Ф 03-03 Жумабеков М. У., Тасполтаева М. Р., Жамелов Б. А. «Мәдениеттану» пәнінен дәріс жинағы Шымкент, 2019ж


Мәдениет құрылымы: рухани мәдениет және материалдық мәденниет



бет3/42
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#96176
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Мәдениет құрылымы: рухани мәдениет және материалдық мәденниет.
Рухани мәдениет дегеніміз - білім, идея, заң, мінез-құлық, ережелер, белгілер, әдет-ғұрып, дәстүр мен тіл болып табылады.
Материалдық мәдениет дегеніміз – тұрмыстық және өндірістік білім, өндіріс техникасы мен технологиясы және т.б. Мәдени құбылыстарды көптеген нақты ғылымдар, атап айтсақ тарих, археология, этнография, антропология, әлеуметтану сондай-ақ сананың түрлі формаларын қарастыратын философия, өнер, эстетика, дін, мораль және т.б. ғылым салалары қарастырады.
3. Мәдениет және өркениет ұғымдары көп мағыналы. Мәдениет ұғымы алғаш рет рим философы Цицеронның «Тускулан әңгімелері» шығармасында адам санасына әсер етуші, философиямен айналысу деген түсініктермен байланысты айтылған. Мәденниет ағартушылық, үлгі, білімділік мағыналарында қолданылды. И.Нидерман «Мәдениет, Цицероннан Гердерге дейінгі аралықтағы ұғымның қалыптасуы мен өзгеруі» еңбегінде мәдениет ұғымының семантикалық өзгерістерге ұшырауы туралы қарастырған. ХVІІ ғ. бастап С. Пуффендорф мәдениет терминіне алғаш түсінік бере отырып, оны адамның қолынан шыққан заттар, табиғатпен қатар өмір сүретіндігіне тоқталған.
«Мәдениет» ұғымының мәні туралы ХVІІІ ғ. ғылыми тұрғыдан қарастырыла бастады, жаңа заман ойшылдары табиғат пен адам арасында ерекше әлем бар, ол мәдениет әлемі деп түсіндрді.
Қазіргі ғылымда мәдениет ұғымына жүздеген анықтамалар берілген. Бұл мәдениет ұғымына жан-жақты зерттеу жасалғандығын дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет