Этноcaрaлық келіcім Қaзaқcтaн Реcпубликacындa тәуелcіздік пен демокрaтияны нығaйтудың негізі. Қaзaқcтaн хaлқы Accaмблеяcының мәнін aшу


ЭКCПО-2017 көрмеcінің Қaзaқcтaн үшін мaңызын aйқындaңыз



бет52/87
Дата21.12.2021
өлшемі178,55 Kb.
#104584
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   87
Байланысты:
Тарих Сессия 2020 дұрыс ответы

ЭКCПО-2017 көрмеcінің Қaзaқcтaн үшін мaңызын aйқындaңыз.

«ЭКСПО-2017» Қазақстанның жаңа тарихындағы басты оқиғалардың біріне айналды, ал бұл іс-шараның өтуі еліміздің имиджінің қалыптасуына, экономикасы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлесін қосты. «ЭКСПО-2017» көрмесін дайындауға және өткізуге қатысу қазақстандық және шетелдік құрылыс компаниялары үшін, жобалау және жоспарлау жөніндегі консультанттар үшін, жылу үнемдеуші технологиялар мен энергияның балама көздерін пайдалану жөніндегі консультанттар үшін; туристік компаниялар мен мейманханалар; көлік компаниялары және т.б. үшін қызықты болды. Ең бастысы «ЭКСПО» шеңберінде өткен білім алмасу болды деп есептейміз. Шамамен 100 ел мәлімденген тақырып – «Болашақ энергиясы», яғни жаңартылатын энергия көздерін пайдалану технологиялары бойынша өз жетістіктерін көрсетті. Қазақстан тарихында орын алған осы орасан зор оқиға, сөзсіз ғылыми және шығармашылық ойды жаңа кезеңге шығарды, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ықпалын тигізді. Осы орайда, көрме тақырыбының – «Болашақ энергиясы» деп аталуы өте орынды. «Біздің ел үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологияларды» алу аса зор мүмкіндік», – деген сенімде Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Көрме, еліміздің барлық өңірлері қатысқан, шын мәнінде ұлттық жобаға айналды. ЭКСПО-2017 – ол Тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды жобасы. Индустрияландыру символы, техникалық және технологиялық жетістіктердің көрсетілімі, жаңа идеялар мен қызықты жобалардың пайда болуы, Қазақстанның әлемдік экономикаға бірігуіне ықпал етті. Әрине, біздің республика мұндай мүмкіндікке объективті түрде лайық болды. Себебі Қазақстан жерінде алғаш рет адамзаттың ғарышқа жолы ашылды, ядролық қарусыздандыру бастамалары, еуразиялық бірігу институттары, Астана Экономикалық Форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі пайда болды. Бұл ретте бүгінгі таңда әлемдік қауымдастықтың Қазақстанға 2017 жылғы Әлемдік көрменің Астанада өткізілуін сеніп тапсырғандығы да таңданарлық жағдай емес.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет