Этиологиясы



бет3/4
Дата28.12.2021
өлшемі21,31 Kb.
#128906
1   2   3   4
Байланысты:
гастриттттт
гастриттттт, гастриттттт
Патогенезі

Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазан эпителийінің регенерациялық қасиеті төмендейді, қабыну процессі дамиды, жүре келе қалыпты эпителий мен бездер жойылып, асқазанның кілегей қабығында атрофиялық және ішектік метаплазия процесстері туындайды. Кілегей қабықтың атрофиясы ақырында асқазан секрециясының жетіспеушілігіне әкеледі.

Жіктемесі

Созылмалы гастриттің 3 түрін айырады:

атрофиясыз;

атрофиялық;

ерекшетүрлері.

Атрофиясыз гастриттің басты себебі - Н.Pylori.

Атрофиялық гастриттің өзі 2 түрге бөлінген: аутоиммундық және мультифокальдық.

Себептері:

  • Өт жолдарының аурулары

  • Он екі елі ішек; ұлтабар аурулары

  • Тамырлардың склерозы, қант диабеті, гипертония, жүктілік

  • Алкогольдан, тағамнан, химиялық улану

  • Кейбір дәрі-дәрмектердің кері әсері

  • Артық тамақтану, тойып жеу

  • Ұйқы бездерінің жарақаты, іштің жарақаты

  • Инфекциялық аурулар

  • Ағзадағы аллергизация

  • Генетикалық бейімділік

  • Алкоголь тұтыну

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі.

Бұл аурумен ауыратындарың негізгі бөлігі майлы тамақ, алкогольді көп пайдаланушылар, тамақты көп жеушілер. Арнайы өршітетін факторлардың әсерінен ұйқы безінде протелиттік ферменттер белсенді бөлінеді. Салдарынан қабыну процессі пайда болады Ұйқыбезі – ағзаның кішкентай мүшесі, алайда ол ағзадағы маңызды функцияларды атқарады. Соның бірі – ас қорытатын ферменттердің бөлуі мен инсулиннің бөлуі. Инсулиннің бөлінуі бұзылған жағдайда қант диабеті ауруы пайда болады. Өткір панкреатиттің сиптомдары қатты уланудың симптомдарына ұқсайды. Қабыну кезінде ұйқы безі бөлетін ферменттер ұйқы безінде немесе түтікшелерінде тұрып қалады, бұл безді зақымдайды, қанға түскен жағдайда жалпы улану (интоксикация) симптомын туғызады.

Ауырсыну. Панкреатиттегі ең айқын симптом. Науқас ауырсынуды бұрап немесе сыздап ауырту сияқты сипаттайды. Уақытылы медициналық көмек көрсетіліп, ауырсынуды баспаса, науқаста ауырсыну шогы болуы мүмкін. Ауырсыну асқазан ортасында, оң жақтағы қабырға астында болады. Ұйқы безінің зақымғандан орны ауырсынады. Ұйқы безі түгел зақымданған болса, құрсаулап аурады.

Дене қызыуының көтерілуі мен қан қысымының ауытқуы.

Бет түсінің өзгеруі. Бастапқыда бет терісінің түсі бозғылт тартады, кейіннен сұр-жасыл түске өзгереді.

Ықылық, жүрек айну. Сонымен қатар, ауыз кебу, кекіру симптомдары да мазалайды.

Құсу. Панкреатит кезінде құсқанда науқас өзін жеңіл сезінбейді.

Іштің өтуі немесе қатуы. Панкреатит кезінде нәжіс көбікті, иісі сасық келеді. Қорытылмаған тамақтардың бөліктері кездеседі. Құсқанда жеген тамақтар шығады, артынан ұлтабардағы өтті құсады. Алайда керісінше де болады, іштің қатуы, кебуі, іш бұлшық етінің қатаюы сияқты симптомдар өткір панкреатиттің бастапқы белгілері саналады.

Ентігу. Науқасты үздіксіз ентігу, жабысқақ тер мазалайды, тілге сары кілегей қонады.

Іш терісінің түсінің өзгеруі.

Терінің, көз ағының сарғаюы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет