Дәріс №5
Пастереллез.
Аурудың дамуы, клиникалық белгілері, өтуі.
Аурудың патанатомиялық өзгерістері.
Дифференциалды диагнозы, емі, алдын алу, күресу шаралары.
Пастереллез(холера, қанталап қағыну)- барлық құс түрлерінің қауіпті де, жұқпалы ауруы. Пастереллез шаруашылыққа орасан зор зиян тигізеді: онымен ауырған құстың 50-80%, тіпті оданда көбі өледі, ауру құстың өнімі төмендейді, шаруашылықтың өркендеуіне бөгет жасайды . Ауру қоздырғышы – Pasteurella multocida дейтін бактерия. Ол екі ұшы боялған, қозғалмайтын сопақша болып келген кішкентай қысқа таяқшаға ұқсайды. Пастерелла спора құрмайды, бірақ капсуламен қапталады.
Аурудың дамуы. Пастереллезбен үй құстары мен жабайы құстардың барлық түрі ауырады. Ауру қыс пен көктемде өрши түседі. Бұл кезде қораның іші ылғалды болады, оның температурасы біресе төмендеп, біресе жоғарылап құбылып тұрады. Азығы мен күтімі нашар болса, құс пастереллезге шалдыққыш келеді. Пастереллез айналаға ауру және аурудан айыққан құстар арқылы тарайды. Ауру жоқ шаруашылықта пастереллез микроб түскен азық, қасап қалдықтары сондай-ақ ауру құс пен жанасқан адамдар арқылы тарап кетуі мүмкін. Әсіресе осы аурудан өлген құс қауіпті: сау құс өлексені шұқиды да, ауруға шалдығады.
Достарыңызбен бөлісу: |