Этнодемографиялық процестер мен ұлтаралық келісімді нығайту


Республика халқының саны-1992 жылдың аяғында 17млн болды.Оның 9,8млн қалалық жерлерде,7,2млн ауылдық жерлерде тұрды



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі1,4 Mb.
#123023
1   2   3
Байланысты:
Лекция № 10 СИК
7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер, 7 Саяси Режимдер

Республика халқының саны-1992 жылдың аяғында 17млн болды.Оның 9,8млн қалалық жерлерде,7,2млн ауылдық жерлерде тұрды.


Жылы

 
Жалпы халық саны, мың.адам

Халық үлесі, %

1989

1999

2009*

1989

1999

2009*

Все население

16199,2

14953,1

16196,8

100

100

100

Қазақтар

6496,9

7985,0

10220,2

40,1

53,4

63,1

Орыстар

6062,0

4479,6

3838,6

37,4

30,0

23,7

Украиндар

875,7

547,1

340,1

5,4

3,7

2,1

Өзбектер

331,0

370,7

453,5

2,0

2,5

2,8

Немістер

946,9

353,4

178,2

5,9

2,4

1,1

Татарлар

320,7

248,9

210,6

2,0

1,7

1,3

Ұйғырлар

181,5

210,4

226,8

1,1

1,4

1,4

Басқа ұлттар

984,4

758,0

728,9

6,1

4,9

4,5

«Нұрлы көш» бағдарламасы

1996 жылғы 31 желтоқсандағы ҚР Президентінің №3308 Жарлығымен бекітілген Шетелдерде тұратын отандастарға қолдаудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.

Маңызды бағыттарының бірі- қазақ диаспорасын ақпараттық қамтамасыз ету.Шетел қазақтарына арналған еларалық апталық – «Қазақ Елі», «Алтын бесік» журналы жарыққа шыға бастады.Шекаралас мемлекеттер аумақтарында «Хабар», «Қазақстан» ұлттық арнасының телехабарлары таратыла бастады.

Қазіргі таңда 11 елде қазақ ұлттық-мәдениет орталықтары жұмыс істейді.Олардың ішінде Өзбекстан,Қырғызстан,Моңғолия,Қазақстанмен шекаралас Ресей өңірлерінің барлығы,Стамбул,т.б.

Сонымен қатар Қазақстан- қазақтарды тарихи Отанына тарту жөінде белсенді жұмыс істеуде. Жалпы 1993-2005 жыл аралығында елге 17698 отбасы көшіп келген. Көшіп келгендердің -79,3%-ы- қазақтар.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.

Мақсаты- еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосу.

Қазіргі таңда этномәдени бірлестіктердің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады.

Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды.Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.

Міндеті:

  • Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
  • Халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
  • Қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
  • Азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
  • Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
  • Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады

Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы- 19 мамыр 2010 жылы қабылданды

Жалпы ережелері:

  • «Бір ел- бір тағдыр»
  • «Тегі басқа –теңдігі бір»
  • «Ұлт рухының дамуы»

Қазақстанның «Ұлт бірлігі» доктринасы

«Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияда және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңда егеменді ұлттың әрі қарай ұйысуының негіздерін айқындаған екі қағидат жария етілді:

  • біріншіден - Қазақстан мемлекетін құрудың алғышарты болып табылатын қазақ халқының өз тағдырын өзі таңдау құқы;
  • екіншіден - елдің барлық азаматтары үшін жасалатын тең мүмкіндік.
  • Халықтың даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этникалық тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай жаңа мемлекеттің барша азаматының ұйысуына негіз болды.


Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады.
Сондықтан да дәл қазір, азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасын қабылдау аса қажет.
Ұлт Бірлігі Доктринасы - халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл - бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл - болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет