Лекция №1
Лекция тақырыбы: Тәрбие-тәрбиелеу үрдісін ғылыми байыптаудың негізгі категориясы
Лекция мақсаты: студенттердің тәрбиенің гуманистік пардигмасы, тәрбие үрдісінің мәні, тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы білімін қалыптастыру.
Лекция жоспары:
1.Тәрбиенің ізгілік парадигмасы
2. Тәрбиелеу үрдісінің мәні
3.Тәрбиелеу үрдісінің мақсаты мен міндеттері
Негізгі ұғымдары: Тәрбие, тәрбие процесі, тәрбие мақсаты, тәрбие заңдылықтары, тәрбие принциптері, тәрбие әдістері, тәрбие құралдары, тәрбие түрлері, тәрбиеші мен тәрбиеленуші.
Реферат тақырыптары:
Жалпы білім беретін мектептерде жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері.
Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдері.
Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері.
Тәрбиенің түрлеріне сипаттама.
Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады
Достарыңызбен бөлісу: |