Шәует байламының блокадасындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі.
Көрсеткіші: Бүйрек коликасы, ер адамдардың жыныс ағзалардың жарақаты және аурулары.
Іс-әрекет алгоритмі:
Пациент арқасымен жатқызу.
Резенкелі қолғап кию.
Ума аймағында залалсыздандырылған салфеткамен,спиртпен теріні екі рет өндеу.
Шприцке 2% -5мл новокаин ертіндісін салу.
Ума түбіне тері ішіне новокаин енгізу.
Инені алып, онын орнын спиртпне өндеу.
Резенкелі қолғапты шешіп, тез ертіндіге орналастыру.
3-5 минут өткен соң жансыздандыру пайда болады.
Жатырдың домалақ байлам блокадасындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі.
Көрсеткіші: бүйрек ұстамасы, әйел адамдардың жыныс ағзалардың жарақаты және аурулары.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациентті арқасымен жатқызу.
Резенкелі қолғап кию.
Шап аймағында залалсыздандырылған салфеткамен, спиртпен теріні екі рет өңдеу.
Шприцке 2%-5мл новокаин алу.
Шап аймағында тері ішіне новокаин енгізу.
Резенкелі қолғаптарды шешіп, тез ерітіндіге орналастыру,.
3-5 минут өткен соң жансыздандыру пайда болады
Достарыңызбен бөлісу: |