Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ)



бет1/3
Дата29.12.2021
өлшемі27 Kb.
#105998
  1   2   3
Байланысты:
Үлестірме материал
sabaq-kz attachment sor.-soch.-bzhb.-tzhb-fizika-8-synyp, Үлестірме материал

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады.

ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок (Ad hoc) ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Ұйым қырғи-қабақ Соғыс кезінде Батыс — Шығыс форумы ретінде құрылған.

Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29—30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет