Осы заманғы алғашқы адамдар. Осы заманғы алғашқы адамдардың бұдан 30-50 мың жыл бұрын қалыптасқан кроманьондықтар болған. Францияның оңтүстігіндегі кроманьон үңгірінен осы заманғы алғашқы адамдардың бірнеше қаңқаларының қалдығы табылған. Табылған жерінің атымен оларды кроманьондықтар деп атайды.
Осы заманғы алғашқы адамдар каңқаларының қалдықтары Еуропа, Азия, Африка және Австралия материктерінен табылған. Бұл кезеңде өмір сүрген адамдардың мекен-жайлары республикамыздың да көптеген жерлерінен табылды.
Кроманьондықтар немесе неоантроптар бойы 180 см шамасында, ми сауытының көлемі 1 600 см3 болған. Үлкен ми сыңарларының маңдай және самай бөлімдері жақсы дамыған. Маңдай сүйегі алға шығыңқы келген, қас үсті доға айқын байқалады, көз шарасы үлкен, сүйектері қалың, иегі анық білінеді. Иек сүйегінің алға қарай ұмсынуы олардың олардың түсінікті сөз сөйлей білгендігін көрсетеді. Кроманьондықтар өздері салған тұрғынжайда өмір сүрген. Олар тұратын үңгірлердің қабырғасынан аң аулау, билеу, адамдар эпизоды бейнеленген суреттер табылған. Тайпа, ру болып өмір сүру салты қалыптасқан. Айналасындағы табиғат туындыларына сыйыну, оларды қастерлеу сияқты нанымдарға ерекше көңіл бөлген, яғни діндарлық бастамасы пайда болған.
Кроманьондықтар мен неандертальдықтар біраз уақыттар бойы қатар өмір сүрген, бұдан 28 мың жыл бұрын осы заманғы алғашқы адамдар яғни кроманьондықтар оларды ығыстырып шағарған.
Эволюция барысында олардан осы заманғы саналы адам Homo sapiens келіп шыққан.
Казіргі адамның пайда болуы, дамуы және қалыптасуы ұзақ уақытқа созылған өте күрделі құбылыс.
Казіргі кезде де жеке адамдарда болатын тұқым қуалайтын өзгерістер (яғни мутациялар) кездесіп тұрады. Ал оларды басқару, зиянды белгілердің болуынан сақтандыру тек биологиялық заңдылықтарды білу арқылы жүзеге асады.