Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Қазақстан Республикасының халық жазушысы. Алматы қаласындағы Тау-кең институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған.
Ақиқат пен аңыз — Әзілхан Нұршайықовтың қаһармандық рухтағы шығармаларының бірі. Роман-диалог 1978, 1980, 2009 жылдары жеке кітап болып жарыққа шықты.
Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді.

Бауыржан - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Шығармада Бауыржан өзі айтқанынан қайтпайтын, тәкаппар,өр мінезді кісі болғанынын көрсетеді. Жас кезінен бастап әкесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам. Өлсе де өтірік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі болған.1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді.1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.
Шығарманың басты ерекшелігі сұхбат-естелік, қаһарман мен автордың толғаныс-тебіреністері, өзара әңгімелері түрінде жазылған. Бастапқыда автор "Жұлдыз" журналының тапсырмасы бойынша Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлынан сұхбат алмақ болады. Алайда, әңгіме жай сұхбат емес, көркем-әдеби тілде баяндалады. "Ақиқат пен аңыз" роман-диалогі осылай дүниеге келеді. Туындының бас қаһарманы – Бауыржан Момышұлы.

Онда Бауыржан Момышұлының соғысқа дейінгі жылдары, әскерге баруы, соғыстағы жылдары, шені, соғыстан кейінгі өмірі және жазушылық жолға түсуі жайында айтылған. Кітаптан Б.Момышұлының мынадай нақыл сөздерін кездестіре аламыз: – Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам; – Ел намысы ер намысы деп білдім. Арманым халқымның намысына дақ түсірмеу болды; – Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық. Автор Момышұлы туралы былай дейді: "Мен қиын күндерде пір тұтқан адамым болғандықтан, оған деген сонау солдат кезімнің ыстық сезімін суытпай сақтап жүрдім.

Оның үстіне Момышұлының "Біздің семья", "Жауынгердің тұлғасы", "Москва үшін шайқас" атты кітаптары бірінің соңынан бірі шығып, менің оған деген сүйіспеншілігімді арттыра түсті. Момышұлын бұрын командир ретінде құрметтесем, енді жазушы ретінде және жақсы көре түстім. Кітап көркемдік дәрежеде, жоғары деңгейде жазылған. Мен осыған дейін Ұлы Отан соғысы туралы аз білсем де, немқұрайлы көзқараста едім. Ал, шығарманы оқыған соң соғыс жылдары жайында білуге және Б.Момышұлының өмірі мен туындыларына қызыға бастадым.

Сіздергеде Ә.Нұршайықовтың осы бір керемет туындысын оқуға кеңес беремін!