Эвристикалық оқыту, рольдік ойын әдісі және проблемалық оқыту
M. K. Kuanyshbaev
Эвристикалық сұрақтар әдісі
Рольдік ойындар
Миға шабуыл
Эвристикалық сұрақтар әдісі
Проблемалық жағдаяттар кезінде қосымша ақпарат алу үшін немесе шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында алынған білімді реттеу үшін қолданылады. Бұл әдіс көне Римдегі шешендік өнер теориясының негізін қалаушылардың бірі Квинтилианнан басталады. Ол өз шәкірттерінің алдына жеті сұрақты қоюды ұсынған болатын: кім? (субъект), не? (объект), не үшін? (мақсат), қайда? (орын), немен? (құралы), қалай? (әдіс), қашан? (уақыты). Егер осы сұрақтарды өз ішінде ретімен біріктіретін болсақ (1-2, 1-3, және т.б. 1-7; 2-1, 2-2 … 2-7- ге дейін деп жалғаса береді), онда күтпеген тосын да жаңа сұрақтарға тап боламыз.
Белсенді оқыту технологиясының жоғарыда айтылған әдістерінің өзіндік артықшылықтары бар: оларды дұрыс әрі мақсатты түрде қолдану арқылы оқытудың дамытушылық қызметін бірашама арттыруға болады, студенттердің ізденуіне мол мүмкіндік береді, студент пен оқытушыны жағымды эмоциялық күйге бөлейді.
Дегенмен бұл әдістердің кемшіліктері де жоқ емес: олар көп дайындықты қажет етеді (әсіресе, іскерлік ойындар, миға шабуыл әдісі), оқу процесін ұйымдастырудың дәріс-семинар жүйесіне енгізуге сәйкес келе бермейді; темпераменті баяу студенттер жұмыстың қарқынды ырғағына әрдайым ілесе алмай қалады, меланхоликтер де қысымы көп түсетін шапшаң жұмыстардан тез шаршайды. Сол себепті де белсенді оқыту технологияларын қолдану оқытушының шеберлігіне де жоғары талаптар қояды.
Рөлдік ойынның сценарийін жасауда суденттер саны, курстың жалпы құрылымындағы осы ойын түрінің орны ескеріледі.
Ойынға қатысушылардың рөлін сипаттау. Қысқа да қарапайым рөлдерді ауызша беруге болғанымен, күрделі рөлдерді бөлуге үлкен дайындық қажет. Мұндайда ойыншылар үшін арнайы нұсқау карточкалары даярланады. Онда кейіпкердің білімі, дағдылары, мотивтері, көзқарастары сипатталып, оның жасайтын әрекеттері көрсетіледі. Нұсқауда әдетте кейіпкердің жалпы әрекеті ұсынылады. Оның нақты әрекеттері мен ішкі сезімдері сипатталмайды, оның сол жағдаятта қандай болуы тиіс екендігін ойыншы өз тарапынан орындайтын әрекеттері арқылы анықтайды. Соған қарап ойыншының деңгейі бағаланады.
Рөлдік ойын жағдаятына кіру.
Қатысушының нұсқауды ала салып бірден ойынға араласып кетуі үнемі өз жемісін бере бермейтінін тәжірибе өзі дәлелдеп келеді. Ойын алдында топтық пікірталас өткізу (алдымен жағдаятты талдап, сосын оның қалай болатынын көрсеу ұсынылады) немесе бой жазу жаттығуларын орындау тиімді.
Нұсқау беру
Педагогтің ойынды қалай жүзеге асыру жөніндегі нұсқауы айқын, көрнекі, ықшам болуы керек. Бұл кезеңде қатысушылармен ақылдасудың қажеті шамалы. Ондай пікірлесулерді қорытынды шығарар кезде қолдаған ұтымды.
Рөлдік ойынның жүзеге асырылуы
Егер қатысушылардың санынан рөлдің саны аз болса, онда ойынды «аквариумдық» (сюжетті бірнеше судент қана орындайды да, қалғандары оны сырттай бақылап тұрады) түрде өткізуге болады немес сол сюжетті бірнеше шағын топтың қатары орындауында көрсетіледі. Ойын барысында педагог бір немесе бірнеше қызмет атқарады:
Ойын ережелерінің сақталуын қадағалайды және оның уақытқа сәйкес болуын бақылайды;
Ойын ережелерінің сақталуын қадағалайды және оның уақытқа сәйкес болуын бақылайды;
Түсініксіз болған нұсқауларды қайта пысықтайды;
Ойын соңындағы кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қатысушылардың әрекетеріне бақылау жасайды;
Қажет болған жағдайда әрі қарай не жасау керектігі жөнінде нұсқау беріледі;
Міндетті түрде көрсетілуі керек, бірақ студенттер ескермеген әрекеттер болса, онда оны оқытушының өзі орындауы қажет (ескеретін бір жайт-мұндай шараны үнемі қайталауға болмайды, себебі, біріншіден, бұл студенттердің белсенділігіне және өздігінен шығармашылықпен жаңа әрекеттерге баруын шектеуі мүмкін, екіншіден, оқытушының өзінің де басқа қызметтерін толық атқаруына кедергі жасайды).
Дәстүрлі оқыту
Проблемалық оқыту
1.Проблема қойылмайды.
1.Алдағы проблема қойылады.
2.Мұғалім тарапынан тапсырмалар – берілетін жауабы дайын, қарапайым тапсырмалар.Нақты жауап оқулықта, қосымша материалдарда да бар.
2.Дайын жауабы жоқ, проблема шешуді талап ететін, зерттеушілікті, шығармашылықты қажет тететін тапсырмалар.
3.Оқушы – нысан. Ол- орындаушы. Мұғалім жетекшілігі, басшылығы үстем болады.
3.Оқушы – субьект.Ол дербес ізденуші.Еш нәрсені қайталамайды,дайын дүниені көшірмейді, өзінің ізденісі,зерттеуі арқылы проблеманы шешуге талаптанады. Мұғалім – ақылшы, кеңесші, ұйымдастырушы, бағыт беруші.
4.Сыныптағы барлық оқушыларға арналған тапсырмалар.
5.Оқушыларды жан-жақты дамытуға, жеке тұлғаға, оның қабілетін арттыруға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар.