Ф 03-18 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Дәріс №4 Жұқпалы ларинготрахеит



бет15/59
Дата18.12.2021
өлшемі162,87 Kb.
#103021
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59
Байланысты:
құс аурулары

Дәріс №4

Жұқпалы ларинготрахеит

Аурудың дамуы,өтуі, клиникалық белгілері.

Аурудың патанатомиялық өзгерістері.

Дифференциалды диагнозы, емі, алдын алу және күресу

шаралары.
Жұқпалы ларинготрахеит –құстың әсіресе тауықтың танауы мен көмеиін ,кеңірдегін ,сондай-ақ оның көзі сыртқы қабығын зақымдайтын індет түрінде өтетін жұқпалы ауру.Жұқпалы ларинготрахеит құс шаруашылығына айтарлықтай зиян тигізеді. Онымен ауырған құстың жұмыртқа салуы төмендеп ,15-30% өледі. Ауырып тұрған немесе күдікті құсты сойып тастауға тура келеді.Көпке дейін вирус сақталады.Шаруашылықта малдәрігерлік –санитарлық ,сақтық шараларын жүргізу қажет.

Ауру қоздырғышы-арнайы сүзгіден өтетін вирус,ол ауру құстың көмейі мен кеңірдегіндегі жалқаяқта быжынап жүреді.Жұқпалы ларинготрахейт вирусы түрлі физикалық және химиялық заттардың әрекетіне онша төзімді емес .Осы аурудан өлген өлекседе көктемде жер бетінде сақталса ,оның ішіндегі вирус 30 күн бойы өлмейді, уытын жоймайды. Мұз болып қатқан құс ұшасында вирус 19—30 ай сақталады .Тікелей түскен күн сәулесінде ол көп болса 7 сағат тірі қалады .Күйдіргіш натрий 1 % ерітіндісінде , крезолдың 3 % ерітіндісінде , фенолдың 5 % ерітіндісінде вирус 1—2 минутта өліп қалады .

Эпизоотологиялық мәліметтер. Табиғи жағдайда жұқпалы ларинготрахеитпен көбінесе тауық ауырады.Оған әсіресе 2-3 айлық балапандар шалдыққыш келеді.Кейде 30-40 күндік балапандар ауырады.Бұл аурумен тауықтан басқа , күрке тауық пен қырғауыл шалдығады.Қазбен үйрек жұқпалы ларинготрахеитпен ауырмайды.Ауру әсіресе құс азығы құнары төмен , күтімі нашар (ауасы тар, сыз, сығылыс орналастыру, витамин, минералды заттардың жетпеуі) шаруашылықтарда жиі кездеседі. Індет әдетте ларинготрахейтпен ауырып тұрған және одан айыққан құс арқылы тарайды. Мұндай құс денесінде вирус екі жыл бойы сақталуы мүмкін . Жұқпалы ларинготрахейт ауру құс саңғырығы мен несебі тамған жем және несеп арқылы жұғады. Вирусты жабайы құстар, егеуқұйрық т.б. жануарлар тасымалдауы мүмкін. Ол құс денесіне танау мен ауыз арқылы сондай-ақ коньюктиваға (көздің сырт қабығы) енеді де, ауруға шалдықтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет