Пациентті еңбекпен қамту, кәсіптік оқыту және қайта оқыту, пациенттің еңбекке жарамсыздығын анықтау сұрақтарын көтеретін бағыт реабилитацияның қай бағытына сәйкес келеді?
медициналық
физикалық
*психологиялық
кәсіптік
әлеуметтік-экономикалық
Жарақаттардан соң және сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары, сынықтар, омыртқа жотасының даму ақаулары, дене келбетінің бұзылулары салдарынан жасалған операциялардан соң реабилитацияны қай түрі жүргізіледі?
Нейрохирургиялық
*Ортопедиялық
Травматологиялық
Неврологиялық
Кардиологиялық
Пациентке ректороманоскопия тағайындалған. Медбике пациентке емшара мақсатын түсіндіріп, таңертең ашқарынға жүргізілетінін ескертті. Таңертең зерттеуге 1 сағат қалғанда пациент қуығын босатып, медбике тазалау клизмасын қойды және пациентті эндоскопиялық бөлмеге алып барды. Медбикенің қателігі неде?
Тазалау клизмасын 2 рет жасау қажет
Зерттеу жеңіл тамақтанғаннан соң жүргізіледі
Кешке қарай майлы клизма жасау қажет
Кешкісін фортранс ерітіндісін беру керек
*Клизма мен зерттеу арасы кемінде 2 сағат болу керек
Заманауи медицинада кеңінен қолданылатын эхолокация әдісіне негізделген диагностикалық әдіс; бауыр, бүйрек, жүрек, өт қабы, көкбауыр, жыныс ағзаларын, эндокриндік мүшелерді, 1 жасқа дейінгі балаларда бас миды тексеруге мүмкіндік береді. Ауалы қуысты мүшелерді, өкпені, сүйектерді бұл әдіспен зерттеуге болмайды. Бұл қандай зерттеу әдісіне тән?
компъютерлік томография
магнитты-резонансты томография
эндоскопиялық зерттеу
рентген зерттеу
*ультрадыбыстық зерттеу
Пациентке ирригоскопия тағайындалған. Медбике пациентті зерттеуге 3 күн дайындады: арнайы диета, ферментті препараттар, схемамен фортранс берілді. Зерттеу алдында кешкісін пациентке 2 рет тазалау клизмасын жасады. Таңертең зерттеуге 2 сағат бұрын жасау қажет болған тазалау клизмасынан пациент кешкісін сағат 20.00-дан соң тамақ ішпегенін айтып, клизмадан бас тартты. Медбике бұл жағдайда не істеу керек?
пациентті рентген бөлмесіне алып бару
зерттеуді келесі күнге қалдыру
мәжбүрлеп клизма жасау
іш айдайтын дәрілерді беру
*пациентке клизма жасаудың маңыздылығын түсіндіру, келісімін алу
Достарыңызбен бөлісу: |