Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет22/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Бақылау сұрақтары:
1. Кәсіптік бағдар берудің дегеніміз не?
2. Кәсіптік бағдар берудің жолдары қандай?
3. Кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктері қандай?
4. Кәсіптік бағдар берудің формаларын атаңыз.
5. Педагогикалық бағдар беру дегеніміз не?


11-тақырып. Инклюзивті білім беру кезінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі
15-Дәріс
Тақырыбы: Инклюзивті білім беру кезінде тәрбие жұмысын арнайы ұйымдастыру қажетті компонент ретінде.
Жоспары:
1. Инклюзивті білім беру кезінде тәрбие жұмысын арнайы ұйымдастыру
2. Мектеп пен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасы ынтымақтастығының қызметі мен формалары.
Мақсаты: студенттерге инклюзивті білім беру кезінде тәрбие жұмысын үйрету, мектеп пен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасы ынтымақтастығының қызметі мен формаларын үйрету жолдары.
Негізгі ұғымдары: инклюзивті білім беру, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасы, ынтымақтастық.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы./Құраст. Жампеисова Қ. т.б. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003.
2. Қоянбав Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998.
3. Халитова І. Педагогикалық диагностика. Алматы 2008
4.Тәжібаева С.Ғ. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың технологиясы Алматы. «Ғылым», 2003
Реферат тақырыптары:
1. Ата-аналар жиналысы – оқушылардың отбасымен байланыс жасаудың негізгі формасы.
2. Тәрбие технологиясы мен тәрбиешінің жеке тұлғасы.
3. Инклюзивті білім беру кезінде тәрбие жұмысын арнайы ұйымдастыру - қажетті компонент ретінде

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе – балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.


Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толын енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды ерекшелейтін кедергілерді жоюға, ата-аналарды белсенділікке шақыруға, баланы түзеу – педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар абалалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынаст қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеолгиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белмсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Сонымен инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда, жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Инклюзивті білім беру мәселелері шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны т біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
- мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.
Саламан Декларациясына сәйкес . инклюзивті білім беруай:
- Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
- Әрбір баланың дара қабылеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
- Білім беру жүйесіне оң өзгерістер енгізу, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 қағидасы туындайды. Олар:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабылеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады;
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабылетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабылеттіліктерді дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім беру үрдісін дамытуға болады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылықа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті білім беру үрдісі балаларды толеранттыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет