Жедел панкреатитті жіктеу
1. Клинико — морфологиялық түрлері:
— сулы ісікті панкреатит (абортативті панкреонекроз)
— майлы панкреонекроз
— геморрагиялық панкреонекроз
2. Таралуына қарай:
— ұйқы безінің локальді (ошақты) зақымдануы
— ұйқы безінің субтотальді зақымдануы
— ұйқы безінің тотальді (толық) зақымдануы
3. Клиникалық барысына қарай:
4. Ауру кезеңіне қарай:
— гемодинамикалық өзгерістер кезең (1 — 3 тәулік);
— паренхиматоздық ағзалардың функционалдық жетіспеушілік кезеңі (5 — 7 тіулік)
— некроздан соң туатын (постнекротикалық) асқынулар кезеңі (3 — 4 апта);
5. Морфологиялық өзгерістер сатылары:
сулы ісік,
өліеттену (некроз),
іріңді асқынулар;
Емдеу
Өткір панкреатит қауіпті ауру саналады. Сол себепті ауруды стационарда, дәрігерлер бақылауында емдейді.
Панкреатитке күдік туған жағдайда жылдам жедел жәрдерді шақыру тиіс.
Жедел жәрдем келгенше науқастың ішіне мұздай нәрсе қояды, Но-шпа, Папаверин дәрілерін ішіп, ас-ауқас жемей, төсек режимінде жатады.
Стационарда дәрі-дәрмектер алады. Алайда дәрі-дәрмек көмектеспеген жағдайда, немесе деструктивті панкреатитте, сонымен қатар құрсақ қуысының қабынуында хирургиялық ем қолданады.
Профилактика
Темекі, алкогольден бас тарту.
Емдік дене шынықтыру, массаж
Тойып тамақтанбау.
Кофеден бас тарту
Қара жасұнықты азық-түліктер, қырыққабат, қызылша, сәбіз сияқты көкөністерді қайнатып не бұқтырып жеу көрсетіледі.
Панкреатит кезіндегі жасалатын операция түрлері:
Құйрық, денесінің резекциясы, некроз ошақтарын алып тастау.
Панкреатэктомия (тотальді панкреанекроз)
Іш шарбысын дренаждау және тампондалау
Өт шығару жолдарын декомпрессиялау
Достарыңызбен бөлісу: |