Ф 03-18 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Дәріс №15 Тауық гетеракидозы



бет55/59
Дата18.12.2021
өлшемі162,87 Kb.
#103021
түріКонспект
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
құс аурулары

Дәріс №15

Тауық гетеракидозы.

Аурудың дамуы, өтуі, клиникалық белгілері.

Аурудың патанатомиялық өзгерістері.

Дифференциалды диагнозы, емі, алдыналу және күресу шаралары.
Гетеракидоз – тауықтың, күркетауықтың Heterakidae тұқымдасына, Oxyurata тек тармағына жататын соқыр ішек өсіндісінде мекендейтін Heterakis gallinarum қоздыратын ішқұрт ауруы. Бұл паразит тауық пен күркетауықтан басқа мысыр таығында, қырғауылда, сирек жағдайда үйрек пен қазда да кездеседі.

Қоздырғышы ұсақ жұмыр құрттар, олардың өңешінің астыңғы жағы торсыйып кеңейген. Аузы үш ерінмен көмкерілген. Еркгінің тұрқы 6-11 мм, тең емес 2 спикуласы бар, біреуінің ұзындығы екіншісінен 3 есе қысқа. Үшкір болып келген құйрық жағында жабысқақ бүртігі бар. Ұрғашысының қынабы денесінің арт жағында, дене тұрқы 8-12мм. Жұмыртқалары ұзынша сопақ келген, тұрқы 0,063-0,075х0,036-0,048 мм. Екі қабат қабығы ішінде дөңгелек бластомерлері бар.

Өсіп - өнуі. Гетеракистердің өсіп-өнуі оксиурид типтес. Ішқұрттың ұрғашылары ішек қуысына жұмыртқа салады. Олар құстың саңғырығымен қоршаған ортаға шығады. Онда қолайлы жағдайда 1-3 аптадан кейін жұқпалы сатысына жетеді. Құс шарбақ немесе құс қораларында, осындай жұмыртқаларды сумен немесе жеммен жұтып ауруға шалдығады. Құстың ащы ішегінде залалды жұмыртқалардан балаңқұрттар шығып, 24 сағаттан соң бүйеннің соқыр өсіктеріне еніп, оның кілегей қабығының ішінде 6-12 тәулік болып, тоқ ішіне қайта түседі де, 24-35 күннен кейін ересек гетеракистерге айналады.

Эпизоотологиялық мәліметтер. Гетеракидозбен барлық жастағы құстар ауырады. Дегенмен ауру 8 айдан 2 жасқа дейінгі тауықтарда жиірек кездеседі. Ауру жыл бойына кездескенмен жаз, күз және қыс айларында көбірек таралады. Бір тауықта инвазияның мардымдылығы 1,5 мың құртқа дейін барады.

Жұмыртқа қабығы қалың болғандықтан олар қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне, атап айтқанда, кебуге, суыққа, химиялық заттарға өте төзімді. Олар 1 пайызды тұз қышқылында және алмас ерітіндісінде дами береді, 16-19 күн кептіргенде тіршілігін жоймайды. Күн көзінен тасалау, ойпатты жіне ылғалды топырақта гетеракис жұмыртқалары 8-9 айдай тіршілігін сақтайды. Қыстап шыққандары тіршілік қабілетін жоймайды.

Гетеракидозды шыбындар және т.б. жәндіктер тасымалдауы мүмкін. Сондай-ақ жауын құрттары-шемендер гетеракистің қор жинағыш иесі болып табылады. Денесінде инвазия көзін сақтаған жауын құртын жеп, құстар гетеракидозға шалдығады.



Аурудың дамуы. Тауық организміне гетеракистер уытты және жарақаттау әсерін тигізеді. Асқазан жолдарының қызметі бұзылады. Сондықтан құс арықтайды, жұмыртқалағыштығы төмендейді. Уытты әсері эозинофилиямен бауырдың қанға толуына, тоқырау құбылыстарына соқтырады. Гетеракистердің кейбір Histomanas meleagridis сияқты қарапайымдылардың организмге енуінде де маңызы бар. Гетеракидозбен ауырған құсқа қосымша гистоманоз жұқса, олардан шыққан гетеракис жұмыртқаларында гистоманоз жұқса, олардан шыққан гетеракис жұмыртқаларында гистоманос қарапйымдылары болады. Мұндай жұмыртқалармен зақымданған құс бір мезгілде екі ауруға шалдығады. Мұндайда гетеракистер гистоманоз ауруын асқындырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет