Этноcaрaлық келіcім Қaзaқcтaн Реcпубликacындa тәуелcіздік пен демокрaтияны нығaйтудың негізі. Қaзaқcтaн хaлқы Accaмблеяcының мәнін aшу



бет65/87
Дата21.12.2021
өлшемі178,55 Kb.
#104584
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87
Байланысты:
Тарих Сессия 2020 дұрыс ответы

Алаш партиясының басшысы Ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметін талдау. ЮНЕСКО Алаш қозғалысының көсемі А.Н.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын атап өту туралы шешім қабылдады.

Әлихан Бөкейхан – XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық аутономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды. Әлихан Бөкейхан 1866 жылы 5 наурызда дүниеге келді. Бұл кез отаршылдық саясат салдарынан қазақ халқы ғасырлар бойғы қалыптасқан көшпенділердің дәстүрлі рулық-қауымдық қатынастарынан, жерінен де, оны пайдалану құқынан да ажырай бастаған, көшпенділердің байырғы құндылықтары шеттетіліп, жаңасы қалыптаса қоймаған алмағайып кез еді.

Патшалық Ресейдің отыршылдық саясаты жыл өткен сайын күшейіп, қазақ ішіне дендеп ене түсті, соның кесірінен хандық биліктің байырғы құрылымдары жойылып, қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетіне және оның өз жерінде дербес этнос ретінде өмір сүруіне қатер төнді.

Патшалық биліктің озбыр саясатын жастайынан көріп, түйсініп өскен Әлиханның бойында отаршыл билікке ғана емес, жан алып, жан беріспей-ақ отарлық қамытты киюге мәжбүр еткен өз халқының

Әлихан Бөкейхан ауторы әрі редакторы болған «Голос степи» газетінің 1907 жылы қаңтардың 13-і күні шыққан саны.

салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы туралы сыншыл көзқарасы да ерте қалыптасты. Міне, осылайша Әлихан Бөкейхан Дала өлкесі – Қазақстанның халық шаруашылығы бойынша сарапшы маман, ірі ғалымға айналды. Сондай-ақ экономист, тарихшы, этнограф, әдебиетанушы ретінде танылды. Қазақ егіншілігі мен мал шаруашылығы, соның ішінде қазақтың сиыр, қой және жылқы шаруашылығы туралы іргелі зерттеулер жариялады. Қазақ тарихы, этнографиясы, әдебиеті мен фольклоры туралы жүздеген мақалалар жазып, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Ер Тарғын», «Ер Сайын» секілді халық ауыз әдебиетінің бірнеше үлгілерін жинақтып, баспа бетіне шығарды.Ол ғылыми атаққа да, ғылыми дәрежеге де ұмтылмады, өйткені негізгі күш-жігерін саяси күреске жұмсады. Кейде ғылыми жұмыстарын еріксіз саяси күрес барысында жазуға тура келді. Академик Әлкей Марғұланның естеліктерінде, Алаш көсемінің 1925-1927 жылдар аралығында Ленинград мемлекеттік университетінің профессоры болғандығы айтылады.
Қараша айында Парижде ЮНЕСКО бас конференциясының 38-ші сесиясы өтті. Онда Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойын атап өту туралы сәйкес қаулы қабылданды.

Баспасөз мәслихатында Ерлан Қарин ЮНЕСКО шешімі Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның есімін елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде тағы бір паш етуге мүмкіндік береді деді. Сондай-ақ, ол мерейтойдың Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығының тұспа-тұс келуінің маңыздылығын атап өтті. Баспасөз мәслихатында Ерлан Қарин ЮНЕСКО шешімінің қаулысын таныстырды. Ол мерейтойдың мемлекеттік әрі халықаралық деңгейде аталып өтуін Әзербайжан мемлекетінің де қолдағанын айтты. Сондай-ақ, ол Әлихан Бөкейханның 145 жылдығының аталып өткенін, оның еңбектерінің жинақтарының да жарық көргенін жеткізді.

Әлихан Бөкейхан - ғұлама ғалым, ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға, Алаш партиясын ұйымдастырушысы, Алаш автономиясын құрушы, Алаш үкіметінің алғашқы төрағасы.

Әлихан Бөкейхан бірнеше рет қудаланып, түрмеге отырады. 1926 жылы тағы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартады. Ол Мәскеуге жер аударылып, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпайды. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлихан 1937 жылдың тамызында қайта тұтқындалып, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кесіледі. 1989 жылы мамырдың 14-і КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы болмағандықтан ақталады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет