Эволюциялық ілім



бет45/57
Дата08.02.2022
өлшемі344,5 Kb.
#117242
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
Байланысты:
10200-evolyutsiyaly-ilim

Мезозой заманы. Бұл орта ғасырда тау түзілу әрекеті көптеген аймақтарды қамтып, климат әлдеқайда құрғақ болып, құрлықтың көлемі арта бастады. Бұл заман үш кезеңді біріктірді: триас, юра, бор.
Триас. Жануарлар тарихында мезозойды жорғалаушылар заманы деп атайды, өйткені сумен байланысы бар ағзалар тіршілігін жойып, олардың орнына нағыз құрлыққа бейімделген өсімдіктер мен жануарлар келді. Шаңжапырақ тәрізділерді жалаңаш тұқымды өсімдіктер, қосмекенділерді бауырмен жорғалаушылар ығыстырып шығарды. Бауырмен жорғалаушылар эволюциясы күшті қарқынмен дамып, олар барлық тіршілік орталарын игеріп алды.
Бұл дәуірдегі аса маңызды ароморфоз – жабықтұқымды өсімдіктер мен алғашқы қарапайым сүткоректілердің шығуы болды.
Юра кезеңінде жылы теңіздерде бірқатар басаяқты былқылдақденелілер өкілдері аммониттер мен белемниттер және теңіз бауырымен жорғалаушылары ихтиозаврлар мен плезиозаврлар тіршілік етті. Осы уақытта тіршілік еткен археоптерикс құстардың шығуына жол ашты.
Бор кезеңінде жалаңаштұқымды өсімдіктер көптеп жойылып, жабық тұқымдылар кең өріс алып, жер бетіне тарала бастады. Климат одан ары салқындап теңізден келетін ылғалды желді тау жоталары бөгеп, теңіз суы кейін шегініп, өсімдіктер қурап азая түсті. Сөйтіп мезозой заманының аяқ шенінде жер бетін, суды мекен еткен алып бауырымен жорғалаушылар сыртқы орта жағдайының қолайсыздығынан жойылып, олардың орнына құрылым дәрежесі әлдеқайда жоғары омыртқалылар – құстар мен сүткоректілер келіп шықты.
Кайнозой заманы. Бұл жаңа тіршілік заманында осы кәзіргі кездегі флора мен фаунаның қалыптасу әрекеті жүрді. Кайнозой екі кезеңді біріктіреді – үштік және төрттік кезеңдер.
Үштік кезеңнің алғашқы жартысындағы жылы климат тропиктік және субтропиктік флораның кең өріс алуына мүмкіндік тұғызды. Мәңгі жасыл қылқанды жапырақты ағаштардан тұратын ормандар жойылып, қысқа қарай жапырағын түсіретін жалпақ жапырақты ағаштармен алмасты. Бірте-бірте шөптесін өсімдіктер, әсіресе астық тұқымдас өсімдіктер таралған, ашық далалы жерлер пайда болды. Міне, осы кезде бунақденекоректі сүткоректілерден приматтар отряды бөлініп шығып, одан әрі адам тәрізді маймылдар мен адамның қалыптасуына жағдайлар туа бастады. Ормандардың азаюына байланысты адам тәрізді маймылдардың кейбіреулері қалың орманның ішінде қалса, кейбір түрлері ағаштан жерге түсіп ашық далаларды мекендеді. Үштік дәуірінің соңында бұлардан адам пайда болды.
Төрттік кезең. Жер бетінде тіршіліктің дамуының ақырғы кезеңі. Бұл кезеңге тән сипат-бірнеше рет мұз басуды басынан өткізу. Мұз басудың нәтижесінде бірқатар ірі сүткоректілер жойыла бастады. Оларға мысалы, үнгір аюы мен үнгір арыстаны, алып құндыз, жүнді керік, қылыш тісті жолбарыс т.б. жатады. Осындай өліп біткен жануарлардың қазба қалдықтары Қазақстан территориясынан да көптеп табылды. Ірі топтағы сүткоректілердің жойылып кетуін ғалымдар алғашқы адамдардың аңшылық іс-әрекеті мен климат жағдайларына байланысты деп жорамалдайды. Ұсақ жануарлардың көпшілігі суықтан інге немесе ұяға тығылу арқылы көптеп сақталып қалды. Мұндай сүткоректілердің көбею мерзімдері қысқа қатаң климатқа бейімделуге ыңғайлы болды. Бертін келе жануарлар мен өсімдіктер әлемі кәзіргі қалыпқа келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет