Ф 03-18 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет16/59
Дата18.12.2021
өлшемі162,87 Kb.
#103021
түріКонспект
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59
Байланысты:
құс аурулары

Клиникалық белгілері. Құсқа ауру табиғи жолмен жұқса немесе қолдан жұқтырылса, жасырын кезең 3-12 күнге созылады. Аурудың даму шапшаңдығы ,оның барысы денеге енген вирустың санына ,уыттылығына және құс жағдайына байланысты .

Ауру жіті ( 3- 10 күн ) , жітілеу ( 2-3 апта ) және созылмалы ( 2 ай) түрде өтеді.Жіті түрінде құстың ( ауру ) 50-60 % , жітілеу 10-15 % ,созылмалы 2- 5 % өледі.

Белгілеріне қарай ауру 2-ге бөлінеді:

1.Құс көмейі , кеңірдегі .

2.Көз сырт қабығы .

Құс көмейі , кеңірдегі зақымданса ауру жіті өтеді . Ауру құс күйзеледі , жүргісі келмей, жүні үрпиіп , көздерін жұмып отырып алады. Тәбеті төмендеп, жойылады.Одан әрі құс жөтеле бастайды, тынысы тарылады, мойнын жоғары ,төмен созып аузымен демалады. Сырылдап дем алады. Кеңірдекке көп болып жалқаяқ жиналады. Көбінесе құс тұншығып өледі.

Құс көзі зақымданса , көз сырт қабығы мен танаудың кілегей қабығы күрделі өзгеріске ұшырайды. Көздері қан кернеп , қызарып , танауынан су ағып , құс түшкіреді. Көзі сығырайып , жас сорғалайды. Көзін жарықта аша алмай , қанатына сүйкей береді.Коньюктивит кератитке айналып , құс соқыр болады.Олар әбден арықтап, соңында өледі.Аурудың осы түрімен көбінесе 25—40 күндік балапандар ауырады .Бірақ көмей мен кеңірдек көбінесе зақымданбайды. Көзі зақымданып ауырған құстардың 80 % шығын болады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет