Клиникалық белгілері. Құстың жалпы күйіне, азығы мен күтіміне, сондай-ақ ауру қоздырғышының уыттылығына қарап, аурудың барысы мен белгілері де әр түрлі болады. Пастереллез өте жіті, жіті және созылмалы түрде өтеді.
Өте жіті пастереллезге шалдыққан құс сырттай қарағанда сап-сау болып көрінеді, бірақ кенеттен құлайды да, өледі. Өлер алдында айдары мен сырғалары көгеріп кетеді.
Аурудың жіті түріне шалдыққан құс күйзеледі, тәбетінен айырылады, шөлдейді, ыстығы көтеріледі(43-44˚) . Құстың тынысы тарылып, әлсіреіді. Ол әдетте ауру басталған соң 2-3 күн өтісімен өледі.
Пастереллез ұзаққа созылса құс аздап күйзеледі, тәбеті қашады, іші өтеді. Кейбір құстардың тұмсығынан су ағып, екі сырғасы бірдей ісіп кетеді. Зақымданған сырғаның көлемі 3-10 есе ұлғайады. Пастерелез кезінде аяқ буындары зақымданса, құс ақсайды. Ауру құс өте арықтап кетеді.
Өтуі. Пастерелез қоздырғышы құс денесіне енген соң, қан ағысына ілесіп түрлі органдарға тарайды. Мұнда ол қайта- қайта бөлініп көбейеді де, сепсиске(қағыну) әкеліп соғады, құс денесін улайды. Осыған орай органдардың сыртқы және ішкі қабықшаларына транссудат жиналады да, олар қанталайды. Ауру қоздырғышының уыты аз болса, кейбір органдар мен ұлпалар ғана зақымданады.
Достарыңызбен бөлісу: |