікірсіз, зорлықсыз оңай жасалынатын туа біткен қасиеттер» деп түсіндірген.