1-тақырып. Тәрбие – тәрбиелеу үрдісі
1-Дәріс.
Тақырыбы: Тәрбие – тәрбиелеу үрдісін ғылыми байыптаудың негізгі категориясы.
Жоспары:
1. Педагогикалық ықпал жасау.
2. Тәрбиенің ізгілік парадигмасы. Тәрбиелеу үрдісін ізгілендірудің ұстанымдары.
3. Педагогикалық қолдау қазіргі педагогикадағы ізгілік парадигмасын көрсететін педагогтың миссиясы ретінде.
Мақсаты: студенттердің тәрбиенің гуманистік пардигмасы, тәрбие үрдісінің мәні, тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы білімін қалыптастыру.
Негізгі ұғымдары: Тәрбие, тәрбие процесі, тәрбие мақсаты, тәрбие заңдылықтары, тәрбие принциптері, тәрбие әдістері, тәрбие құралдары, тәрбие түрлері, тәрбиеші мен тәрбиеленуші.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Педагогика. Дәріс курсы. / Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова Қ.К. т.б. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003.
2. Қоянбав Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998.
3. Харламов И.Ф. Педагогика. М., 2000.
4. Подласый И.П. Педагогика. М., 2000.
Реферат тақырыптары:
1. Жалпы білім беретін мектептерде жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері.
2. Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдері.
3. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері.
4. Тәрбиенің түрлеріне сипаттама.
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
Әлеуметтік мағынада — бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз - адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
Педагогикалық мағынада - бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін
ұйымдастырылған арнайы іс-әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты үдеріс. Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықгық демоқратиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық қүндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік мәдени (өмір және әрекет-қылық қейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас (құндьлықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-күйге сәйкестігімен (көңіл-күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі құралы тәрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тәрбие - бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушыныңықпалдастығы әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылган тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік үдеріс. Педагогикалык үдерісте тәрбиенің мәні мен мақсаты және жүйесі өмір сүріп отырған қоғам саясаты мен экономикалық жүйесінің дамуына байланысты туындайды. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияларда адамдардың материалдық және рухани өмірлерінін үздіксіз өзгеріп отыруына сай, қарым-қатынастардын жаңа формалары туып, тәрбие мақсаты мен мазмұнына да жаңашыл идеялар енеді. Демек, әрбір қоғамдық-экономикалық формацияның алмасуымен әлеуметтік, философиялық ой-пікірлер де өзгерісте болып тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне ықпал жасайды.
Тәрбие - қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның алға дамуына, өркендеуіне мүмкін емес. Тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп санаған жөн. 1993 жылы қабылданған тәлім-тәрбие тұжырымдамасында «тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынас дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру» деп анықтама берілген, ал «қазақ педагогикалық энциклопедия» сөздігінде «тәрбие - қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысуымен даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі» деген анықтама береді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету кезеңінде адам факторы жаңа негізде қаралып жаңа адамды қалыптастыру барысында әрбір жасөспірімнің субьективтік талап-тілегін, бейім-қабілетін және тіршілік өмір сферасында белсенді саналы шығармашылық қасиетін одан әрі дамытады. Өйткені, жеке адамның әлеуметтік белсенділігі артқан сайын, оның терең мағыналы қоғамдық мәселелерді шеше білуге құлшына кірісіп, айналасып қоршаған адамдармен адамгершілікті-психологиялық байланыстары күрделеніп, қоғамның саяси-экономикалық қарым-қатынастары жүйесінде әлеуметтік шығармашылық көлемдері өрбіп, оның мәні арта түспек.
Жас ұрпақтарға аға буындардың жинақтап берген әлеуметгік бай тәжірибесін беруде, олардың сана-сезімдеріне сіңдіруге, мағыналы мінез-құлық нормалары мен тұрмыс, әдет-дағдыларын қалыпастыруда тұтас педагогикалық тәрбие қоғамдық функция атқарады. Осы орайда, тәрбиеге жүктелген ең басты мақсат: қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасу үстіндегі, эстетикалық талғам-сезімі мен дене күші мығым, белсенді өмірлік поэзиясы айқындалған жас өспірімді дамытып қалыптастыру.
Тәрбие процесінің мәнін ашуда Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонскин, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты. Мысалы, А.С.Макаренко тәрбие процесінің мақсаты әр елдің қоғамдық қажеттілігінен яғни біздің тәрбие процесі халқының талабынан, мақсаттары мен міндеттерінен туындайтыны белгілі.
Мектептерде оқу мен тәрбиені педагогикалық үдеріс ретінде арнайы ұйымдастырылып, оқушылардын сана-сезімдерін, мәдениеті мен мінез-құлықтарын қалыптастырды. Тәрбие үдерісі арқылы жасөспірімдср еліміздің материалдық және рухани байлықтарын, адамзат қауымының бай тәжірибесін игереді. Соның барысында жеке адамның және оқушылар ұжымның өмір тәжірибелерінен білім алуы, еңбектенуі мен бір-бірімен қарым-қатынас жасау салалары жүйесі молая береді.
Сонымен, тұтас педагогикалық тәрбие үдерісі дегеніміз - жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруда, оларды өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір әрекетімен, қызметімен қоғамға пайда келтіруден, өз жеке басына қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Педагогикалық үдерістің құрылысы өз ерекшіліктеріне байланысты алдына айқын мақсаттар қойып, тәрбие мазмұнын соған негіздеп, оларды іс жүзіне асыруда тәрбиенің формалары мен әдіс-тәсілдерін, объективтік мүмкіндіктерін, сонымен қатар жеткен жетістіктердің қорытындысын белгілейді.
Тәрбие үдерісі - жеке тұлғаның дамуын қалыптастыру үдерісі, оның құрамына сырттан мақсат бағыттылы ықпал ету мен жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі кіреді.
Бүгінгі таңда көп тараған тұжырымдамаға сәйкес тәрбие үдерісі - бір-бірімен өзара тығыз байланысты дамып отыратып тәрбиелік жағдайлар мен тәрбиелік істердің тізбегі ретінде қарастырылады, әрқайсысы алдыңғысының нәтижесі ескеріліп құрастырылатын жүйелі, көп құрылымды қызмет, іс-әрекет, қарым-қатынас.
Бұлай қарастырған (түсінген) жағдайда, тәрбие процесі дегеніміз-өздігінен дамитын жүйе, оның бірлігі - дамып отыратын тәрбиелік жағдай, жағдаят (ситуация), (тәрбиелік іс).
Р.Башарұлы: «...Кез келген жүйенің озіндік бет-бейнесін анықтайтын үш түрлі қырына» көңіл аударады: «біріншіден, қарастырып отырған жүйе өзінен үлкен қандай метажүйеге кіреді, оның ол жүйедегі орны мен қызметі қандай? Деген сұраққа жауап іздейді; екіншіден, қарастырып отырған жүйенің ішкі жүйе құраушы бөліктері сараланады; үшіншіден, әр жүйе құраушы бөліктердің ара қатынастары мен байланыстары талданып, олардың біртұтас жүйе қасиеті анықталады»,- дей келе, білім беру мен тәрбие саласындағы жүйелік байланыстарын ашып көрсетеді. Ал біз, тек қана жеке тәрбие процесіне байланысты жүйелік қатынасқа талдау жасап көрейік.
Тәрбие үдерісінде тек қана тәрбиеленуші, тәрбиелік іс-әрекет, тәрбие қызметі, тәрбиешінің өзі, тәрбиеленушімен оның өзара ықпалы, іс-әрекеті дамып қана қоймайды, біртұтас объекті дамиды, ал ол жүйе болғандықтан, компоненттердің жиынтығанан гөрі үлкенірек, ауқымдырақ болады.
Осылайша тәрбие үдерісіне деген жалпы қатынастарды әлеуметтік, психологиялық, технологиялық, әлеуметтік-психологиялық, біржақты түсінікті жеңіп отырамыз.
Тәрбие теориясы өзінің өзіндік зерттеу объектісіне ие болады.
Тәрбие үдерісіне тән мынандай қасиеттер, сипаттар айқындалып, сипатталған: статистикалылығы, көп өлшемділігі, көпжақтылығы, өзін-өзі басқарушылық, иерархиялық (иерархичность.). Тәрбие үрдісінің мазмұндық және процестік, атқарушылық (процессуалдық) жақтары бөлінеді, ажыратылады. Олардың бірлігі тек қана өте жоғары дәрежеде абстракциялағанда көрінеді де, тәрбие процесі жүргізіліп жатқан нақты жағдайдан шығуға көмектеседі. Оқу пәнінің мұғалімі, сынып жетекшісі мен ұжымның жүргізетін тәрбие жұмысы, бұл тұтас тәрбие процесі емес. Олардың соңынан тұтастықты көру үшін педагогикалық абстракция қажет. Тәрбие теориясындагы өте маңызды методологиялық проблема абстракциялаудың дәрежесі.
Төмен дәрежеде абстракциялауда тәрбие процесі көрінбейді, ал өте жоғары абстракциялау өмір шындығынан қол үзу қаупін туғызады.
Тәрбие - жеке тұлғаны мақсат бағыттылы қалыптастыру процесі. Бұл- арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын, бақыланатын, нәтижесінде қоғамға пайдалы, әрі қажетті адамды қалыптастыру мақсатын көздеген, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеті, ықпал ету процесі. Тәрбиелік ықпал алдын ала белгіленген мақсат, міндет, мұратқа сай қалыптасу үстіндегі жеке тұлғаның қоршаған табиғи-әлеуметтік ортамен рухани, өндірістік қатынасын, жеке адамдардың өзара әрекеттерін реттеп, үйлестіріп отыруға негізделеді.
Тәрбие үдерісінің ерекшеліктері: Біріншіден, бұл - мақсат-бағыттылы үдеріс. Тәрбиеленушіге тәрбиені оның мақсаты түсінікті етіп ұйымдастырғанда ғана әрі жүрегіне жақын мақсат қойылғанда ғана тәбие тиімділігі артып, дұрыс нәтиже береді. Тәрбие мақсатының нәтижелі шешілуіне объективті жэне субъективті факторлардың сәйкес келуі де маңызды роль атқарады.
Біртұтас педагогикалық үдерісіте ең маңызды орынды тәрбие үдерісі алады. Бұл үдерістің жеке тұлғаның қалыптасу құрылымынан қарау арқылы онын мәнін, орны мен ролін айқындауға болады.
Мектеп жағдайында педагогикалық тәрбие үдерісімен ұстайтын бағыттары мыналар:
- тәрбиенің мақсат-міндеттеріне орай жеке адам тұлғасын жан-жақты үйлесімді дамыту; оқыту үдерісі барысында оқушыларды қоғамдық мәдениеттер мен рухани байлықтарды /ғылым, еңбек, өнер, мәдениет/ игеруге қалыптастыру; жасөспірімдердің еңбексүйгіштік қасиеттерін еңбек процесінде қалыптастыруда және адамның шығармашылық қабілеттерін дамытуға ынталандыру және әлеуметтік мәні бар әртүрлі іс-әекеттерін, қызметін ұйымдастыру;
- әр саладағы қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерде ұжымдық қарым-қатынаста болып, бір-бірін сыйлау, құрметтеу қол үшын беру сияқты адамгершілікті - эмоциялық жағдай туғызып жеке адамның әлеуметтік функциясын дамыту;
- оқушылардың танымдык кызметтерін үтымды үйымдастырып, олардың коғамдык сапасын дамыту; әрбір оқушылардың айналасын қоршаған ортасына, ұжымына, жора-жолдастары мен достарына, өзінің жеке басына деген адамгершілікті-эмоциялық қарым-қатынастарын туғызу, олардың өздерінің болашақ атқаратын істері мен қызметтеріне қойған дәлелді мақсаттары мен бағыт-бағдарларына байланысты белсенді өмірлік позициясын тәрбиелеу;
- жекеленген балалардың адамгершілік сипаттарын және оның маңызды дәлелді максаттарын, ақыл-ой парасаттарын, эмоциялық және ерік күй сфераларын жан-жақты үйлесімді қалыптастыру;
- кейбір жекеленген оқушылардың жағымсыз қылықтары мен әрекеттеріне тежеу немесе тиым салу. Егерде мектеп ережесіи бұзатын балалар болса олардың бағыт-бағдарын қайта құруда арнайы педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |