Бақылау сұрақтары:
1. Қоғамдық балалар ұйымдардың түрлерін атаңыз?
2. «Қазақстан балалары» атты мемлкеттік бағдарламаның мазмұны?
3. «Болашақ» оқушылар ұйымнының мазмұны.
4. «Жұлдызша» бағдарламасының мазмұны және оның қоғамнан алатын орны.
5. «Атамекен» қозғалысының тарихи маңыздылығы.
8-тақырып. Сынып жетекшісінің қиын балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі
12-Дәріс
Тақырыбы: «Қиын балалар» ұғымына түсінік.
Жоспары:
1. Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері.
2. Педагогикалық қараусыздықтың орын алу себептері.
3. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушіліктерін анықтау және жою.
4. Психологиялық үлгермеушілік себептері, физиологиялық үлгермеушілік себептері, әлеуметтік үлгермеушілік себептері.
Мақсаты: студенттердің сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы, педагогика-лық кеңестің жұмыстары, сынып жетекшісінің семинары, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу туралы білімін қалыптастыру.
Негізгі ұғымдары: сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы, мектептің педагогикалық кеңесі, сынып жетекшісінің семинары, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі, озат педагогикалық тәжірибе.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы./Құраст. Жампеисова Қ. т.б. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003.
2. Қоянбав Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998.
3. Халитова І. Педагогикалық диагностика. Алматы 2008
4.Тәжібаева С.Ғ. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың технологиясы Алматы. «Ғылым», 2003
Реферат тақырыптары:
1. Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуының ерекшеліктері.
2. Сынып жетекшісінің әдістемелік бірлестіктегі қызметі.э
3. Сынып жетекшісінің семинарын жүргізуі.
Қиын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу қазіргі таңда педагогикалық-психологиялық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырған мәселе «қиын оқушылар санының жылдан-жылға артуы. «Қиын оқушылар» тек жасөспірімдер арасында емес, бастауыш сынып оушылары арасында да бар. Сондықтан оқушыларды ерте жастан, бастауыш кезеңінен бастап қолға алу керек. «Қиын бала» деп тек қана сабақ оқымайтын қиқар, тәртіпсіздікке бой алдырған балаларды ғана атауға болмайды. Психологияда үндемейтін, ішімдегіні біліп ал деп томаға тұйық жүретін балаларды да «қиын балаға» жатқызады. Осы орайда ғалым педагог В.Трифонов тәрбиесі нашар балалардың пайда болуына қоршаған шағын ортасы, отбасындағы тәрбиесі ықпал ететіндігін атап көрсетті. Зерттеу барысында қиын балалардың 44%-ы толық отбасы болмағанынан, 30%-ы жақын туыстарының заң алдында жауапқа тартылғандар, ал 15 %-ында әке-шешенің біреуі ішімдікке салынғандар екен. Бұдан шығатын қорытынды: қиын балалардың пайда болу себебі – отбасы тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы. Тіпті жағымды отбасының өзінде де бала тәрбиесіне 18 минут қана бөлінеді екен. Қалған уақытта бала компьютер, телефон, теледидар, би кеші, т.б. сияқты өзіне ұнайтын нәрселермен айналысады.
ХХ ғасырдың басында басында өмір сүрген қазақ зиялылары да «қиын» балалардың шығу себептеріне бей-жай қарамаған. Ж.Аймауытов: «Адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сияқты бұзақылықтарды жасауы тәрбиенің жеткіліксіздігінен баланы бұзуға, яғни түзетуге себеп болатын бір шарт жас күнінде алған өнеге», - деген. Мектеп пен отбасы байланысының дұрыс жолға қойылмауы да бала мінез-құлқына теріс әсер етеді. Үшіншіден, бұқара халықтың, қоғамдық ұйымдардың тәрбие ісіне немқұрайлы қарауы, оқушылардың бос уақытын тиіді ұйымдастыруға көңіл бөлінбеуден туындайды.
Жасөспірімнің мінез-құлқы – отбасындағы қарым-қатынастың қалыптасуының нәтижесі. Сондықтан тәрбиені отбасынан бастаған жөн. Отбасындағы өзара қарым-қатынасты түзеу керек. Сынып жетекшісі әрбір отбасы ерекшелігіне байланысты өзінші жол таба білуі қажет. Ол үшін сәтсіз отбасының пайда болу себептерін анықтау керек. Ол әр отбасында әртүрлі болуы мүмкін. Ондай отбасын бес түрге бөлуге болады:
1. Толық емес отбасы. Жалғызбасты ана тәрбиелеп отырған отбасында «қиын» бала көбірек кездеседі. Бұндай отбасындағы жағдай өте салқын, немқұрайдылық, ішкі сезімталдықтың жоқтығы аңғарылады.
2. Балаға деген бақылауы, қадағалауы жоқ отбасы. Бұндай отбасында әдетте ата-ана арақ-шарапқа үйір болып келеді. Мұндай отбасындағы әке-шешенің міндеті шектеулі, баланың жан дүниесіне деген түсіністік,, тіпті бала мен ата-ана арасындағы байланыстың болмауы.
3. Педагогикалық жағынан сауатсыз отбасы. Бұл отбасындағы ата-ана баланы түсінбейді. Баланың теріс қылығ. Тек мектеп пен мұғалімді кінәлап, баланың көзінше беделін түсіреді. Бұл ата-анамен қажетіне қарай кеңес, дәріс, іскерлік ойындар, өткізу, мектеп жұмысына араластырып отыру қажет.
4. Адамның жан дүниесінен гөрі материалдық тұрмыс жағдайын жоғары қоятын отбасы. Бұндай отбасындағы бала өзімшіл келеді, ата-анасы баласының бұл қасиетін байқамай үнемі марапаттап отырады.
5. Балаға тым жоғары талап қойып, қатыгездікпен жазалау кездесетін отбасы. Бұлар баланың кішкентай қателігіне бола ұрып-соғып жазалауды жөн деп санайтын ата-аналар. Әдетте, бұл үйдің баласы өте қатыгез, ашушаң болып келеді.
«Қиын» балалармен жұмыс істеу жолдары:
1. Балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
2. Оның жақсы қасиеттеріне сүйсіну. А.Бебельдің: «Әр адамның бойында ояту және жетілдіру ғана керек сан алуан қабылет болады» деген керемет сөзін есте ұстап, әр оқушының жақсы жақтарын табу және оны дамыту.
3. Оның бойында қоғамдық қызметке бейімділігі бар екенін дәлелдеу.
Мұғалімнің қиын оқушылармен қарым-қатынасы әр түрлі формада жүреді: сұрау, талап ету, сендіру, бұйыру, мадақтау, жазалау, т.б. Осының бәрін қолдануды білгенімен, ретін, жөнін, мөлшерін педагогикалық тактыны жете меңгерген адам ғана біледі. Кез келген мұғалім педагогикалық теорияны жете білемін дегенімен, педагогикалық тактыны меңгермесе, ол шебер әрі тәжірибелі тәрбиеші бола алмайды. Ушинский: «Такт – жеке адамның қасиеті, адам мінезінің ерекшелігі. Такт – ол мұғалімнің сапасы, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білуі. Сезімталдық, дұрыс, ақылды талап қоя білуі», - деген.
Білімнің жоғарғы дәрежесі оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың ең маңызды көрсеткіші. Сынып жетекшісі оқушылардың білім сапасын көтеруге қамқорлық көрсетеді, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға нашар оқуға жол бермеуге әрекет жасайды.
«Сынып жетекшісінің жұмысы туралы әдістемелік нұсқау мектеп оқушыларының таным ынтасын, мүмкіндіктерін дамыту, әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, мамандықты таңдату, балалардың денсаулығын қорғауға қамқорлық сынып жетекшісінің маңызды қызметі ретінде анықталған. Ал соның ішінде аталған міндетті жүзеге асыру тек педагогикалық ұжымының ғана емес, сонымен қатар сынып жетекшілерінің де күш жігеріне негізделуі тиіс. Білімге деген құштарлықты және сүйіспеншілікті оятуда, оқу сапасын арттыруды қамтамасыз етуде сынып жетекшісі көп нәрсе істей алады.
Мектептің педагогикалық кеңесінің атқаратын жұмыстары:
- мектептің педагогикалық тұжырымдамасын, оқушылардың жұмысына бірдей талап қоюды, олармен және ата-аналармен әлеуметтік құқықтық және психологиялық педагогикалық қарым-қатынас жасауды талдайды және бекітеді;
- мектептің нормативті құжаттарына сәйкес педагогикалық ұжымының құрылымын ұйымдастыруды анықтайды, директор мен оның орынбасарлары арасындағы қызметтік міндетті бөліп бекітеді;
- педагогтармен оқу тәрбие жұмыстарының әдістері мен формаларын, оқушыларды тәрбиелеу мен әртүрлі әдістер арқылы білімдерін дамытуды таңдап енгізеді;
- жағдайларды ұжыммен талдау, оқу-тәрбие үдерісіндегі қорытындылар мен жағдайды және ұжымның тәсілі мен жолдарын анықтауды жүзеге асыруды жоспарлайды;
- мектептің педагогикалық кеңесте қабылданған ереже мен басқа да нормативті актілерге мұғалімдердің іс-шараларды орындауын талдау және анықтау.
- оқу тәрбие іс-әрекетіндегі басқа құрылымдар мен іс-қатынас мәселерін қарайды.
Педагогикалық кеңес құрамына төмендегі тұлғалар мүшелікке кіреді: мектеп директоры (тараған), оның орынбасарлары, мұғалімдер тәрбиешілер, оқушылардың қоғамдық қызметінің өкілдері, кітапханашы, дәрігер ата-аналар комитеінің төрағасы.
Тәжірибе көрсетілгендей, педагогикалық кеңестің отырысынан жүргізгенде келесі сатыларға көңіл бөлуі тиіс: мәжіліске дайындық, мәжіліс барысы, оның шешімін тәжірибеде жүзеге асыру, орындауды текесеру.
Мектептегі педагогикалық кеңеске дайындықтың қалай өтілетініне жеке мысалдар келтірелік: Жаңа оқу басталар алдында педагогикалық кеңеске ұзақ уақыт дайындық керек: Мысалы: Сәуір-мамыр айында мектеп басшылары мұғалімдерге мынадай сұрақтарға жауап беруін сұрануы керек:
- Сіздің пікіріңізше біздің мұғлімдермен мектеп қандай мәселерді шеше алды?
- Сіздің жеке өзіңіздің қызметтің және барлық педагогикалық ұжым жұмыстарында қандай кемшіліктер орын алды? Оның себептері неде?
- Сіздің келесі жылға тілегііз бен ұсынысыңыз қандай?
Жыл бойы атқарылған жұмыстарға негізінен талдау жасап мектеп директоры педагогикалық кеңесте есеп береді. Директордың берген есебінде оқушылардың да пікірі алынып, оларға талдау жасалынады.
«Біз балаларды оқытуға» қалай үйреттік? Мұғалімдердің атқаратын мектептегі негізгі жұмысы сабақ беру және сыныптан тыс іс-шаралар жан-жақты талданып оған баға беріледі.
Мұғалімдер мен сынып жетекшідердің жұмыстарына өз бетінше талдау жүргізуге , мектеп директоры мұқият дайындалып баяндама жасайды. Педагогикалық кеңесте қаралған бірінші мәселенің талдануы аяқталмайды. Сонымен қатар мектеп жоспары жаңа оқу жылына дайындалған кеңеске ұсынылады. Бірақ ол бірден бекітілмейді. Оны әдістемелік бірлестікте талдау жасап, мұғалімдер оқып шығуы тиіс. Сондықтан мәжілісте мұғалімдердің пікірі ғана талданады. Жоспардың жеке бөлімдері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Педагогикалық ұжым қызметінде жаңа оқу жылында атқаратын бағыттар анық айқындалады.
Бір мектептің педагогикалық кеңесінде «Мұғалімнің жеке тұлғасы және оның ұжымдағы ролі» деген тақырыбына дайындық екінші тоқсанда басталады. Оны талдау бірінші жарты жылдықтың соңында педагогикалық кеңес жоспарланады. Мектеп басшысы әрбір мұғалімге тақырып келесі айна бойынша жауды сұрақ туралы ойлану керектігін ұсынды. Сіз мұғалімнен жеке тұлғасынан қандай кәсіптік сапаны бағалайсыз? Қандай жеке ерекшеліктер мұғалімнің жұмысына кедергі келтіреді? Мұғалімнің өзіне жақсы көретін оқушыны таңдауға құқығы бар ма? Қазіргі замандағы мұғалім - әмбебап, ұйымдастырушы немесе тек ғана сабақ беретін маман ба? Мұғалімдер ұжымының өзара жеке қарым-қатынасы сіздің жұмысыңызға қалай әсер етеді? Мұндай сұрақтар әрбір мұғалімге және ұжымға толықтай қатысы бар.
Оның күнделікті назары, талабы және оқудың барысын бақылауы үлгерімді арттырудың маңызды шарты. Оқу процесін сапалы жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Білімнің сапасы көбінесе оқуға деген ниетке, оқуға көзқарасқа, ынта талпынысқа, шыдамдыққа, зейін қоюшылыққа, белсенділікке, инициативаға, дербестікке, білуге құмарлыққа байланысты. Осы қасиеттерді қалыптастыру, оқу еңбегінің қоғамды мәнін түсіндіру сынып жетекшісінің жұмысында үлкен орын алуға тиісті. Ол оқушыларда білімді қажетсіну сезімін тудыруға, білімді тәжірибеде қолдана білу шеберлігін қалыптастыруға, оқудың болашағын айқындап беруге тырысады.
Сабақта үлгермеушілікті туғызатын өлшеулі себептердің бірі-оқу жұмысын жүйелі және жоспарлы түрде жүргізу шеберлігі мен дағдысының жоқтығы. Мұғалімдер мен сынып жетекшісінің міндеті-әрбір оқушыны оқып білуге үйрету.
Әсіресе оқу жұмысындағы табандылық пен зейін жинақылығы, ойланып оқуға әдеттілігі және өз бетімен кітап оқи білу, үйге берген тапсырманы орындауда дәйектілік сияқты қасиеттерді тәрбиеленген жөн. Бұл міндеттерді сынып жетекшісі басқа мұғалімдермен бірлесе отырып шешеді. Бастысы оқу жұмысы оқушылардың жалпы дамуына ықпал жасауына бірігіп күш-жігер жұмсап, қол жеткізуде.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау әрі күрделі, тәрі шығармашылық іске жатады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту мен тәрбиенің іс-жүзінде қолданысы арқылы көрінісі, ол жан-жақты зерттеу объектісі де, сондықтан ол нақты мәліметтер мен ғылыми ойды жинақтаудың негізгі көздерінің бірі. Ол оқу-тәрбие жұмысын жеңілдету, жетілдіру мен дамытуда үлкен қызмет атқарады. Олай болса әр мұғалімалдыңғы қатарлы озат тәжірибені зерттеп оны өз ісінде қолдануға тырысады.
Сынып жетекшісінің озат тәжірибені зерттеу ең алдымен өз мектебі, өзінің ізденуі арқылы нақтылы іске аса бастайды. Атап айтқанда олар: әр мұғалім өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтау, педагогикалық шеберлердің еңбектерін, жұмыс жүйелерін зерттеп жинақтау, жалпы тақырып бойынша бірнеше педагогтің іс-тәжірибелерін зерттеп жинақтау, жаңашыл мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтап тарату және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу, ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен оқу-тәрбие саласындағы проблемалық мәселелерді зерттеу және жинақтау.
Сынып жетекшісінің өз тәрбиесін қорытындылап жинақтау әрі қиын, әрі күрделі іс болып табылады. Ол үшін басты мәселелерді таңдап алады, олардың тиімділігін тәжірибеде бақылайды, зерттейді. Қортындыларын дәптеріне үнемі жазып отырады. Ол әр сабақта немесе тәрбие жұмысында әр істің өзіне тән ерекшелігін, әр әдісті қолданғандағы нәтижені, оны қолданудың тиімді жолдарын, оны қабылдауда оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамытуды шығармашылық ыждаһатпен іздестіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |