Эволюциялық ілім



бет47/57
Дата08.02.2022
өлшемі344,5 Kb.
#117242
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57
Байланысты:
10200-evolyutsiyaly-ilim

12 лекция - Адамның шығу тегі
Дәрістің мақсаты: Адамның шығу тегіне арналған оқымыстылардың көзқарастарымен, антропология ғылым саласымен, адамның шығу тегін дәлелдеудегі салыстырмалы анатомиялық, эмбриологиялық дәлелдемелермен таныстыру.
Сұрақтар:

  1. Адамның шығу тегі туралы мәселе

  2. Қазіргі систематикадағы жүйелеу бойынша адамның орны

  3. Антропогенездің қозғаушы күші

Адамның шығу тегі туралы мәселе ерте кездерден бастап-ақ жұрттың назарын аударып келді. Ол туралы көптеген ой пікірлер айтылды. Жаратылыстану ғылымының дамуына сәйкес және қоғамның өркендеуіне байланысты адамның арғы тегі жайлы түрліше тұжырым қортындылар жасалды. ХҮІІ ғасырдың бас кезінде жиҺанкездер, саяхатшылар адам тәрізді маймылдар туралы және олардың адамға ұқсастығы туралы алғашқы хабарларды дерек ретінде жинақтай бастады.
К.Линней 1735 жылы жарыққа шыққан “табиғат жүйесі” деген еңбегінде адамды сүткоректілер класының приматтар отрядына шала маймылдар және маймылдармен бір топқа жатқызды. Бұл ғылыми тұрғыдан әрі дұрыс, әрі орынды жүйе болатын.
Ж.Б.Ламарк адамның ағаштарға өрмелеуден, жерге жүруге ауысқан маймыл тәрізді ататектен шығуын және маймылдар мен адамдар арасында өтпелі аралық форма болуы мүмкін деген батыл болжам айтқан. Денені тік ұстап жүруге байланысты қолдың босап, оның еңбек құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Топтанып тіршілік ету салдарынан бірте-бірте сөздің дамуына жағдай жасалды.
Ч.Дарвин 1871 жылы щыққан “Адамның шығу тегі және жыныстың сұрыпталу” деген еңбегінде адамның тіршіліктің тарихи даму тізбегіндегі ең соңғы, әрі жоғары сатыдағы буын екенін және адам тәрізді маймылдармен арғы ата тегінің бір тармақтан таралғанын сенімді түрде дәлелдеп берді. Ч.Дарвин салыстырмалы анатомиялық, эмбриологиялық систематикалық дәлелдемелерге сүйене отырып, адам жануарлармен өте ұқсас деген қорытындыға келді. Ол сонымен бірге адамның тарихи дамуында әлеуметтік әсердің маңызды орын алатынын атап көрсетті. Бұл мәселенің сыры Ф.Энгельс “Маймылдың адамға айналу барысындағы еңбектің ролі” (1896) еңбегінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді. Ол “адамды адам еткен еңбек” деген қорытынды жасады. Бірақ ол кезеңде адамның ата тегінің сүйек қалдықтары және олар пайдаланған еңбек құралдары туралы деректер өте мардымсыз еді. Кейінгі кезде олардың сүйек қалдықтары мен еңбек құралдарының көптеп табылуы Энгельс теориясының әділеттілігін өте жақсы дәлелдеп берді.
Адамның шығу тегін, дамуын және кәзіргі кезге дейін қалыптасуын зерттейтін биологияның бір саласы антропология (грекше “антропос” – “адам”) деп аталады.
Қазіргі систематикадағы жүйелеу бойынша, адам желілілер типіна, омыртқалылар типтармағына, сүткоректілер класына, приматтар отрядына, адамдар тұқымдасына, адам туысына, саналы адам түріне жатады.
Эмбриогенез яғни ұрықтық даму кезінде адамдарда желілілер типіның келесідей белгілері байқалады:

  1. хорданың дамуы (тірек ретінде)

  2. хорда үстінде орналасқан жүйке түтігінің дамуы

  3. хорда астында ішек түтігінің орналасып, оның алдыңғы бөлімі жұтқыншақтың екі бүйірінде желбезек саңылауларының болуы

  4. дененің құрсақ немсе бауыр жағында орналасқан жүректің дамуы.

Омыртқалы тип тармағының адамдардағы белгілері: ми сауыты мен омыртқа жотасының болуы.
Адамдардағы сүткоректілерге тән белгілер:

  1. Тері бездерінің дамуы (май, сүт, тер бездері)

  2. Дене сыртын жауып тұратын түк жабыны

  3. Тістердің жіктелуі (күрек тіс, ит тіс, азу тіс түрінде)

  4. Төрт бөлімнен тұратын жүрек және қолқаның сол жақ доғасының қалыптасуы

  5. Көкірек қуысы мен құрсақ қуысын бөліп тұратын көк ет немесе диафрагманың дамуы

  6. Ұрықтың жатыр ішінде дамуы

Приматтар отрядының адамдарға тән белгілері:

  1. Бас миының өте үлкен көлемі, әсіресе алдыңғы ми сыңарларының қыртысының жақсы дамуы

  2. Бинокулярлы көру мүшесі

  3. Қан топтарының ұқсастығы (яғни ІҮ қан топтарының болуы)

  4. Үлкен саусақтың басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасуы нәтижесінде, алдыңғы аяқтың қамтуға икемделуі

  5. Омыртқа жотасының құйымшақ бөлімінің жойылуы

  6. Саусақтарда, алақанда, табанда, папиллярлы өрнектердің болуы

  7. Жатырдағы ұрықтың даму ұзақтығы тоғыз айға жуық

  8. Кариотиптердің ұқсастығы

  9. Ортақ аурулар тән (тымаусүзек, шешек, тырысқақ, іш сүзегі т.б.)

Екінші сигналдық жүйе адам мен жануарлардың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің сапалық айырмашылығын құрайды. Жануарлар қоршаған әлемнен сигналдарды немесе хабарларды сезім мүшелерінің тікелей тітіркенуі арқылы қабылдайды – бұл бірінші сигналдық жүйе.
Ал адамдарға бірінші сигналдық жүйе мен қатар екінші сигналдық жүйе де тән (сөйлеу, сана-сезім).
Сөз – адамдар арасындағы қарым-қатынастың, аға ұрпақтың болашақ ұрпаққа тәжірибесін беріп, адам тәрбиелеудің маңызды құралы. Сөздің арқасында нақтылы өмірде бар нәрселерден дерексіздік тұғызып, қортындылау, дерексіз ойлау мүмкіндігі тек адамға тән қасиет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет