Этиология және патогенезі



бет2/3
Дата26.01.2023
өлшемі0,77 Mb.
#166497
1   2   3
Байланысты:
феохр
file-9594 2, АКК

Клиникалық көріністері

  • 1.Артериялық гипертензия тұрақты болады,бірақ жиі кризді сипатта болады,бұл кезде АҚҚ өте жоғары көрсеткіштерге жетеді.АГ ұстама аралық кезеңде ортостатикалық гипотензиямен ұштасады.Жүрек қағу,диспноэ,түрлі локализациялы ауыру сезімі тән.
  • 2.Жалпы симптомдар:тершеңдік,дене қызуының көтерілуі,мазасыздық,лоқсу,іш қату.
  • 3.Неврологиялық көріністер:бастың ауруы,парестезиялар,көру қабілетінің бұзылуы.Жиі ұстамалар психомоторлы қозғыштықпен сипатталатын паникалық шабуыл типімен өтеді.
  • 4.Қатерлі феохромоцитомалар катехоламиндер артық өндірілуімен қатар инвазивті өсумен және метастаз(лимфа түйіндеріне,сүйекке,бауырға,көкірек аралыққа) берумен сипатталады.
  • 5.Феохромоцитомалардың асқынулары:
  • Жүрек жеткіліксіздігі;
  • Миокард инфаркты;
  • Өкпе ісінуі;
  • Бас ми қан айналымының бұзылуы;
  • Гипертензиялы энцефалопатия;
  • Көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуы жатады.Уақытылы ем жүргізілмеген жағдайда науқастар феохромоцитомдық криз көрінісінде дамығын жүрек жеткіліксіздігі және ауыр гемодинамикалық бұзылыстардан қайтыс болады.

Диагностикасы

  • І.Зертханалық диагностикасы
  • Феохромоцитоманы анықтау мақсатында қанда катехоламиндерді анықтау ақпаратты емес.
  • Катехоламиндердің аралық метаболизмі өнімдерінің мөлшерін анықтау аса маңызды:қан сарысуындағы бос метанефриндер және несептегі коньюгирленген метанефриндер.
  • Катехоламиндердің соңғы метаболиті ванилилминдаль қышқылының (ВМҚ) экскрециясын және несеппен катехоламиндерді анықтаудың ақпараттылығы төмен.Бұл кезде ВМҚ консентрациясы гипертоникалық кризден кейін бірнеше сағаттан соң несепте немесе тәуліктік несепте анықталады.

Топикалық диагностика

  • Топикалық диагностика
  • Бүйрекүсті безінің КТ өте ақпаратты,себебі феохромоцитомалардың 90 %-ы бүйрек үсті безінде орналасады.Үлкен қиындықтар бүйрек үсті безінен тыс орналасқан феохромоцитомаларды анықтау кезінде туындайды.Орналасқан орны белгісіз ісік кезінде жүрек,қуық,УДЗ-сі,паравертебралды және параорталды аймақтарды МРТ зерттеу мен кеуде қуысының КТ-сі тағайындалады.
  • Метайодбензилгуанидинмен (МЙБГ)сцинтиграфия –феохромоцитоманы диагностикалауда аса ақпаратты әдіс.МЙБГ хромаффинді тін жасушаларында жиналады,себебі қалыпты бүйрек үсті безінің тіні изотопты сирек жағдайда сіңіреді,ал феохромоцитоманың 90%- сіңіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет