“Этнос”, “халық”, ”ұлт”, “этникалық топ”ұғымдарын салыстыру


Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы



бет2/2
Дата16.02.2022
өлшемі32,42 Kb.
#131984
1   2
Байланысты:
2 задания

Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы



«Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Бұл - жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз. Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер - әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік. Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет. Қазіргі кезде көптеген елдер осындай міндетті орындауға ұмтылуда. Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әр түрлі екеніне сенімдімін», - деп атап өтті Президент. Сонымен Қазақстанның Үшінші жаңғыруы қалай болмақ? Бұл сұраққа Президент Жолдауында: «Бұл жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» базасында өткізіледі» деген жауап берілді. Бұнда экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған негізгі бес басымдық қарастырылады. Бірінші басымдық - экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту Бүгінгі жаһандық дамуда бәсекеге қабілеттілік - ең басты қару. Дәуіріміздегі жаңа жаһандық қатерлерге қарсы мемлекеттің бәсекелестігін арттыру арқылы кез келген мемлекет жаңа индустрияландырудың ғаламдық үдерісіне қосыла алады. Осы ретте көптеген дамыған елдердің мысалын қарастыра отырып, экономиканы ынталандыру үшін жаңа технологиялар енгізудің маңызын сезетін едік. Яғни, соңғы жылдары шапшаң дамып жатқан интернет саудалары, энергоүнемді желілер, транзакцияларды жүзеге асыру бағытындағы мобильді қосымшалар және тағы басқалары - ең үлкен басымдыққа ие болып отыр. Ендеше, бәсекеге қабілеттіліктің өзегі де осында. Елбасы Жолдауында бұл басымдықтың өзі бірқатар міндеттерді қамтыды. Атап айтқанда, бірінші міндет - цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету. «Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын», - деді Н. Назарбаев. Бұнымен қоса, Елбасы коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз етуді, инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізуді белгіледі. Бұл ретте «ЭКСПО-2017» базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркін құру көзделеді. Президент халықаралық технопаркте әлемнің барлық елінен кәсіпкерлер мен инвесторлар тартудың платформасы болуы тиістігін алға тартады. Бірінші басымдықтың екінші міндеті - Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру. Дәстүрлі салаларға өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқалары жатады. Осы тұста Елбасы негізгі фактор ретінде Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізуге назар бұрады. «Басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керек. Үкімет алдында қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұр», - деді Н. Назарбаев. Бірінші басымдық аясындағы міндеттер шеңберінде Елбасы аграрлық секторға да ерекше тоқталып, бұл саланы экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиістігін атап өтті. Жалпы Қазақстандағы аграрлық саланың экспорттық әлеуеті зор екені белгілі. Әсіресе экологиялық таза өнім шығаратын қазақстандық тауарлар көршілес елдерде маңызды басымдыққа ие. Ендігіде Қазақстан астығы мен астық өнімдері арқылы Еуразияның «нан себетіне» айналуы керек. Бұл үшін Елбасы шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшуді жүктеді. Сонда ғана Қазақстан халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз. Бірінші басымдықтың еншісіндегі және бір сала - жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту. Осыған байланысты Елбасы Үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдың жылдық көлемін контейнерлермен тасымалданатын жүктер үшін 7 есе - 2 миллион контейнерге дейін, жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе - 1,6 миллион транзиттік жолаушыға дейін арттыруды тапсырды. Ал транзиттік тасымалдаудан түсетін табысты 5,5 есе - жылына 4 миллиард долларға дейін көбейту қажет. Бірінші басымдықтың үшінші кешенді міндеті - еңбек нарығын жаңғырту. Жаһандық өзгерістер аясында бұл бағытта да белгілі бір қауіптер баршылық. Сондықтан Президент Үкімет пен әкімдерге жұмыспен қамту бағытында барлық жағдай жасауды тапсырды. Бұл ретте ірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірлесе отырып, тиісті жол карталарын әзірлейтін болады. Екінші басымдық - бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту Бизнес, шағын және орта кәсіпкерлік - соңғы жылдары биліктің күн тәртібінде күнара талқыланатын мәселе. Шындығында, шағын кәсіпкерлігі мығым елдің шаруасы шайқалмайды. Бұған мысал да жетерлік. Қазақстанда тұтастай алғанда бизнес ортаны дамытуға деген қадамдар жасалды. Дегенмен, жергілікті өңірлерде кәсіпкерліктің кедергілерін ысырып тастау реформасы әлі де жалғасуда. Осыған байланысты мемлекеттің экономикаға араласуын тежей отырып, жеке сектор арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделеді. Елбасы Жолдауында екінші басымдық етіп белгілеген бизнес ортаны жақсарта түсу - дағдарысқа қарсы маңызды құрал болмақ. Бұл ретте Президент ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету межесін белгіледі. Ал бұл үшін не істеу керек? Бұл да бес міндеттен тұрады. Атап айтқанда, биылдан бастап Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады. Осыны жандандыру үшін шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану көзделеді. «Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс», - деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар, Елбасы Үкімет пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Кәсіпкерлікке кедергі келтіретін құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартылып, қайталанатын рәсімдер жойылатын болады. Екінші басымдық аясындағы Елбасы ерекше тоқталған жайт - мемлекеттің экономикадағы үлесін ішкі жалпы өнімнің 15%-ына дейін төмендету. Бұл экономикалық өсімге тың серпін беруге тиіс. Осыған байланысты Үкімет жекешелендіру жұмыстарын тездетіп, оны 2018 жылдың соңына дейін аяқтайтын болады. Сондай-ақ Елбасы мемлекеттік холдингтер рөлін қайта қарастыруды тапсырды. Бұл үшін Үкіметке «Самұрық-Қазына» холдингін сапалы түрде трансформациялайтын болады. Ал «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтері де қайта құрылады. Түйіндей айтсақ, әлгі екі холдинг мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыратын оператор болып қалады. Олардың функциялары оңтайландырылып, жеке сектор жүзеге асыра алатын нәрсенің барлығы бизнеске берілмек. Үшінші басымдық - қаржы секторын «қайта жаңғырту» Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы жүйесі түрлі дағдарысты бастан өткерді. Шатқаяқтаған тұсында мемлекетке арқа сүйеді. Дегенмен, бұл салада әлі де проблемалар бар екені белгілі. Ендеше ортамерзімдік перспективада еліміздің макроэкономикалық тұрақтылығында қаржы секторын дамыту, оның экономиканың басты кредиторы ретіндегі міндетін қайтару басты міндет болмақ. Мемлекет біртіндеп қаржы секторын тікелей қолдау бадарламасынан кетіп, экономиканы қаржыландыруды осы сектордың өз мойнына артуы тиіс. Бұл басымдықтың аясында Елбасы ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіруді және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тартуды атап өтеді. «Еліміздің қаржы секторын «қайта жаңғырту» қажет. Ұлттық банкке банк секторын қалыпқа келтіру жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын. Банктердің балансын тиімсіз несиелерден арылту жұмысын жеделдетіп, қажет болған жағдайда олардың капиталын акционерлер тарапынан арттыруды қамтамасыз ету керек. Банктердің ахуалына жедел бақылау орнату үшін Ұлттық банкке көбірек құқық берген жөн. Ұлттық банк банктердің қателік жіберуін күтпей, оларға ықпал ететін шаралар қабылдау үшін формальді көзқарастан ықтимал қатерлерге жол бермейтін қадамдарға көшуге тиіс», - деп атап өтті Елбасы. Бұдан бөлек, Президент Қор нарығын одан әрі дамыту шаралары да жүзеге асады. Қор нарығына «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының акцияларын орналастыру көзделеді. Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту Әлемдік деңгейдегі білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін қалыптастырмай Үшінші жаңғыруды жүзеге асыру да еш мүмкін емес. Бұл ретте жаһандық жаңа қатерлерге қарсы адами капиталды да сапалы дамыту қажет. Ал адами капиталдың өзегі - білім. Білім болашақ дамудың кепілі. Сондықтан да, Елбасы бұл басымдық бойынша білім беру жүйесінің рөлін өзгертуді меңзейді. Білім арқылы бәсекеге түсу, білім арқылы озу - қай жағынан алғанда маңызды міндет. Өйткені ғылым дамымай дүние дамымайтыны әмбеге аян. Бұл ретте қазақстандық білім берудің басты міндет - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Президент білім саласын дамыту туралы айтқанда, оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттауды, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігін алға тартады. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайтуға назар аударады. Ал Үкіметке жүктелген тапсырмалар қатарында үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу белгіленді. «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі - жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет», - деді Н. Назарбаев.
Еліміздегі рухани жаңғырудың тұжырымдамалық бағдары қазақстандықтар түсінетін, баршаға ұғынықты, бай әрі ықшам тілмен жеткізіледі. Биылғы жылдан бастап Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені баршаға белгілі. Оның басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру болып табылады. Бұған дейін еліміз жаңа Тәуелсіз мемлекетті құру арқылы Бірінші жаңғыруды жүзеге асырды. Содан кейін «Қазақстан – 2030» Стратегиясын қабылдады және Астананы салды. Нәтижесінде еліміз әлемнің дамыған 50 елінің қатарына кірді. Бұл – Екінші жаңғырудың нәтижелері. Мұның бәрін таратып айтып отыру себебіміз еліміздің жүйелі әрі дәйекті Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуына бағытталған мемлекеттік саясаттың өзара байланысы мен сабақтастығын көрсетуді мақсат тұтып отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру аясында саяси реформа, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру және рухани жаңғыру сияқты үш жаңғыру үдерісі жүзеге асырылатын болады. Аталған үдерістердің қатарында рухани саланы жаңғырту негізгі бағыт болып табылады. Мұндай аксиомалық байлам жасауға берік негіз бар деп ойлаймын. Әлбетте, саяси және экономикалық жаңғырудың жетістігі, бірінші кезекте, рухани қатынастар басымдық алатын қоғамдық сананың деңгейіне байланысты болмақ. Сондықтан, бүгінгі таңда рухани жаңғыру ең өзекті міндеттердің алдыңғы қатарына шығып отыр. Бұл орайда, ең әуелі, жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету негізінде түбірлі өзгерістерді қажет етіп отырған осы саланың бүгінгі жай-күйін атауға болады. Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп «Біз жүріп келеміз, біртіндеп алға басудамыз, яғни бұл қоғамды демократияландырудың сатыларының бірі… Басқа мемлекеттер өздерінде бар демократияға жүздеген жылдар бойы жүрді… Демократия бұл – жолдың басы емес, бұл – жолдың аяғы, ол – біздің мақсатымыз» екенін атап көрсетті. Біздің дәуірімізге дейінгі V – VI ғасырларда өмір сүрген Қытайдың ежелгі ойшылы Конфуций адамның өмірі ең әуелі моральмен реттелуі тиіс екенін тұжырымдап берді. Бұған білім мен тәрбиенің арқасында қалыптасатын дұрыс адамгершілік әдептердің ережесі ұғымын насихаттау негіз болды. Қытай өзінің жүздеген жылдардан бергі өмір салтында Конфуцийдің осы өсиеттеріне барынша адалдығын көрсетіп келеді. Мемлекет басшысының жоғары рухани дамуға қатысты сөзі дүниетанымдық саладағы жаңғыру бойынша қолданылған жаңаша ұғым. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың 6 бағытын белгілейді:
Бәсекеге қабілеттілік;
Прагматизм;
Ұлттық бірегейлікті сақтау;
Білімнің салтанат құруы;
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
Сананың ашықтығы.
Бұл бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. Олардың әрқайсысына егжей-тегжейлі тоқталу мақаланың басты міндеті емес екенін ескеріп, біз Екінші және Үшінші жаңғырулар – «Прагматизм» және «Ұлттық бірегейлікті сақтауға» назар аударсақ. Елбасымыздың «әуелі экономика, содан кейін саясат» атты әйгілі принципі баршаға таныс. Біздің ойымызша, оның сабақтаса дамуы қоғамдық сананы жаңғыртуда айқын көрінеді. Әлемнің жетекші елдерін табысқа жеткізген нақты прагматизм игілікке қол жеткізудің әмбебап кілті болып саналады. Дәл осының арқасында қоғамдық-экономикалық формация ретінде капитализм құрдымға кеткен социализмді біржолата жеңді. Мақалада біздің ұлттық кодымыздағы прагматизмнің бар екендігіне дәлме-дәл негіздеме беріледі. Ұлы даладағы қатаң табиғи жағдайлар мен шөлейтті жерлердегі тіршілікпен байланысқан көшпенділік дәстүрі ата-бабаларымыздың бойына табиғатпен үндескен өмір салтын, яғни прагматизмді қалыптастырды. Өткен ғасырлардағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына талдау жасай отырып, Елбасы радикалдық идеологияның заманы мүлдем келмеске кеткенін тұжырымдайды. Сол себепті, біздің болашаққа жасалатын ұранымыз реализм және прагматизм болмақ. «Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты екінші бағытқа қатысты тоқталсақ, Президент дамудың әмбебап үлгісі болмайтынын нақты жеткізіп, тек ұлттық модельді ғана алға тартады. Бұл тұжырым қазіргі заманғы дәуірдегі ұлт құрылысында аса маңызды болып табылады. Ортақ тіл, мәдениет, тарих – бұлар барлық заманда да қуатты мемлекеттің іргетасы екеніне ешкім дау туғызбаса керек. Бұл бағытта ең әуелі ұлттық рухты атап көрсеткіміз келеді. Бұл жерде біз Мемлекет басшысының «Тарих толқынында» атты келелі монографиясын парақтай отырып, тарихқа қысқаша шолу жасап көрсек. Біздің рухани бастауларымыз қазіргі Қазақстанның аумағында біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықта өмір сүрген ежелгі арийлерден басталады. Содан кейін саясат сахнасына бірінші мыңжылдықта билік құрған жауынгер сақтар шығады. Бұдан соң ұлы ғұндар дәуіріне кезек беріліп, олар түркілер билігіне дейінгі б.д.д. ІV ғасырда өмір сүрді. Одан кейінгі заманда орын алған тарихи оқиғалар еліміздің ақпараттық-мәдени кеңістігінде кең түрде көрініс тапты. Сондықтан, оларды қайта санамалап жатудың қажеті жоқ деп ойлаймыз. Генезистің және біздің ұлттық рухымыздың қалыптасуы мен дамуына екпін берген осындай ортақ құрамдастар бар. Айтылғандарды түйіндейтін болсақ, Елбасының ұлттық рух туралы ұсынған тезисі Ұлы Дала елін дамытудың басты қозғаушы күшіне айналады.
Бұл қазақ жазуының латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіру мәселесі. Бұл мәселені өткен аптада бірқатар сарапшылар кең түрде талқылады. Пікір қайталауларға жол бермеу үшін біз тек келесі мәселерді ғана атап өткіміз келеді. Біріншіден, Елбасымыз латын әліпбиіне көшуді тек бүгін ғана қозғап отырған жоқ, оны 2012 жылы жариялады.
Үшіншіден, бір тілдің жалпы адамзаттық немесе былайша айтқанда, «франк лингвасы» бойынша дамуы бұл – заңды әрі тарихи құбылыс. Орта ғасырларда арабтар барлық батыс еуропалықтарды осылай атады. Шын мәнінде, сол кезеңдерде франктік билік ерекше салтанат құрды. Бұдан кейін француздардың билікке келу кезеңі басталды. Соған орай, барлығы роман тілінде сөйлей бастады. Ал, содан соң бүкіл Жер шарында отар елдері орналасқан Ұлыбританияның билеу кезеңіне ойысты. Бүгінде тарихтың жазуымен бүкіл өркениетті әлем, бірқатар бағалаулар бойынша 1,5 млрд адам осы тілде сөйлейді, өмір сүреді және дамуда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет