Италия және Швецияда инклюзивті білім беру тәжірибесі.Көптеген мамандардың пікірлері бойынша, Италия қалған дүние жүзіне инклюзивті білім берудің зертханасына айналды. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап, осы елдегі арнайы мектептер мен сыныптардың оқушыларының көпшілік бөлігі, жалпы білім беру жүйесіне интеграцияланды.
1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші Заң пайда болады. 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың белгілі нормативтерін құрастырған Заң қабылданды:
o Сыныптағы балалардың ең көп саны – 20;
o Дамуында ерекшеліктері бар балалардың сыныптағы ең көп саны – 2;
o Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша арнайы іс-шаралар, сыныптағы сабақтың мазмұнына «енгізілген»;
o Арнайы бағдарламалар бойынша оқитын сыныптар қысқартылады;
o Арнайы педагогтар қалыпты мектеп мұғалімдерімен командаға бірігеді;
o Педагогтардың екі категориясы сыныптың барлық оқушыларымен өзара әрекетке түседі.
Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі барлық балалардың 99%-ы жалпы білім беретін мектепте оқиды. Оларға «қолдау мұғалімі» (тьютор) көмек көрсетеді.
Қарапайым сыныпта қолдау мұғалімінен арнайы көмек алу үшін, бала дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу ата-аналардың келісімімен бір жылға жүзеге асырылады, бұл мерзім аяқталғаннан кейін, арнайы көмекті ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданады.
Дания, Норвегия, Финляндия, Нидерланды,Греция, Үндістандағы инклзивті білім беру тәжірибесі. Дания: Данияда арнайы мектеп-интернатта күрделі эмоционалды ауытқуы бар балалар, ал арнайы мектепте – ақыл-ойында кемістігі бар балалар оқытылады, ал қалған балалар үшін жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптар ашылған. Данияның арнайы білім беру саласындағы саясаттың стратегиялық бағыты ретінде интеграция алынады.
Норвегия: Норвегияда интеграция үдерісі 80-жылдары басталды, 90-жылдардың басында арнайы мектептер қысқартылған болатын, оларға мүмкіндігі шектеулі балалардың бір пайыздан аз балалар барады.
Финляндия: Финляндияда ұзақ уақыт бойы арнайы мектептер мен жалпы білім беретін мектептің жанындағы арнайы сыныптардың параллельді жүйесі болды. 80-жылдардың соңынан бастап, арнайы білім беру саласындағы мемлекеттің саясатындағы негізгі бағыт ретінде интеграция алынды.
Нидерланд: Нидерланды үкіметі 90-жылдардан бастап, мүмкіндігінше арнайы және жалпы білім беруді біріктіруге, интеграциялық тұғырларды «Мектепке бірге барамыз» атты мемлекеттік Жоба арқылы ендіруге тырысады, аталған жобаны мақсаты ретінде, жалпы білім беретін мектеп жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық көмекті қамтамасыз ету; арнайы мектептің оқушылар санын тұрақтандыру; ақыл-ойында кемісітіг бар және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептің санының өсуіне кедергі келтіру алынды. Нидерландыда, Бельгияның Фламанд аймағындағыдай, арнайы мектептердің жүйесі жақсы дамыған, бірқатар ғалымдар бұл деректі инклюзивті білім берудің дамыту үшін күрделі кедергі болатынын атап көрсетеді.
Греция: Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балабақшалар мен мектептерге интеграциялау идеясы, Грецияда алғаш рет 1974 жылы ұсынылды. Алайда, көптеген басқа елдермен салыстырғанда, интеграция үдерісін бастау туралы шешім, педагогтар мен ата-аналардың қысымының нәтижесінде емес, соған сәйкес заңнаманың пайда болуымен қабылданды.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Руководящие принципы политики в области инклюзивного образования. Париж, ЮНЕСКО, 2009 г
2. Бгажнокова И.М. «Школа для детей с нарушениями интеллекта: тенденции перспективы развития» Дефектология 2004 ж
3. http://bilim-all.kz/article/7066
4. https://studopedia.info/2-21424.html
5. https://ust.kz/word/set_elderdegi_inklyuzivti_bilim_bery-91053.html