5. Кері байланыс:
тапсырманы орындап, жауабын Whats App, электронды почта арқылы жіберіңіз. Бұл тақырып бойынша сізге берілген мақсаттың қайсысы қиындық туғызды
Химия пәнінен 8 сынып оқушысы -----------------------өзіндік жұмыс жоспары. I тоқсан
Қолданылатын оқулық: М.Қ.Оспанова, Қ.С. Аухадиева, Т.Г.Белоусова Химия 8 сынып
Сабақтың нөмірі: 11
Сабақтың тақырыбы: Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі. №2 көрсетілім «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі»
1.Оқу мақсаты: 8.2.4.1 -кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу; 8.2.4.2 -белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау; 8.2.4.3 -металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу
2. Конспект
Тотығу реакциялары
Көптеген металдар ауаның құрамындағы оттекпен әрекеттесіп, оксидтер түзеді: металл + оттек ⟶ металл оксиді.
Магний секілді кейбір металдар оттекте ақ түсті жалынмен жанады. Реакция өнімі магний оксиді деп аталатын магний мен оттектен ақ түсті қосылыс түзіледі:
2Mg + O2 = 2MgO.
Қалайы және мыс секілді өзге металдар мүлдем басқаша әрекеттеседі. Натрий секілді аса белсенді металдар оттекпен және ауадағы ылғалмен бірден әрекеттеседі.
Тотығу процесі тек жану кезінде жүрмейді. Мысалы, жылы бөлмеде қалдырылған сүт ашып, баяу тотығады. Темір шеге де тат басып тотығады. Осындай процестерді баяу тотығу деп атайды.
Металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен реакциясы
Калий, натрий немесе кальций секілді өте белсенді металдар суық сумен әрекеттесіп, металл гидроксидтерін және сутек газын түзеді:
2K (қ) + 2H2O (с) ⟶ 2KOH (с.е.) + H2 (г).
Магний немесе темір секілді белсенділігі төмендеу металдар жоғары температураларда бумен әрекеттесіп, металл оксидтерін және сутек газын түзеді:
Mg (қ) + H2O (г) ⟶ MgO (с.е.) + H2 (г).
Металдар коррозиясы
Қоршаған орта факторларына ұшыраған металдардың біртіндеп жойылуы коррозия деп аталады. Коррозия металл бөлшектерінің қызмет ету уақытын азайтады, сол себепті жағымсыз құбылыс болып есептеледі. Болат пен темірдің коррозиясы тат басу деп аталады. Темірдің тат басуын тудыратын негізгі фактор – ауамен қосылған су. Темір мен болат оттек және сумен әрекеттесіп, қызыл-қоңыр түсті гидратталған темір (III) оксидін түзеді: 2Fe + nH2O + 3O2 = 2Fe2O3 ⋅ nH2O.
Тат темір мен болатты біртіндеп ұнтаққа айналдыра отырып, материалдың құрылымына айтарлықтай зиян тигізеді. Темір металынан түзілген темір оксидінің көлемі темірдің көлеміне қарағанда үлкенірек, сондықтан таттың қабаттары қалың болады.
Достарыңызбен бөлісу: |