Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет4/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Бақылау сұрақтары:
1. Тұлға тәрбиесінің мәні неде?
2. Тәрбиеге тән ерекшеліктерді атаңыз.
3. Тәрбие мен оқу арасындағы айырмашылықтар қандай?
4. Тәрбиелік істер жүйесінде өзіндік тәрбиенің орны қандай?
5. Қайта тәрбиелеу не үшін қажет?


2-Дәріс
Тақырыбы: Тәрбиеге технологиялық, құзыреттілік тәсілдерді пайдалану.
Жоспары:
1. Тәрбиелеу үрдісінің мәні. Тәрбиелеу үрдісінің әлеуметтік кеңістігі.
2. Тәрбиелеу үрдісінің мақсат, міндеттері.
3. Тәрбиелеу үрдісінің әлеуметтік кеңістігінің динамикасы.
4. Тәрбие бағдарламасы және тәрбие субьектісі.
5. Құндылық қарым-қатынас тәрбие үрдісі мазмұны ретінде.
Мақсаты: студенттердің тәрбиенің гуманистік пардигмасы, тәрбие үрдісінің мәні, тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы білімін қалыптастыру.
Негізгі ұғымдары: Тәрбие, тәрбие процесі, тәрбие мақсаты, тәрбие заңдылықтары, тәрбие принциптері, тәрбие жүйесі, тәрбие компоненттері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, Мектеп, 1989.
2. Педагогикалық ізденіс. // Құраст. Ж.Баженов. – 1987.
3. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. –Алматы: Дарын, 2004.
Реферат тақырыптары:
1. Тәрбиелік жүйенің негізінде құрылған мектептер.
2. Тәрбиенің құрылуы мен даму кезеңдері.
3. Тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері.
4. Тәрбие жүйесін зерттеген ғалым-педагогтар.

Педагогикалык үдерісте тәрбиенің мәні мен мақсаты және жүйесі өмір сүріп отырған қоғам саясаты мен экономикалық жүйесінің дамуына байланысты туындайды.


Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияларда адамдардың материалдық және рухани өмірлерінін үздіксіз өзгеріп отыруына сай, қарым-қатынастардын жаңа формалары туып, тәрбие мақсаты мен мазмұнына да жаңашыл идеялар енеді. Демек, әрбір қоғамдық-экономикалық формацияның алмасуымен әлеуметтік, философиялық ой-пікірлер де өзгерісте болып тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне ықпал жасайды.
Тәрбие - қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның алға дамуына, өркендеуіне мүмкін емес. Тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп санаған жөн. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету кезеңінде адам факторы жаңа негізде қаралып жаңа адамды қалыптастыру барысында әрбір жасөспірімнің субьективтік талап-тілегін, бейім-қабілетін және тіршілік өмір сферасында белсенді саналы шығармашылық қасиетін одан әрі дамытады. Өйткені, жеке адамның әлеуметтік белсенділігі артқан сайын, оның терең мағыналы қоғамдық мәселелерді шеше білуге құлшына кірісіп, айналасып қоршаған адамдармен адамгершілікті-психологиялық байланыстары күрделеніп, қоғамның саяси-экономикалық қарым-қатынастары жүйесінде әлеуметтік шығармашылық көлемдері өрбіп, оның мәні арта түспек.
Жас ұрпақтарға аға буындардың жинақтап берген әлеуметгік бай тәжірибесін беруде, олардың сана-сезімдеріне сіңдіруге, мағыналы мінез-құлық нормалары мен тұрмыс, әдет-дағдыларын қалыпастыруда тұтас педагогикалық тәрбие қоғамдық функция атқарады. Осы орайда, тәрбиеге жүктелген ең басты мақсат: қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасу үстіндегі, эстетикалық талғам-сезімі мен дене күші мығым, белсенді өмірлік поэзиясы айқындалған жас өспірімді дамытып қалыптастыру.
Тәрбие қоғамдық құбылыс - ол күрделі қарама-қайшылығы мол әлеуметтік тарихи үдеріс. Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде төмендегідей негізгі сипатқа ие болады:
1. Тәрбие - қажеттіліктен туындайды, яғни өскелең ұрпақ жаңа қоғамдық талаптарға икемделеді (балалар өседі, есейеді, ержетеді).
2. Тәрбие – мәңгілік, қажетті, жалпы категория. Адам қоғамының пайда болуъна байланысты туындап, қоғамда адам өмір cypіп жатқан шақта ол жойылмайды. Ол адамның дамуына өндіргіш күштерді дайындауға қажетті.
3. Қоғамдық тарихи дамудың әр кезеңінде тәрбие өзінің қажеттілігіне, мазмұнына, формасына қарай нақты тарихи сипатта болады.
4. Өсіп келе жатқан жас ұрпактың тәрбиесі алдыңғы аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін меңгеру барысында іске асады.
Тәрбиенің мәні мен мақсаты және жүйесі өмір cypіп отырған қоғам саясатымен, экономикалық жүйесіне байланысты туындайды. Әрбір қоғамдық формацияларда адамдардың материалдық және рухани өмірінің үздіксіз өзгеріп отыруына сай, қарым- қатынастардың жаңа формалары туып, тәрбиенің мазмұнына жаңа идеялар енеді. Демек, әрбір қоғамдық жаңа формацияның алмасуымен, әлеуметтік, философиялық және діни ой-пкірлер де өзгерісте болды, тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне ықпал жасайды.
Тәрбие қоғамды құбылыс, онсыз ешбір қоғамның алға дамуы болмайды. Тәрбие үдерісі дегеніміз - жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруда, оларды өмірге дайындап қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір әрекетімен, қызметімен қоғамға пайда келтіруден, өз басына қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу. Тәрбие үдерісінің құрылысы өз ерекшіліктеріне байланысты алдына айқын мақсат қойып, тәрбие мазмұнын соған негіздеп, оларды ic жүзіне асыруда тәрбиенің формалары мен әдіс-тәсілдерін, обективтік мүмкіндіктерін, сонымен қатар жеткен жетістіктердің қорытындысын анықтайды.
Тәрбие үдерісі өзінің құрылысына, бағыт-бағдарына қарап диалектика заңына негізделген. Тәрбие үдерісінің диалектикалық мәні оның даму үстінде болып белгілі сатымен диалектикалық икемдікте өзгеріп отыруында. Себебі, тәрбие үдерісі әлеуметтік талапқа негізделіп дами отыра, өмip тәжрибесіне орай өзгеріске түсіп, басқаша құрылады. Ол қарама-қайшылықта болып тұрады. Себебі, жеке адамның дамуы шиеленіссіз, қайшылықсыз өтпейді. Ең басты қозғаушы күш осы болып табылады.
Тәрбие үдерісінің заңдылығы педагогикалық құбылыстар мен үдерісітің бір-бірімен обьективті түрде байланысып жатуымен сипатталады. Әpбip жеке адамның ic-әрекеті мен қызметі және басқа адамдармен қарым- қатынасы, оның әлеуметтік өмірін құрайды.
1. Тәрбие үдерісінің мазмұны қоғамдық ортаньң обьективтік және субьективтік факторларымен тығыз байланыста болуы.
2. Жеке адам тәрбиесі мен дамуы бірлікте және өзара байланыста болуы.
3. Тәрбиенің қорытынды нәтижесі бүгінгі өмір талабына сай болуы .
4. Тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеудің өзара бірлікте болуы.
Тәрбие қағидалары дегеніміз - тәрбие үдерісінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістерін айқындайтын ережелер, алғы шарттар, талаптар және бағыттаушы қағидалар жиынтығы. Тәрбие принциптері адамды дамыту, калыптастыруды жеделдету, оқу-тәрбие процесін ізгілендіру, жеке адамның жан-жақты даму заңдылықтарына негізделген.
Тәрбие қағидаларының жүйесі:
- тәрбиенің мақсаттылығы;
- тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық өмір іс-тәжірибесімен байланыстылығы;
- еңбек арқылы тәрбиелеу;
- жеке адамға талап қоюшылық пен құрметтей білу;
- балалардың жас және дара өзгешелігін есепке алу;
- жеке адамды ұжымда тәрбиелеу;
- балалардың саналылығын, белсенділігін өзіндік әрекеттерін дамыту;
- адам бойындағы жақсылық нышандарға сүйісіну;
- мектеп, жанұя, жұртшылық әрекетінің бірлігі;
- тәрбие мен қогамның өзара байланысы.
Мектепте жүргізілетін тәрбие үдерісі педагогтар мен оқушылардың оқу-тәрбие іс-әрекетіне енетін педагогикалық үдерісітің негізгі бөлімі. А.С.Макаренко: «Тәрбие логикасы, оқу логикасын қайталамайды, тәрбиенің өзіндік мазмұны, принциптері, әдістері бар»,- деді.
Тәрбие үдерісінің негізгі ерекшеліктері қандай? Тәрбие- қоғамдық құбылыс, өйткені қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиялық өзгеруімен байланысты. Тәрбиенің мақсат-міндеттері, мазмұны мен оны ұйымдастыру тәсілдері толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады.
Тәрбие - мақсатты үдерісі. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты болады.
Тәрбие - біртұтас үдеріс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке-дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас үдеріс.
Тәрбие - ұзақ әрі күрделі үдеріс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу үдерісімен жалғасып отырады.
Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез-құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.
Тәрбие - көпжақты үдеріс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу үдерісі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата -аналар мен жұртшылық әрекет қадағалап, бағыт-бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы. Оның орталығы – мектеп.
Тәрбие ісі ұжымдық және шығармашылық сипатта болғандықтан және ұжымдық тәрбие істері немесе ұжымдық шығармашылық істер деп аталады.
Тәрбие ісі өз құрамында адамгершілік, эстетикалық, саяси, ақыл-ой әсерлерін топтастырады. Іс-әрекеттік тұрғыдан тәрбие ісі тәрбие бағытын көрсетсе, комплексті қолдаудан тәрбие сипаты миен мазмұнын анықтайды.
Тәрбие ісі жүйесіне сәйкес, негізінен сабақтас құралады. Кез келген тәрбие ісі кезеңдері:
1. Мақсат анықтау.
2. Жоспарлау.
3. Дайындық және ұйымдастыру.
4. Жұмыстың міндетті түрде іске асуы.
5. Нәтижелерді талдау.
Тәрбие ісінің мақсаты мен жоспарлауының негізгі көздері:
1. Қоғамдық жағдайларға негізделген әлеуметтік ситуациялар;
2. Белгілі бір кезеңге арналған оқу-тәрбие мекемесі жұмыстарының бағыты;
3. Тұлғада қалыптасуы қажет сапаларға анықтама.
Жоспарлау кезеңі мақсаттық кезеңнен кейін келеді. Ол мақсаттық теориялық жағынан бөлінгенімен, практикалық жағынан үздіксіз үдерістің құрамды бірлігі. Бұл кезеңде педагог алдында тұрған маңызды міндет-тәрбиеленушілермен бірге барлық бөлшектердегі жұмыс бағытын белгілеу, оқушылардың жеке міндеттерін айқындау, орындалған істің қалай өткенімен бірге, енді істелінетін істің қалай жасалатынын көрсету.
Тәрбие ісін жоспарлауда оқушылар да ат салысып, жұмыс жоспарын ұйымдастыру мектебінен өтеді. Сол үшін жұмыс жоспарының тәжірибелік мәнін жете түсіндірудің маңызы зор.
Тәрбие ісін ұйымдастыруда мұғалімдер басшылыққа алатын 6 теориялық кезеңі ұсынылады.
1. Мақсатты айқын түсіну.
2. Әрбір оқушының міндетін дәл анықтау.
3. Мақсат пен нәтижеге қол жеткізу үшін барлық қажеттілікті дайындау.
4. Нәтиже өзгерісіне орай орындалатын қосымшаларды белгілеу.
5. Тәрбие ісіне жауапкердің есеп беру сәтін белгілеу.
6. Орындаушыларға түсініктеме-нұсқау беру.
Тәрбие ісін ұйымдастыруға қатысу тұлғаның төмендегідей маңызды қасиеттерін тәрбиелейді:
а) мақсатқа жетуде шаршап-шалдықтау;
б) жауапкершілік;
в) бастаған ісін аяғына дейін жеткізу;
г) тәртіптілік;
д) орындаушылық.
Тәрбие ісінің барлық үдерістерін орындау кезінде ескерілетін жайттар:
1) тәрбиеші бастаған ісін оның аяғына дейін назардан тыс қалдырмауы міндетті;
2) тәрбие ісі кезінде тәрбиеші дұрыс бағыт-бағдар ұстануы қажет;
3) байқалған қателіктер дер кезінде түзелуі шарт.
Істің қорытындылау кезеңі ұжымдық талқылау мен жеке педагогикалық сарапқа бағытталады. Қойылатын мақсат-жетістік пен кемшіліктердің себептерін анықтау.
Бала жеке адам тек іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады. Бұл үшін баланың өмірі үнемі іс-әрекет арқылы ұйымдастырылуы қажет. Ол іс-әрекет үнемі нақтылы мақсатты шешуге бағытталып, қажет болған жағдайда арнайы ситуациялық іс-әрекеттер де ұйымдастырылуы қажет. Енді тәрбие жұмыстарының түрлерін талдау әдістемесін жеке-жеке қарастырамыз.
1. Тәрбие жұмысының бірінші тобы-оқушылардың санасына, сезіміне, ерік-жігеріне жан-жақты ықпал жасауды қамтиды. Бала жеке адам болып қалыптасу үдерісінде тек қана сыртқы әсер арқылы ғана емес, ішкі жан дүниесінің жеке сананың әрекетінің ықпалы арқылы да дамып жетіледі.
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, әңгімелер, лекциялар, пікірталас үлгі өнеге жатады.
Жалпы азаматтық мораль талаптарына сай қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушінің сана-сезіміне, еркіне, мінез-құлқына ықпал жасау жолдары мен тәсілдерінің жиынтығы сендіру әдісі деп аталады.
Сендіру дегеніміз - оқушылардың ақыл-ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұйымдарын қалыптастыру және жағымсыз құлықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына жан-жақты әсер етуді айтамыз.
Сенім - тек моральдық түсінік, ұғым ғана емес, ол адамның мінез-құлық, іс-әрекетінің тұрақты жетекшісі.
Сонымен жеке адамның санасын қалыптастыратын әдістердің маңызы:
- қоғамдық, моральдық, еңбек, эстетикалық т.б. күрделі ұғымдарды, түсініктерді, анықтамаларды, ереже нормаларымен нақтылай түседі;
- әрбір іс, қимыл, әрекеттердің, тәжірибелердің оң дәрежеде, жағымды, көтеріңкі эмоциялық күйде болуына жағдай туғызады;
- нақтылы міндеттердің анық мақсаты мен маңызы қоғамдық адамгершілік негізі арқылы айқындайды.
Бұл топтағы әдістерді қолдануда мынадай педагогикалық-психологиялық талаптар ескеріледі.
1. Сөз өте күшті сенім қаруы екенін түсіну оқушыға шын мәнінде белгілі ережені түсіндіру, жаңа мәліметтер беру немесе санасына әлдеқайда ерекше ықпал жасау қажет болған уақытта өндіру әдісін қолдану;
2. Жеке бастың психологиялық табиғатын жақсы білу, сезімнің атқаратын ролін айқындау;
3. Оқушының өмірлік тәжірибесіндегі алғашқы жинақталған ұғымдар, түсініктер қорына, мінез-құлық қажеттеріне арқа сүйену, оның оң не теріс екенін айқындау, орын алған ситуацияларды баяндау, оған қорытынды жасау.
4. Мұғалімнің, ата-ананың әңгімесіне, пікіріне баланың үнемі белсенділікпен, қызығушылықпен қатысуын ұйымдастыру.
5. Әр баланың көңіл-күйін, ынтасын арттыратындай өз ісінің-мінезінің кемшілігіне қысылатындай, өзін-өзі тәрбиелеуге жігерлендіретіндей жағдай жасау.
6. Сендіру әдісінің барлық салаларын бірлікте, жүйелі түрде, үздіксіз қолданғанда және балалардың сана-сезімі, тәжірибесі, білімі, көзқарасы мен сенімі жас өзгешеліктеріне қарай біртіндеп жоғарылаған сайын әр әдістің мазмұнын күрделендіріп, түрлендіріп, дамытып отырғанда ғана тәрбие ісі нәтижесі болады.
7. Үнемі бір әдісті қолдану оқушыларға әсер етпейді.
Ең көп тағана әдістің бірі - түсіндіру. Оқушыға адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі.
Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылар шығармалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет