Патанатомиялық өзгерістері. Өте жіті пастереллезден өлген құстың денесінде ешқандай өзгеріс болмайды. Тек кейде ғана эпикард астынан нүкте тәрізді қан дақтары, ал жүрек қабынан сулы жалқаяқ табылады. Жіті пастереллез кезінде ішкі органдарда дақты қанталаулар байқалады. Бауыр әдетте азғындаған, оның бетінен өлі еттенген ұсақ дақтар табылады. Кейде ішектің кілегейлі қабығы қанталаған, оған фибрин шөккен. Созылмалы пастереллезден өлген құс тым арық болып көрінеді,оның терісінің астынан қойыртпаққа толы бітеу жаралар (абцесс) табылады.