Этикалық құндылықтар дегеніміз, ең алдымен, адамның басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудағы құндылықтары



Дата07.02.2022
өлшемі119,59 Kb.
#97795
Байланысты:
Ахмет Диляра БТ1911 СрС№9 эссе


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі Алматы Технологиялық Университеті

Эссе
«Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары»

Орындаған: Ахмет Диляра


Группа: Бт 19-11
Тексерген: Игисенова А.Р

Бүгінгі жастардың этикалық келбеті қандай?


Этикалық құндылықтар дегеніміз, ең алдымен, адамның басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудағы құндылықтары. 
Грек тілінен «дағды, әдет-ғұрып» мағынасын беретін бұл ұғым ауқымына адамның ұстанатын салт-дәстүрінен бастап, қоғамдағы өзін-өзі ұстауда көрініс табатын мораль, принциптер мен стереотиптер, адамгершілік қасиеттер, сонымен қатар мейірім мен мәдениет кіреді. Қазіргі замандағы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтарын бірнеше бөлікке бөліп қарастырар едім.
Адамзаттың өмір сүру тарихында әдептің негізгі проблемалары жақсылық пен зұлымдық критерийлерінің, адамның өмірі мен өмір сүруінің мәні, әділеттілік пен тиісті өмір сүру проблемасы болды. «Этика» термині алғаш рет Аристотель «практикалық» философияны зерттеудің ерекше саласын белгілеу ретінде қолданылған, өйткені ол: біз не істеуіміз керек? Аристотель этиканың негізгі мақсаты-бақыт деп атаған. Адамның өзін — өзі жүзеге асыруы-бұл шектен тыс және алтын орта ұстанатын ақылға қонымды іс. Сондықтан негізгі жақсылық-бұл ақылдылық пен парасаттылық.
«Әдептің алтын ережесі» деп аталатын «өзіңе қаламасаңды басқаға жасамаңыз» деп аталатын Конфуциймен тұжырымдалған.
Эвдемонизм және гедонизм. Этиканың бұл екі бағыты бір-біріне ұқсас, ал қазіргі заман жастары арасында етене жақын деуге де болады. Эвдемонизм, антика дәуірінде Демокрит, Аристотель, Сократтардан бастау алғам бұл бағыт «өмір мәні бақытқа кенелу» деген қағиданы ұстанады. Сол бақытқа жету жолдарын әлемнің екінші ғұлама ұстазы ае қарастырып өткені мәлім. Қоғамда «бақыт» түсінігін Әл-Фарабидың жазып кеткеніндей қабылдайтын жастар бар. Алайда 100 пайыз деп айту қиын. Себебі енді бір бөлігі өмірдің мәнін рақатқа ұмтылумен байланыстырады. Сөз болып отырған жанның ғана емес, материалдық байлық негізінде тәннің, сананың рақат алуы. Жастар заман талабына сай боламыз деп, дүние жиюға ұмтылады. Сол материалдық байлық негізінде адамдар арасында, тіпті бүгінгі күннің өзінде, бай мен кедей деп таптарға бөліну, кемсітушіліктер, асқан мақтаншақтық пен дүниеқоңыздық, кез-келген нәрсені ақшаға сатып алуға тырысуы сынды қасиеттер туындайды. Бұлар этикалық құндылықтарды аяқ асты таптап, мүлдем қарама-қайшы көзқарастарға әкеп соғады.
Перфекционизм. Көбіміз идеалдылыққа ұмтыламыз. Мұның жақсы тұстары да бар. Атқарған қызметін, тазалығы мен түр-әлпетін, сөйлеу мәдениетін өте жақсы қылуға ұмтылатын мұндай адамдар жұмысын мінсіз қыламын деп, алға қарай тынымсыз тырмысып отырады. Мысалға жазып отырған қағазын бумаждап қоқыс жәшігіне лақтырып, одан да жақсысын жазам деп қаламын қолына қайта алған жазушыны келтіруге болады. Перфекционизм адамды бір орында тоқтап қалмай, үздіксіз дамуға итеріп отырады. Ал перфекционизмді оң ұшынан түсінбей, идеал болуды тағы да материалдық және сыртқы құндылықтарға әкеп тірер болсақ, перфекционизм ең қорқынышты қасиетке айналмақ. Әсіресе, жаңа технологиялар өрбіп тұрған бүгінгі заманда, жастар арасында бұл көп кездеседі. Өзіне идеал боп көрінген өзге адамға еліктеу мақсатында түрлі оталар жасатып түр келбетін, киім киісін, өзін-өзі ұстау мен сөйлеу мәдениетін өзгертетін адамдар кейде шектен шығып жатады. Бұл бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр.

Этикалық тәрбие. Бала күнінен адамгершілікке, басқа жандар алдында құрмет пен ізетке үйрене алмаған, не болмаса рухани күшінің төмен болуының әсерінен, қоршаған ортаға қарап өзгеретін адамдар көбіне этикалық құндылықтарды ұстана бермейді. Бірін-бірі мазақ етеді, не болмаса ұрлық-қорлық зорлық-зомбылыққа барып жатады. Мәдениетті ұстанбай, жаргонизмдер мен слэнг қосып сөйлеп жатады және өзіне жауапкершлік алудан барынша қашады. Бұл тұрғыда мектеп оқушыларына этика мен эстетикалық талғамдарын қалыптастыратын өзін өзі тану сабақтары мен психологиялық кеңестер және ең бастысы – отбасыдағы толыққанды тәрбие мен көңіл көмек бола алады.
Дін мен этика. Этиканың проблематикасы жамандықтан қашып, жақсы болған іс әрекеттерді жасау болып табылады. Ал дін болса, «киелі» нәрсеге негізделген байланысқа сүйенеді. Сонымен қатар, тарих бойынша дін мен этиканың тақыраптары арасында тығыз байланыс көрінеді. Бір тұрғыдан дін мораль мен адамгершілікке үйретеді, сондай-ақ дүниедегі мақсатын анықтап, өз орнын табуға да көмектеседі. Алайда экстремизм мен тероризмге апарып соғуы мүмкін діни ағымдардан сақ болған жөн.
Жоғарыда атап өтілген – жастар арасындағы этиканың проблематикалық тұстары. Алайда көпке топырақ шашудан аулақпын. Себебі – болашаққа зор үміт пен сенім ұялататын Қазақстан жастары да жетіп артады. Тек сондай азаматтардың саны көбейе түсіп, 100 болмаса да, 99 пайызға жетсе, нұр үстіне нұр болар еді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет