“Этнос”, “халық”, ”ұлт”, “этникалық топ” ұғымдарын салыстыру



бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі490,94 Kb.
#123644
1   2   3   4   5
Байланысты:
әлеуметтану срс9

“Халық”

Халық (тұрғындар) - қандай да бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын жайлаған адамдар жиынтығы. Адамзат тарихының басым бөлігінде әлем халқы тым баяу өсті, ол әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің төмендігімен, адамның табиғатқа тәу- елділігімен түсіндірілді.Мәліметтер бойынша, біздің дәуіріміздің басында әлем халқы 250 млн. жуық болған. Әлем халқы алғашқы миллиардқа тек 1800-1804 жж. жеткен. Әлем халқының өсу қарқынының үдеуі XVIII ғ. басталады. Осылайша, 1800-1900 жж. аралығында әлем халқы 80%-дай өсті, ал екінші миллиардқа жету үшін бар жоғы 123 жыл уақыт кеткен. 1960 ж. әлемде үш миллиард адам болған (осылайша, үшінші миллиардқа жету үшін небәрі 33 жыл уақыт кеткен), 1974 ж. - 4 млрд. адам (14 жыл), 1987 ж. - 5 млрд. (13 жыл). 1999 ж. 12 қазанда әлемнің алтыншы миллиардты түрғыны өмірге келді. 2003 ж. басына қарай әлем халқы 6,3 млрд. адамнан асты, олардың 1,2 млрд. адамы (19%) дамыған елдерде түрды, ал 5,1 млрд. - дамушы елдерде (81 %). 1950 ж. салыстырғанда әлем халқының саны 3,78 млрд. адамға өсті (немесе 150,1%). Осы кезеңцегі өсудің 90% да¬мушы елдердің еншісіне тиді. БҰҰ-ның болжамы бойынша, 2003-2050 жж. әлем халқы тағы 41,5% өсіп, 2050 ж. 8,9 млрд. адамға жетеді, олардың 86,3% дамушы елдерде тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет