Дифференциалды диагнозы.Пастереллез эпизоотологиялық мәліметтерге, ауру белгілеріне, сойып қарағандағы өзгерістерге , биологиялық сынау нәтижелеріне қарай, сондай-ақ қан,
бауыр, талақ, жұғындыларын зерттеу нәтижелеріне қарай анықтайды.Жұғындыны
Романовский-Гимза әдісімен бояйды да, микроскоп арқылы қарайды.Құс пастереллезге шалдыққан болса ,жұғындыдан екі ұшы көкшіл түске боялған пастереллалар көрінеді. Биологиялық сынаудан өткізу үшін бірнеше ақ тышқан және 4-5 айлық тауық балапандары таңдап алынады. Олардың денесіне ауру құстың ұлпалы органдарынан жасалған эмульсия
жіберіледі. Эмульсия физиологиялық ерітіндіде 0,5 мл мөлшерінде әзірленеді. Денесіне эмульсия жіберілген балапан не тышқан әдетте 1-2 тәуліктен кейін, кейде 3-5 тәуліктен кейін өледі.
Емі. Құсты емдеу ,оны аурудан сақтау мақсатымен антибиотиктер, сульфаниламид препараттары қолданылады.Террамицин 3-5 күн бойы күніне бір мезгіл (20 мг/кг) бұлшық етке енгізіледі , немесе күніне екі мезгіл(құс басына-30мг) азыққа қосып береді. Биомицин- 5-7 күн бойы азыққа қосып(құс басына күніне 15-20 мг) беріледі, не 3-5 күн бойы күніне 2-3 рет(10-40мың өлшем) бұлшық етке енгізіледі. Стрептомицин- 3-5 күн бойы күніне 3 мезгіл(құс басына 10-100 мың өлшем) бұлшық етке енгізіледі. Сульфадимизиннің натрий тұзы 6-7 күн бойы тауық пен үйрекке- 0,1 г, күрке тауық пен қазға -0,2 г мөлшерінде күніне бірақ рет беріледі. Оны 0,1% ерітінді ретінде су орнына ішкізеді не ылғалды азыққа қосып береді.
Достарыңызбен бөлісу: |