1905-1907 жылдaрдaғы орыc революцияcы және оның Қaзaқcтaнғa әcерін жaн-жaқты aйқындaу. Aлaш қозғaлыcының пaйдa болуын тaлдaу.
1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды. Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт- азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-1907 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. Бұл деректер 5 томдық Қазақстан тарихы энциклопедиясынан және Мусин Чапайдың Қазақстан тарихы кітабынан алынды. Бірінші дүние жүзілік соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп соқты. Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы жер көп болған, егіншілікпен оны жақсы меңгерген және орыстың қоныс аударушы шаруаларынан тәжірибе алған халық айналысқан аудандарда бәрінен де жақсы дамыды. Осы мәліметтер 5 томдық Қазақстан тарихы энциклопедиясынан алынды. 1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды. 1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады.
Алаш қозғалысы – XX ғасырдың басындағы қазақ жерінің барлық өңірін қамтыған ұлт-азаттық қозғалыс. 1905 жылы қазақ оқығандары ұйымдасқан түрде саяси шараларды қолға ала бастайды. Аталған жылы Орал қаласында қазақ облыстары өкілдерінің сиезі ұйымдастырылып, «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құру жөнінде шешім жасалып, партияның бағдарламасы қабылданады. Зиялылардың осындай саяси әрекеттері Алаш қозғалысын 1905 жылы бастауға мүмкіндік береді. Ұлт зиялыларының бірінші, екінші мемлекеттік Думаға депутат болып сайлануы оларды бір-бірімен таныстыра, жақындастыра түсті. Думаға сайланған Ә.Бөкейхан, А.Бірімжанов, А.Қалменов, Ш.Қосшығұлов, М.Тынышбаевтар Ресейдің заң шығарушы ең жоғары органына қазақтың мәселесін көтеріп, оны саяси биліктегілерге жеткізуге күштерін салды. Думадағы қазақ депутаттары ел ішіндегі беделді, белсенді азаматтармен тығыз байланыста жүріп, олар қалың бұқараның қолдауы мен сеніміне ие болды. Яғни, ел ішіне олар көтерген теңдік пен азаттық идеялары жылдан-жылға кең тарай бастады. Қазақтан мемлекеттік Думаға депутат сайлануы олардың Мұсылман фракциясына енуіне мүмкіндік берді. Сөйтіп, қазақтың елшіл азаматтарының Ресей империясына отар болған мұсылман халықтарының алдыңғы қатарлы өкілдерімен бірігіп жұмыс істеуіне де қолайлы жағдай туғызды. Жалпы Алаш қозғалысында діни-рухани мәселе басты мәселелердің біріне айналды. Қозғалыстың тарихында хазіреттердің, ишандардың, молдалардың рөлі жоғары болды. Қозғалыстың келесі кезеңінде зиялылардың халық өмірін танып, оны жігерлендіру, ояту қарекеттері байқалады. Айталық, «Оян, қазақ!», «Қырық мысал», «Маса», «Бала тұлпар» жинақтары, «Айқап» журналы, «Қазақстан» газеті қозғалыс ұрандарын қалың бұқараға таратқан мәдени-рухани құбылыстар болды. Осы кезеңде ұлт мүддесін бірлесіп шешу үшін жалпықазақ сиезін ашу мәселесі туындады. Оны алғаш көтерген Ж.Сейдалин болатын. Оның 1911 жылдан бастап «Айқап» журналында сиез ашу мәселесіне арналған мақалалары қазақ зиялыларының ортасында үлкен пікір тудырды. «Қазақ» газетінің жарық көруі, оның ұлтшылдық бағыты – халықты оятудан тұтастыруға бейімдеді. «Қазақ» ұлттың қазір қандай жағдайда екендігін, қай жолмен жүрсе, қалай болмағын нұсқап, зиялылардың ең көкейтесті ойларын жариялады. Ең бастысы – газет қазақ жерінің барлық өңірін қамти отырып ұлтты оятты, қазақ баласының пікірін, ойын, мақсатын тұтастырды. Яғни, ұлт-азаттық қозғалысы пікір жүзінде де, іс барысында да ортақ мүдде әрекетімен өрістей түсті, дамыды. Осы жылдарда зиялылардың өзара ұйымдасуы, қауымдасуы күшейе түсті. Қозғалыстың өрістеу эволюциясының бағыты мен қарқыны, азаттық қайраткерлерінің мүмкіндіктері мен дайындықтары 1917 жылы Ақпан төңкерісінен соң бедерлене байқалды. Атап айтқанда, сәуірдің алғашқы күндерінен бастап облыстық қазақ сиездері өткізіле бастады. Орынборда, Алматыда, Оралда, Омбыда, Семейде өткізілген Торғай, Жетісу, Орал, Ақмола, Семей облыстық сиездері, Ташкентте өткізілген Түркістан Мұсылмандарының Бірінші құрылтайы Алаш баласының азаттыққа шындап бағыт алғандығын байқатты. Бұл сиездердің қай-қайсысы да ұлттың қордаланған мәселелерін күн тәртібіне қоя отырып, оны шешудің жолдары мен амалдарын белгіледі. Қазақ мемлекетін құру сәтсіздікке ұшырағанымен, Алаш қозғалысының азаттық идеялары, мәдени, ғылыми басқа да дәстүрлері кеңестік жылдардың өзінде қазақ қоғамында өмір сүріп жатты. Осы ұлттық тарихымыздағы ең ірі, ең ұзақ ұлт-азаттық қозғалыс мұраттары тәуелсіздік жылдарында қайтадан жаңғырды.
Достарыңызбен бөлісу: |