Рыцарлық әдебиет. ХІ-ХІІ ғғ. Батыс Европада феодалдық қоғамның үстем табы біржолата құрылды. Рыцарьлар енді әскери-феодалдар ақсүйектердің ерекше ұйымына айналды. Олардың өздерінің жазылмаған заңдары, дәстүрлері, жүріс-тұрыстың ережелері (қағидалары), абырой мен айыбының идеалдары болған. Сол заң бойынша рыцарь ер жүрек, әділ, адал, мейрімді, мырза адам болуы керек. Ол шіркеуді, әлсіз, әйел адамдарды, жетімдерді қорғау керек, өз қожайына (сюзеренге) адал еңбек ету керек және бөтен діндегі адаммен күресу керек. ХІІ-ХІІІ ғғ. (рыцарьлар поэзиясының) осы идеалды шығаруда рыцарьлар поэзиясының ролі орасан зор болды.
Рыцарьлар әдебиеті әсіресе Францияда өркендеді, ол басқа европа елдерінің әдебиетіне өнеге болды.
Францияда ХІІ ғ. – ғылымның гүлдену кезеңі 1200 ж. Париж университеті құрылады. Ол ғылымның ірі орталығы болады. Әдебиетте әсіресе Аристотель, Вергилий, Овидий, Цицерон еңбектері оқылады.
Рыцарьлық әдебиет өз мүмкіндіктерін әсіресе лирика мен романда толық пайдаланды.
Ұлы Карл империясының күйреуінен кейін Францияның оңтүстігіндегі Прованс облысы солтүстіктен саяси тәуелсіз болды. Онда латын тілінен өз бетімен провансаль тілі өркендедеі. Ол сол кездегі әдеби тілдің дамуы болды. Прованс әдебиеті барлық халықтарға үлгі өнеге болды. Рыцарь идеалы бәрінен бұрын осы Прованста пайда болды.
Рыцарьлар лирикасының халық өлеңдерінен үлкен айырмашылығы болды. Рыцарьлар лирикасының ерекше техникасы мен шеберлігі көрінеді. Прованс ақынды трубадур деп атаған. (трубадур – табу). Олар өлеңдерінің стиліне, әсіресе көркемдік формасына үлкен мән береді.
Сонымен қатар трубадурлар лириканың сан алуан түрлерін шығарған. Солардың негізгі түрлері: кансона (сүйіспеншілік өлеңдері), сирвента (саяси тақырыпқа жазылған өлең), тенсона (екі ақынның арасындағы мораль, әдеби т.б. тақырыпқа дауласу). Пасторелдер мен альбалар ерекше орын алады.
Трубадурлар арасында 30 шақты әйелдер болған.
Трубадурлар лирикасында жиі кездесетін сөздер – «қуаныш», «шаттық», «жастық». Негізгі тақырыбы – махаббат, соның ішінде бұл күйеуге шыққан әйелге сүйіспеншілік.
(Труба) Біздерге дейін трубадурлардың өлеңдерінен басқа ХІІІ ғ. құрылған олардың өмір-баяндарының жинағы жетті. Солардың ішіндегі ең әйгілі трубадурлар – Бернарт де Вентадорн және Бертран де Борн. Біріншісі махаббат тақырыбына, екіншісі – саясат тақырыбына жазған.
ХІІІ ғ. провансаль лирикасы төмендейді. Оның орнына қалалық поэзия келеді.
Жалпы прованс лирикасы европа поэзиясының негізін салушы болды.