Әулиекөл ауданыдық мәслихатының


Төтенше жағдайлардан адам шығынын азайту



бет4/9
Дата12.03.2018
өлшемі1,81 Mb.
#38524
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Төтенше жағдайлардан адам шығынын азайту


Аудан аумағында су тасқыны, тұрмыстық, өндірістік және ландшафтық өрттер және қыс мерзіміндегі төтенше жағдайлар болып тұрады.

Елді мекендердің 70 пайыздан астамы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызмет көрсету радиусынан шеткерек орналасқан, ал ең жақын өрт бөлімдерінің ара қашықтығы 30-дан 150-ге километрге дейін құрайды. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің осындай қашықтығы іс жүзінде тұрмыстық өртке шұғыл жылдам әрекет жасауға мүмкіндік бермейді. 5 мыңнан астам және одан да көп адам тұратын екі елді мекенде мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері атымен жоқ.

2010 жылы ауданда 104 тұрмыстық және өндірістік өрт тіркелді, оның нәтижесінде 4 адам қайтыс болды. Өрт сөндіру қызметтері мен апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметшілері 75 адамды аман алып қалды.Мемлекеттің орман қорының 1,5 мың гектардан астамы орман өрттеріне шалдықты, жазық дала алқаптарында және ауыл шаруашылығы жерлерінде өртке шалдығу қауіп-қатерлері бар. 2010 жылы жалпы 810 гектар аумақта, оның ішінде 425 гектар орманды алқаптарда ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерде 5 өрт жағдайы тіркелді.

.Қар қабаттары ұзындығы 27км республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың 5 участкесінде автомобиль көлігінің қозғалысын қиындатуы немесе толық тоқтатуы мүмкін.

Су тасқындарының жағымсыз салдары ауданның 1 елді мекеніне қауіп қатерін төнгізуде.

Төтенше жағдайлардың барлық спектріне төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың аумақтық облыстық кіші жүйесі күштерінің шұғыл әрекет жасау деңгейі құтқару жүйесінің, оның ішінде апаттық-құтқару қызметінің құрылымдарының хабарлау, ақпараттық қамтамасыз ету және байланыс, жеткіліксіз техникалық жарақтандырылуы сияқты құтқару жүйесін салудың аяқталмауына байланысты төмендеуде.

Апаттар мен апаттық жағдайларға қарсы іс-әрекеттер және жою жөніндегі шаралардың кешені олардың көп қаржы талап етуіне байланысты жеткілікті көлемде іске асырылмайды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар мониторингінің жүйесі жеткілікті түрде дамымаған.

Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлімшелері жоқ елді мекендерді өртке қарсы қорғаудың деңгейі төмен.
2.2.3 Ауданның инфрақұрылымдық кешенінің дамуын талдау
Байланыс және коммуникация

Ауданда «Қостанай облысы электрондық әкімдігін құрудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» іске асыру шеңберінде мынадай бағыттар бойынша іс-шаралар орындалды:

техникалық жарақтандыру;

Әулиекөл ауданы әкімінің ресми сайтын құру және жаңарту;

2010 жылдың бірінші жартысында жергілікті байланысты сандандыру деңгейі 96,3%, байланыстың тіркелген желісінің тығыздығы, оның ішінде ауылдық жерде 100 тұрғынға шаққанда – 27,0%, Интернет желісін және кең жолақты мүмкіндікті пайдаланушылардың тығыздығы тиісінше – 6,0 және 4,2 құрайды.

Жергілікті басқарушы органдардың компьютерлік техникалармен техникалық жабдықталуы 90%, Интернет желісіне кіру орташа өткізу қабілеті 256 kb/s байланыс арналарында ұйымдастырылған.

Аудан әкімінің www.auliekol-kostanay.kz ресми порталы қызмет істеуде. Порталда 35 ақпараттық бөлім және 2 интерактивтік қызмет бар, сайлаушылардың «Өзіңді сайлаушылардың тізімінен тап» ақпараттық базасы бар.

Тұрғындарды электрондық үкімет қызметтерінің және әкімдіктің веб-порталына кірумен қамтамасыз ету үшін ауданның әлеуметтік-маңызы бар жерлерінде орналасқан 5 пунктен қоғамдық кіру пунктерінің желісі құрылды. Электрондық үкіметпен жұмыс және электрондық қызметтерді алу жөніндегі пунктердің инфрақұрылымдық дайындығы 100% құрайды .

Тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету мақсатында 2007-2008 жылдары Ақпараттық теңсіздікті төмендетудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауданда 1537 адам, оның ішінде мемлекеттік қызметші – 183, бюджеттіктер және жұмыссыздар – 1039, бюджеттік еместер – 315 оқытылды. Бағдарлама іс-шараларын республикалық бюджеттен қаржыландыруға облыстың адамзат капиталын дамытуға 754 мың. теңге көлемінде трансфеттер бөлінді. Ұйымдастырылған компютерлік сыныптар базасында тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету орталықтары ашылды.

Ауданда ақпараттандыруды дамытудың болашағы:

өңірде ақпараттандыру үдерісінің одан әрі дамуы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуды, әкімшілік тосқауылдар мен ақпараттық ресурстарды қорғаудың қысқаруын болжамдап отыр, атап айтқанда:

мемлекеттік қызметтердің 100%-ы электронды түрге ауысатын болады;

аудан тұрғындарының 56%-ы, мемлекеттік қызметшілердің 100%-ы мемлекеттік электрондық мемлекеттік қызметтерді алу және көрсету шеңберінде компьютерлік сауаттылыққа оқытылатын болады;

Ауданның жергілікті атқарушы органдарында ведомствоаралық және ведомство ішіндегі электрондық құжат айналымының үлесі 100% дейін жететін болады;

мемлекеттік органдардың қолданыстағы және қайтадан құрылатын ақпараттық жүйелерін және ресурстарын тиімді қорғау 100%-ға жүзеге асырылатын болады;

ИИС ХҚО арқылы МЖО мемлекеттік қызметтердің мониторингі 100%-ға қамтамасыз етілетін болады;

тұрғындар көрсетілетін қызметтердің жалпы санынан қызметтердің 20% дейін электронды түрде алатын болады;

электрондық мемлекеттік қызметтермен қанағаттанған пайдаланушылардың үлесі 99%-ға жететін болады;

электрондық сұранымдардың 100%-ы бастапқы өтініште рұқсат алатын болады;

қоғамдық кіру пункттерінің үздіксіз қызмет етуі қамтамасыз етіледі;

Аудан әкімдігі мемлекеттік органдарының Интернет ресурстарына кіру және ашықтығының деңгейі 100%-ға дейін қамтамасыз етілетін болады;

Қойылған міндеттерді шешу үшін мынандай негізгі іс-шаралар іске асырылатын болады:

1. аудандық және ауылдық деңгейде БТС ұйымдастыру және дамыту;

2. 2015 жылға қарай аудандық және ауылдық деңгейлердегі әкімдіктерді қоса отырып, IP-телефонияның аудан ішіндегі жүйесін және видеоконференция жүйесін құру;

3. Компьютерлік, серверлік,желілік құрал –жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту, аудан әкімдігінің серверлік торабын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес құру.

4. Электронды құжат айналымын дамыту және қолдау;

5. Аудан әкімдігінің ақпараттық-талдамалық жүйесін енгізу және құру;

6. «Электронды үкімет» компоненттерімен өзара әрекет;

7. Аудан тұрғындарының арасында компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;

8. Қоғамдық пайдалану пункттерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

9. Құпиялылық, тұтастық және қол жетімділік өлшемдері бойынша ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін бағалау әдісіне және ақпараттық қауіпсіздігі саясатына сәйкес әкімдік мемлекеттік органдарында нормативтік-құқықтық актілерді бекіту;

10.Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының электрондық сандық қолтаңбаларын мемлекеттік қызметшілердің алуын ұйымдастыру;

11.Электрондық түрде әкімдік органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуін қамтамасыз ететін ведомстволық ақпараттық жүйені құру.
Құрылыс

2011 жылғы 1 қаңтарда ауданда құрылыс ұйымдары жоқ. Барлық құрылыс жұмыстарының көлемін басқа өңірлердегі мердігерлік ұйымдар орындайды, негізінен Қостанай қаласынан. 2009 жылы орындалған құрылыстық-мердігерлік жұмыстың көлемі 411 млн. теңгені құрады, бұл 2007 жылы орындалған жұмыс көлемінен 3 есе артық.2010 жылы орындалған құрылыстық жұмыстың көлемі 243 млн. теңгені құрады,

2009 жылы жалпы алаңы 1391 шаршы метр жеке тұрғын үйді пайдалануға берілді, немесе 2007 жылға қарағанда 52,8 пайызға артық.

2009 жылы тұрғын үй құрылысына 44 млн. теңге инвестиция жіберілді. Тұрғын үй құрылысындағы инвестицияның үлесі негізгі капиталды инвестициялау көлемінің 7% құрады.

2010 жығы қаңтарда тұрғын үй ғимаратының жалпы көлемінің 1 шаршы метрінің нақтылы құрылыстық орташа құны 31,5 мың теңге .

Жол мен көлік

2010 жылдың 1 қаңтарында республикалық,облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының желісі 555км, оның ішінде: қара жабындымен – 427км, ұсақ тасты жабындымен – 60км, топырақ жабындымен – 64км құрайды, 4 көпір және 211 су өткізгіш құбырлар бар.

Жолдардың аудандық автожолдар желісі бойынша жөндеу жүргізу мерзімдерінің нормативтеріне жету үшін жыл сайын қара жабындыны –5 км-ге, ұсақ тасты жабындыны–10км-ге күрделі жөндеу жүргізу, қара жабындыны –10км-ге және ұсақ тасты жабындыда–12км-ге орташа жөндеу жүргізу қажет.

Аудандық маңызы бар жолдар:«Лаврентьевка-Первомайский-Приозерное-Б. Чураковка», «Новонежин-Октябрь-Тимофеевка», «Октябрь-Дәңгірбай», «Семиозер орман шаруашылығы-Миалы ауылы», кіреберістер 72-разъезге, Құсмұрын поселкесі мен Аманқарағай селосы стансаларына, Шобанкөл, Харьковка, Әулиекөл, Шағала аудандық маңызы бар жолдар III – IV техникалық санатқа жатады, ал Семиозер орман шаруашылығы мен Миалы ауылдық елді мекендерге кейбір кіріс жолдар V техникалық санатқа жатады.

Саланың негізгі техникалық мәселесі – жол жабындыларының жүру қабілеттіліктерін жоғалтуы. Ауданда жолдардың үлкен бөлігі автомобильдің өсіне жүктеме 6 тоннадан жоғары бекітілмеген кезде 60-80 жылдары жобаланған және салынған. Бүгінгі күні өске түсетін салмақ 10-12 тоннаға дейін жетеді. Тек қана осы салмақтан асып кететін үлкен жүк көлігінің облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бойынша ақырындап қозғалуы олардың одан әрі бұзылуынан сақтайды.

2009 жылдың соңында аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының ақаусыздық көрсеткіші 44,1% құрады.1көпір қауіпті жағдайда тұр және күрделі жөндеуді қажет етеді.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жүк және жолаушыларды тасымалдаудың 50% дейін тиесілі.

Аудан экономикасының тұрақты дамуы үшін көлік-коммуникациялық желіні жаңарту қажет. және аудандық маңызы бар қатты жабындымен қапталған автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізу және қайта жаңғырту; жабындылардың түрлерін жетілдіру; жол жиегіндегі автоқызметтердің деңгейін дамыту.

Аудан аумағынан республикалық негізгі Р-36 ұзындығы 97км көлік дәліздері өтеді. Астана – Қостанай – Челябі – полимагистральдік байланыстар.

Жүк тасымалдау ішкі республикалық бағыттарда, тікелей поездар тек қана Алматы қаласына жүзеге асырылады. Аудан аумағында үш темір жол: Құсмұрын поселкесі, Аманқарағай мен Қазанбасы селоларының стансасы бар.Жолдарды пайдалану қашықтығы 63км, стансаларды 53,15км.

Жолаушылар тасымалдаушылары кәсіпорындар және кәсіпкерлер жүзеге асырады.

2009 жылы жолаушыларды тасымалдау 1,3 млн. адамға көбейді, ал 2010 жылы 2009 жылғы деңгейде қалды


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Газбен жабдықтау

Әулиекөл ауданының тұрғындары 25кг және 50кг сұйытылған газды баллонды пайдаланады.Жылына көлемі орташа 72990 баллонды құрайды.


Электр энергетикасы

Аудан бойынша 2009 жылы электр энергиясын пайдалану көлемі 34,5 млн. кВтс құрады.

Ауданды электрмен жабдықтауды кәсіпорындар: «ҚостанайЭнергосервис»,«ЭПК forfait» ЖШС жүзеге асырады.

Электр желілерінің жалпы ұзындығы –729км жуық, аудан аумағында кернеулігі 378 РП, ТП, КТП 6-10/0,4 кВ құрайтын желілері бар.

Аудан энергетикалық көмір қорларына бай. Электр энергиясының тапшылығын жабу үшін экспорттық әлеуетті ұлғайту үшін қара көмір кен орындарын пайдаланып, ауданаумағында отын-энергетикалық кешенін салудың, оның ішінде «Приозерный» разрезінің базасында қуаттылығы 2000 МВт Торғай (Құсмұрын) ЖЭС салу мақсатқа лайық. 2009 жылы «Энергия» институты қуаттылығы 2000 МВт Торғай ЖЭС құрылысының мақсатқа лайықтылығын дәлелдейтін техникалық-экономикалық зерттеуді өткізді.

Осы жобаны іске асыру ауданның тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын ұзақ мерзімге қамтамасыз етуге, қосымша жұмыс орындарын құруға, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Энергетикалық жабдықтардың қатты тозуы облыс энергетиктерінің негізгі проблемасы болып табылады,пайдаланудағы электр жабдықтарының тозуы ВЛ-10 кВ – 56,1%, ВЛ-0,4 кВ – 93,6%, КЛ-10-0,4 кВ – 78,8% құрайды.

Қолданыстағы электржелілік шаруашылықтың тозуы жаңа қуаттарды енгізу қарқынынан асып түседі, бұл жабдықтардың апатты ақаулары санының ұлғаюына және желідегі техникалық ысыраптарға әкеліп соғады.

Электр энергиясын тұтыну деңгейінің өсуі байқалуда.

Энергияны сақтау

2008 жылы облыстық мәслихаттың шешімімен «Қостанай облысының 2008-2015 жылдарға арналған энергия сақтау» өңірлік бағдарламасы әзірленді және бекітілді.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мыналар орындалды:өңірлік «Жаңа қуаттарды енгізуді ескере отырып, 2030 жылға дейін болашағы бар 2015 жылға дейін Әулиекөл ауданының электр желілерін дамыту сұлбасы».

Энергия сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бірі есептеу құралдарын орнату болып табылады. Бүгінгі таңда есептеу құралдарымен қамту – 56,3% құрайды және 2015 жылға дейін 98% құрайтын болады.



Жылумен қамтамасыз ету

Жалпы аудан бойынша 12 орталық қазандық және 321 автономды жылу беру жүйелері бар. Екі село мен бір поселке орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүзеге асырылады.Аудандағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 21,6км, оның ішінде айырбастауды қажет ететін желілер пайызы – 54,8%.

Ауданның жылу көздерінің негізгі түрі көмір болып табылады. Ауданның орталығы Әулиекөл селосында жылумен қамтитын «Мерей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып табылады,оның құрамына екі қазандық енеді. Жылу көздерінің жалпы жылу қуаты 1.9Гкал/сағат.

«Құсмұрын ЖЭК» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып табылады,оның құрамына бес қазандық енеді - №1,№2,№3,№4 және Аманқарағай селосының қазандығы. Жылу көздерінің жалпы жылу қуаты 4,98 Гкал/сағат.



Сумен жабдықтау

Ауданда 12 су құбыры бар 6 сумен жабдықтау кәсіпорны жұмыс істейді. Су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы 303,15км, олардың ішінде таратушы желілер – 2 29,55км құрайды,25,8 % айырбастауды қажет етеді. Сумен жабдықтау көздері жер асты ұңғымалары мен шахталық құдықтар болып табылады.Аудан тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 28% қамтылған. Он екі елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау бар, қалған 30 елді мекенде ауыз суға шахталық құдықтар мен жеке ұңғымаларды пайдаланады.

«Қостанай облысының 2006-2010 жылдарға арналған ауыз суы» өңірлік бағдарламасының шеңберінде 2007 жылдан 2010 жылға шекті ауданда үш инвестициялық жоба іске асырылды. Москалев сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңғыртуға 399,411млн.теңге бөлінді, Құсмұрын поселкесі сумен жабдықтау жүйесіне 444,663млн.теңге игерілді.

Жалпы «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру ауданда сапалы ауыз суды пайдаланытын ауылдық елді мекендерде тұрғындардың санын (21517 адам) ұлғайтуға әсерін тигізді. Ауданның қаалған су құбырларының қалыптасқанына 25-30 жыл болды. Алайда бірнеше проблемалардың қатары байқалып отыр, олардың ең маңыздысы ауылдық және қалалық жерлерде желілер тығыздықтарының үлкен сәйкессіздігі, бұл ауыз суды тұтынудағы үлкен айырмашылықты және суқұбырларының жоғары деңгейде тозғанын көрсетіп отыр.

2009 жылдың қорытындылары бойынша ауданның коммуналдық кәсіпорындары тұрақты қызмет атқарды.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі кәсіпорындарында кәсіпорындарда жалақының аздығынан қызметкерлердің келіп-кетуі байқалып отыр. Аудандағы коммуналдық сала кәсіпорындары мен шаруашылық субъектілері орта дәрежелі жұмыскерлерге тапшы, бұл ретте техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектері ТКШ кәсіпорындарындағы жалақының және беделдің болуына байланысты басқа салаларда жұмыс істеуге ұмтылуда. ТКШ-тағы бәсекелестікті шектейтін негізгі факторларға мыналар жатады: коммуналдық инфрақұрылымның жоғары деңгейде тозуы;ауданды газдандыру дәрежесінің төмендігі; энергия тапшылығы.

2.2.4. Ауылдық аумақтардың дамуын талдау, экология

2010 жылдың басында ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі мынадай болды:

Бір поселке,төрт село ,он селолық округ. Тұрғындардың тығыздығы – бір шаршы километрге 4,3 адам. Тұрғындар тығыз орналасқан: Құсмұрын поселкесі мен Әулиекөл, Аманқарағай селосы. Ауданды тұрғындар саны 50-ден аз адамы бар ауылдар бар: Шағала, Бұлақсор, Торғай бұғазы, Қарағансай, Жилгородок.

Аудан аумағында ірі темір жол станса болып табылатын Құсмұрын поселкесі орналасқан. Бұдан басқа, Аманқарағай селосы мен Қазанбасыда темір жол стансасы бар.

Аудандағы 2002-2009 жылдары тұрғындар санының серпіні теріс болып, тұрғындардың саны 52943 адамнан 47554 мың адамға азайды.2009 жылы миграциялық сальдо теріс болды және 505 адамды құрады.

8-кесте


Халықтың көп жиналу өлшемі бойынша кенттік шоғырлану нысандарына қарасты Әулиекөл ауданы елді-мекендерінің сипаттамасы

Елді мекендер

Сипаттама

Сынып-тамасы

Сандық көрсеткіштер

2010 жылғы 1 қаңтардағы тұрғындар саны, адам

Түр ерекшеліктері

Құсмұрын поселкесі

Тар шеңберде мамандандырылған поселке

Үлкен

5 мыңнан 10 мыңға дейін адам

8883

Ауылдық құрылыс және тұрмыс

Әулиекөл селосы

Көпқызметті село

Үлкен

10 мыңнан астам

12113

Ауылдық құрылыс және тұрмыс

Аманқарағай селосы

Көп қызметті село

Үлкен

5 мыңнан 10 мыңға дейін адам

7053

Ауылдық құрылыс және тұрмыс

Орташа ауылдар саны 34



Орташа

5 мыңға дейін адам

19403

Ауылдық құрылыс және тұрмыс

Шағын селолар саны-5




Шағын

50 адамнан кем

102

Ауылдық құрылыс және тұрмыс

2009 жылы ауданда 42 елді мекен болды. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша 5 ауыл жоғары әлеуетті даму деңгейіне, 36 – орташа және 1 – төмен, 4 сонымен қатар 5 ауыл – тұрғынының саны 50 адамнан төмен келеді.

Ауылдың тұрмысын көтеруге жақсы жағдайлар жасау үшін ауыл тұрғындарын әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шаралары іске асырылуда. Білікті мамандарды тарту мақсатында педагог, медицина, ветеринария, мәдениет, спорт мамандарына тұрғын үй алуға несие және көтерме жәрдемақы бөлінеді.

Сонымен қатар, ауылдық жерлерде әрі қарай шешуді қажет ететін проблемалардың бірқатары бар:



Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

2009 жылы тұрғындар өмір сүріп жатқан 42 елді мекен ауыз суды пайдаланды:

сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесінен 12 АЕМ немесе 28,6%-ы ауыз суды пайдаланып отыр. сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылмаған жүйесінен 30 АЕМ немесе 71,4 %-ы ауыз суды пайдаланып отыр.

Сумен жабдықтау проблемасын шешу үшін 2007-2009 жылдары республикалық және облыстық бюджеттен Әулиекөл селосы, Москалев және Құсмұрын песелкелері су объектілерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға қаражат бөлінді.



Ауыл балаларын мектептермен қамтамасыз ету

Ауданның 9 елді мекенінде жалпы білім беру мектептері жоқ, оның ішінде 1 село–мектеп жасындағы балалар жоқ, 8-і- жақын жатқан мектепке дейін 3км қашықтықта орналасқан, 194оқушы тасымалданады.Осы ауылдық елді мекендерде бастауыш мектептер жоқтығының негізгі себептері болашағы жоқ ауылдар,тұрғындардың кетуі, оқитын контингенттердің төмендігі,жақын мектептерге апарып салудың ұйымдастырылмауы болып табылады.



Денсаулық сақтау

Ыңғайластырылған жайларда 22 медицина мекемелері орналасқан (жалпы санның 61,1%).

7 ауылдық елді мекенде, олардың ішінен тұрғындарының саны 50 адамнан аспайтын 5 ауылдарда денсаулық сақтау объектілері жоқ. Жақын маңдағы медициналық мекемеге дейін арақашықтық 5км аспайтын, тұрғындарының саны 50 кем 45 АЕМ-де медициналық мекеме қажет емес.

Мәдениет және спорт

16 ауылдық елді мекенде мәдениет объектілері бар, 26-да–жоқ, олардың ішінен саны 50 адамнан аспайтын 5 село, ал 21 ауылдық елді мекенде халық саны 100 адамнан астам. ауылдық елді мекенде клубтармен қамтылуы 38%, кітапханалармен қамтылуы – 69% құрайды.

Мәдениет объектілерінің толық қызмет етпеуінің жалпы проблемалары ауыл тұрғындарының аздығы, шалғайда жатқан ауылдарды мәдени-ағарту іс-шараларымен қамтамасыз ету үшін автокөліктердің, сонымен қатар мәдениет мекемелерін қалпына келтіруге, тарих және мәдениет мүсіндерін қалпына келтіруге, мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуге бюджеттік қаражаттар мен шаруашылық субъектілерінің қаражаттарының жетіспеушілігі.

Аудан аумағының қала құрылысын жоспарлау

Қазақстан Республикасының «2005-2007 жылдары «Электрондық үкімет» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспары» 8 тармағын іске асыру мақсатында 2008 жылдың маусым айының соңынан бастап ауданда «Атаулы тізім» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқудан өткен және жабдықтар алған мамандар өзекті атаулы деректерді толтыру жөнінде жұмыстар жүргізуде. 2010 жылдың 1 қарашасына жұмыстың нәтижелері – ауданның барлық тіркелген ғимараттары мен құрылыстарының 91%-ы.

Қалақұрылыстық қағидаттарға жаңа жолдарға сәйкес заңнамалық және нормативтік базалармен сәулет және құрылыс, экономика және көлік, экология сияқты көптеген тіршілік қызметі салаларын және тіршілік ету ортасын қалыптастырушы басқа да мәселелерді қозғайтын тиісті басты жоспарлардың ережелерін қолдану мүмкін болмай бара жатыр. Аудан орталығында басты жоспарлар жоқ, аумақтың құрылысы жетпісінші жылдары әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген жоспарлау жобасының негізінде жүзеге асырылады. Құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес басты жоспарлар 10-15 жылға әзірленеді.
Экология.

Атмосферадағы ауа қоршаған ортаның басты және аса маңызды құрамының бірі болып табылады, ол өңірлік климат жүйесіне елеулі әсер етеді. Атмосферадағы ауаны ластайтын 30 кәсіпорынның 3 тазалайтын құралдармен жабдықталған. 2009 жылы ауданның кәсіпорындары атмосфераға 3,6 мың тонна ластайтын заттар шығарды.

Зиянды заттардың көп мөлшерде шығуы негізінен ластайтын көздердің ауаны тазарту бойынша құралдармен жеткілікті жабдықталмауына байланысты, жабдықталған көздердің мөлшері 10% құрайды.

Су ресурстарын қорғау

Аудан ылғалдануы жеткіліксіз жерде орналасқан және жылдық орташа атмосфералық жауын-шашын мөлшері 240-280 мм құрайды. Өзен желісі нашар дамыған, сондықтан жер бетіндегі су қоры аз мөлшерде. Өзен желісі сирек. Ауданның аумағында – Обаған, Ащы, Шилі өзендері ағады. Ауданда көлемі шағын көптеген көлдер бар. Олардың ең ірілері Торғай бұғазында орналасқан – Құсмұрын, Қойбағар, Ноғайкөл, Ревуль, Шилі және басқалары. Ауданның су ресурстарының жалпы көлемі 11569 га, немесе ауданның жалпы көлемінің 1% құрайды.

Гидробиологиялық талдау көрсеткендей, өзендер мен көлдер олардың ластану дәрежесіне қарай екінші класқа жатады – таза.

Жер ресурстарын қорғау

Жер қатынастары бөлімінің мәліметтері бойынша ауданның жер қоры 1110,9 мың гектарды құрайды.

Жер санаттары бойынша жер қорының құрылымы келесідей:

ауыл шаруашылығына арналған жер – 669,7 мың гектар;

елді мекендердің жері – 97,8 мың гектар;

өнеркәсіп және көліктік 2,9 мың гектар;

мемлекеттік қор – 228,8 мың гектар.

Жер құрылымында ауыл шаруашылығына арналған жалпы көлемі 968,3 мың гектар немесе ауданның жалпы көлемінің 87,2%.

Ауданның кең өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметі иесіз және бұзылған жерлердің илеулі аумағына, аршылған жыныс түріндегі қалдықтардың көп көлемде болуына, атмосфераны ластайтын заттар шығаратын үйінділер, төгілетін материалдардың және басқалардың қоймаларына, сонымен қатар каръерлік су шығаруына байланысты.

Өндірістің қалдықтарын пайдалану және тұтыну.

Қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін қалдықтардың жиналу деңгейін тұрақтандыру қажет. Ол үшін өнеркәсіптік қана емес, шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарындағы тұрмыстық қалдықтардың есебін дұрыстау болжануда. Тұрмыстық қалдықтарды жинау, сақтау және іске жарату, жеке секторды тұрмыстық қалдықтарды жинау бойынша түгелдей қамту, полигондарды экологиялық талаптарға сәйкес ұстау. 2007-2010 жылдары ауданда қорланған тұрмыстық қатты қалдықтарды түгендеу жүргізілді (әрі қарай - тұрмыстық қатты қалдықтар). Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары – қоқыс орындарында 2009 жылы 48433 куб. метр қалдық жиналған. Тұрмыстық қатты қалдықтардың негізгі массасы құрамын бөлместен ашық қоқыс орындарына шығарылады және жиналады. Тұрмыстық қатты қалдықтардың орналасқан аумағы – 53 гектарды алып жатыр. Аудан орталығы мен Құсмұрын поселкесінде контейнерлік алаңдарда арнайы автокөлікпен қоқыс шығарылады, бұл қоршаған ортаны қорғау қызметінің тұрмыстық қалдықтарды шығару және жинау, олардың қоршаған ортаға өзара әсерін бақылауға алуға мүмкіндік береді. Ауданның аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарды көму және шығарумен «Әулиекөл-Сервис» МКК айналысады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары реформаланғаннан кейін тұрмыстық қатты қалдықтардың полигондары селолық әкімдіктердің қарамағына берілді. «Әулиекөл-Сервис» МКК селолық әкімдіктермен шарт жасасты және округтардағы ұйымдастырылмаған қоқыс орындарын жою бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді. 2112 тонна қоқыс шығарылды және көмілді.

Өсімдіктер әлемі және жан-жануарлар дүниесі

Ауаның ластануын азайту үшін жасыл ағаштар елеулі рөл атқарады. Орман жолақтары мен саябақтар ауаның температурасына, ауаның ылғалдығына және желдің жылдамдығына ықпал етеді, ауаның шаңмен ластануын тежейді.

Ауданның орман қорының жалпы көлемі 80558 гектар. Орманның жалпы көлемі 71100 гектар.

Ауданның аумағында – 6 өзен және 21 көл. Су-батпақ жердің жалпы көлемі 380 мың гектарға тең болады, оның ішінде – 11,5 мың гектар.

Жануарлар дүниесінің 334 түрі бар: оның ішінде сүт қоректілердің – 44, құстың – 261, рептилийдің – 3 және балықтың – 23 түрі.

Ауданда 150 гектар ерекше қорғалатын табиғат аймағы бар, оған:

Әулиекөл селосына таяу орналасқан көктерек-қайын шоқ ормандары шәңкішпен;

Құсмұрын көліне таяу жерде қандыағаш, «Большая гора» тоғайы;

Көктал селосына таяу жерде талды өскіндер сирек орманымен.

Ауданның аумағында 4 аңшылық шаруашылығы бар, оның ішінде: қоғамдық аңшылар бірлестігі.



2.2.5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті талдау

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істердің жағдайына жауапты жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жүзеге асырады.

«Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және кадрлар жұмысы бөлімінің деректеріне сәйкес 2010 жылдың 1қазанындағы жағдай бойынша аудан мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 269 бірлікті, оның ішінде саяси–16, әкімшілік – 253 бірлікті құрайды. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны 139 құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 43,5 жасты құрайды. Зейнетке жақын жастағы қызметкерлер – 1, шарт бойынша істейтін зейнеткерлердің саны – 1. 214 адамның жоғары білімі бар. 52 адамның орта кәсіптік білімі, 3 – орта білімі бар.

Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 186 адам, орыстар – 65, басқа ұлттар – 18. Аудан бойынша мемлекеттік қызметтегі орташа жұмыс өтілі 11,5 жылды, лауазымы бойынша – 6,9 жылды құрайды.

Аудандық мәслихаттың 14 депутаттан 21,4%-ын әйелдер және 78,6%-ын – ер адамдар құрайды. Аудандар әкімінің 3 орынбасарынан – 1 әйел, поселке, село және селолық округтердегі 15 әкімнен – 2 әйел бар.

2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауданда 34 мемлекеттік орган жұмыс істейді, оның ішінде мынандай санаттар бойынша: аумақтық – 1, облыстық – 3, аудандық – 15 және ауылдық – 15.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру мен дамыту, электронды әкімдікті электронды үкіметтің жалпы жүйесінде жаңғырту, электронды түрде көрсетілетін қызметтің үлесін көбейту, мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы көлемінде , электронды әкімдіктің материалдық-техникалық базасы мен инфрақұрылымын нығайту есебінен мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігі жетілетін болады. Компъютерді пайдалануды оқыту есебінен 2015 жылғы тұрғындардың біліуі 56 %-дейін болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет