Француз батырлар жыры. Батырлар жыры туралы материал әсіресе Францияда жақсы сақталған. Бұл шығармалар жүзге жақын поэма түрінде сақталған. Олардың ең көне түрлері XI ғ. аяғында, соңғылары XIV ғ. жазылған.
Француз эпосының негізгі мазмұнын үш тақырыпқа бөлуге болады: 1) елін қорғау (мавр, норман, сакс жауларынан); 2) корольге адал қызмет ету; 3) қанды феодалдық шайқастар. Алдыңғы екі тақырып мейрімді және дана корольдың бейнесімен байланысты. Көптеген поэмаларда бұл король Ұлы Карл болып аталады. Карл поэмаларда шындыққа жатпайтын бейне: ол әрқашан мейірімді, әділ, ұрыстарда жеңімпаз, сатқындарға қатал король болып бейнеленеді.