Эукариоттар клеткалық құрылымы қалыптасқан бір клеткалы, автотрофты өсімдіктер. Өзінен бұрынғы организмдерден негізгі айырмашылықтары: біріншіден, оның ядросы, цитоплазмасы және т б


-сурет. Улотрикстер класы (Улотриксовые) - Ulothrichophyceae



бет6/20
Дата05.09.2020
өлшемі0,67 Mb.
#77288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
курсовой систематика

1-сурет. Улотрикстер класы (Улотриксовые) - Ulothrichophyceae

1.2.2 Сары - жасыл балдырлар бөлімі – Xanthophyta

Сары - жасыл балдырлар бөлімі 2,5 мыңға жуық түрді біріктіреді. Олар негізінде тұщы суларда, кейде тұзды суларда кездеседі. Сол себептен де бентостың, планктонның да маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сары-жасыл балдырлар топырақ пен да тастың да бетінде өседі. Олардың талломы көп клеткалы жіп тәрізді, клеткаланбаған және т.б. болып кездеседі. Клеткаларының қабықшалары протопектинді, целлюлозасы аз болады. Көптеген жағдайда ядросы біреу, ал клеткаланбаған түрінде ядросы көп болады. Хромотофорында хлорофиллден басқа, талломға сары-жасыл түс беретін каратиноидтар болады. Пиреноидтары болмайды. Қор заттары ретінде шыны майы, кейде лейкозин және валютин түйіршіктері жиналады. Вегетативтік көбеюі клетканың екіге бөлінуі немесе талломдардың бөлшектерінің үзілуі арқылы жүреді.



Жыныстық процесі негізінен изогамиялы, кейде оогамиялы. [3]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет