Ф 03-03 Жумабеков М. У., Тасполтаева М. Р., Жамелов Б. А. «Мәдениеттану» пәнінен дәріс жинағы Шымкент, 2019ж



бет1/42
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#96176
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Ф.7.03-03

Жумабеков М.У., Тасполтаева М.Р., Жамелов Б.А.


«Мәдениеттану» пәнінен дәріс жинағы



Шымкент, 2019ж.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті

«Философия және мәдениеттану» кафедрасы

Жумабеков М.У., Тасполтаева М.Р., Жамелов Б.А.


«Мәдениеттану» пәнінен дәріс жинағы
барлық мамандық студенттеріне арналған

Шымкент, 2019ж.

ӘОЖ 947.1(574)(075.5)


КБЖ 63.3 (2Каз)

Құрастырған: т.ғ.к., доцент Жұмабеков М.У., магистр, аға оқытушы Тасполтаева М.Р, магистр, оқытушы Жамелов Б.А. Барлық мамандық студенттеріне «Мәдениеттану» пәнінен дәріс жинағы - Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2019. 60-бет.


Әдістемелік нұсқаулық Жоғары білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік-саяси білімдер модулінің үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп жасалынған. Типтік оқу бағдарламасы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 жылғы 31 қазан №603 бұйрығымен өзгертулер енгізілген. (6 қосымша).

Мәдениеттану пәнінен дәріс жинағы оқу жоспары және жұмыс бағдарламасының талаптарына сәйкес жасалынған. Дәріс жинағы оқыту үшін барлық қажетті ақпарат қамтылған.


Дәріс жинағы мазмұны, сабақты жүргізу жоспары, негізгі терминдер мен ұғымдар, қысқаша теориялық ақпарат, пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер қамтылған.

Рецензент: Рысбаева С.Ж.- с.ғ.к., доцент М.Әуезов атындағы ОҚМУ

«Философия және мәдениеттану» кафедрасының мәжілісінде (хаттама №____, «____»_____201___ ж.), «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің әдістемелік комиссиясымен (хаттама №____,«____»______201__ж.) қарастырылып баспаға ұсынылды.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқу - әдістемелік кеңесімен басылымға ұсынылды.


( хаттама №___ «___»_____ 201___ ж.)

© оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті, 2019
Басылымға жауапты Тасполтаева М.Р.
МАЗМҰНЫ

Кіріспе............................................................................................................................................6


№ 1 Мәдениет морфологиясы.......................................................................................................7


№ 2 Мәдениет тілі.......................................................................................................................10

№ 3 Мәдениет семиотикасы .......................................................................................................14


№ 4 Мәдениет анатомиясы..........................................................................................................17


№ 5 Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті....................................................................................19


№ 6 Арғытүркілердің мәдени мұрасы..........................................................................................22


№7 Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті...........................................................................25


№ Түркілердің мәдени мұрасы......................................................................................................28


№ 9 Қазақ мәдениетінің қалыптасуы.............................................................................................33


№ 10 XVIII ғ.– ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті.........................................................36


№ 11 ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті.............................................................................................40


№ 12 Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті..........................................................43


№ 13 Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті................................................................................45


№ 14 Қазақстанның мәдени саясаты.............................................................................................49


№ 15 «Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы........................................................................52


Білім алушының лекция сабағынан білімін бағалау критериялары.......................................54


Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................................................55

Кіріспе

«Мәдениеттану» курсы әлеуметтiк-гуманитарлық циклындағы жалпы бiлiм беруi пәнi болып саналады. Мәдениеттану ғылым ретінде қарастырылып, қолданыла бастағанына көп болған жоқ. Бұрын мәдениет саласын философия, тарих, өнер тану, этика эстетика және басқа да ғылым салалары қарастырып келген болатын. Біздің қоғамымыздағы рухани өмірдің түбірлі өзгеруіне байланысты Қазақстанның тәуелсіз даму жылдарында мәдениеттану тек ғылым ретінде бөлініп қарастырылмай, жоғары оқу орындарында пән ретінде оқытудың өзектілігі күн тәртібіне қойылып отыр.


Осындай жағдайда мәдениеттану курсы студенттерге мәдениеттің көп образды екендігіне бағыттар береді. Мәдениеттану курсы мен танысу барысында студент мәдениеттің даму тенденциялары және даму заңдылықтарын анықтай алады, адамның күнделікті өмірде мәдениеттің алатын орны туралы білім алады. Бұл курс мәдениет құрылымы, мәдениеттің субьектісі туралы, культурогенез, мәдениет диалектикасы, мәдени құндылықтар және нормалар, мәдени салт-дәстүрлер, әлемнің мәдени картинасы, мәдениеттің әлеуметтік институттары, мәдениеттің даралығы, мәдени модернизация, мәдениет типологиясы, этникалық және ұлттық, элитарлық және бұқаралық мәдениеттер, мәдениеттің Шығыстық және Батыстық типтерінің ерекшеліктерін терең түсінуге және айырмашылықтарын ажырата білуге көмектеседі. Бұл курсты оқып білу барысында студент әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің мәдениеттерінің дамуы туралы терең танысып, Қазақстан мәдениетінің даму тарихынан толық мәлімет алып, оның әлемдік мәдени үрдісіндегі орнын анықтай алады. Мәдени үрдістерді талдау жасаудың диалектикалық әдісін меңгереді.
Пәндi оқытудағы мақсат: Бағдарламаның мақсаты – «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мән мәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.
Пәнді оқытудың міндеттері:
- негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;
-қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;
-заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру;
-студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру;
-әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;
-сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет