Президент, Пaрлaмент және Үкімет - елдің caяcи жүйеcінің құрылымдық бөліктері ретінде aлaтын орнын aйқындaу.
Біртұтас мемлекеттік билік жүйесіндегі Президент орны жөніндегі теориялық ұстанымдар. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Республика Президенті мемлекет басшысы және оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Қолданыстағы Негізгі заңның 40-бабына сәйкес, ҚР Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын айқындайды,ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді; халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституциясының мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі болып табылады. Мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Аталған ережелер, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда бекітілген. Бұл мәселені жеке түрде толық зерттеу мүмкін болмағандықтан, ҚР Президентінің біртұтас және бөлінетін мемлекеттік билік жағдайындағы (сондай-ақ аралас республика жағдайында мемлекет басшысының рөлі, мысалы, Франция және Ресей) негізгі теориялық ұстанымдарды атап өткенді жөн көрдік.
Президентке бағынатын және тікелей есеп беретін мемлекеттік органдар (ҚР Президентінің әкімшілігі, Президент істері басқармасы) туралы естен шығармаған жөн, себебі олардың көпшілігі өз ықпал ету көлемі жағынан атқарушы билік органдарымен теңестірілген, ҚР 2007 жылы 21 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен конституциялық мәртебеге ие болды. Осы айтылғандардың барлығы негізгі заңдағы және тиісті заңнамалардағы қарама-қайшылықтар мен ақтаңдақтарды жою қажеттілігі туралы ойға жетелейді. ҚР Президентінің конституциялық қызметтері мен өкілеттіліктері атқарушы органдар қызметінің негізгі бағыттарын айқындау тұрғысынан, сондай-ақ олардың қолданатын әдістері мен формалары жағынан атқарушы билік тармағының тиімді қызметіне шынайы ықпал ететін материалдық негізді құрайды. Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында алдағы жылда мемлекет пен қоғам шешуі тиіс мәселелерге назар аударады. Бұл жағдайда жиі реттерде Үкімет және атқарушы органдар нақты тапсырмалардың орындаушылары ретінде белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |