Ф 03-18 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Патанатомиялық өзгерістері



бет17/59
Дата18.12.2021
өлшемі162,87 Kb.
#103021
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59
Байланысты:
құс аурулары

Патанатомиялық өзгерістері.Көмей мен кеңірдек кілегей қабығы ісінген, қан кернеп қызарған , оның бетінен көптеген қанталау нүктелері табылады, жалқаяқ жиналған.Кеңірдегі бітеліп өлген құстың кілегейлі қабықтары көгеріп кеткен, өкпесін қан кернеген .

Аурудың көзді зақымдайтын түрімен ауырған құстың коньюктивасы қызарған, қабақтары ісінген, үшінші қабағы астына сүзбе тәрізді қойыртпақ жиналған.



Дифференциалды диагнозы. Жұқпалы ларинготрахейт эпизоотологиялық мәліметтерге, ауру белгілеріне және сойып қарағандағы өзгерістерге қарап анықтайды.Жұқпалы ларинготрахейт анық білінбеген жағдайда ауруды дәл анықтау үшін осы аурумен ауырмаған 30-60 күндік 4 –тауық балапанын биологиялық сынаудан өткізеді. Ауру жұқтыру үшін кеңірдектен жалқаяқ алып және көмей, кеңірдек кілегей қабығы қырындысын ас тұзы физиологиялық ерітінді де ерітіп ( 1 : 5 не 1: 10 қатынаста ) суспензия әзірлейді. Ішінде вирус бар суспензияны ( 0,1 мл ) балапан артқы тесігі немесе көмейі , кеңірдегі кілегей қабығына ысқылап жағады.

Емі. Жіті түріне арнайы дәрі жоқ. Іс жүзінде мынадай дәрілер қолданылады: Тұз қышқылды биомицин күніне құс басына 10—30 мг 4—5 күн азыққа қосып береді.

5—7 күннен кейін ем қайталанады. Бұлшық етке 2—3 рет синтомицин (3—5 мың өлшем бірлігі) (7—8 күн салып арасына ) .

Соңғы уақытта иодинол қолданады , оны ылғал азыққа қосып , тауық басына 0,25 мл береді. Бұл дәріні 1 ай бойы арасына бір апта үзіліс жасап күніге ішкізеді.

Жұқпалы ларинготрахейттің көзді зақымдайтын түрімен ауырған құстарға бұлшық етке стрептомицин егеді. Дәрі балық майына ( 1 мл майға - 3—5 мың өлшем ) араластырып 2-3 рет ( арасына 7-8 күн салып ) енгізеді. Құсқа 2—3 апта бойы аптасына бір рет хлор- скипидар иіскетеді. Осы мақсатта құс қора әрбір шаршы метріне 2 г хлорлы әк ( хлор үлесі 36—37 % ) және 0,2 мл скипидар жұмсалады.

Көзге 30 % альбуцид , 1 : 5000 есе сұйытылған фурациллин , стрептомициннің 5 % ерітіндісі тамызылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет