Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет12/70
Дата05.02.2022
өлшемі1,87 Mb.
#12495
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70
2 семестр

Модуль аталымы

Мамандыққа кіріспе

Модульдің қысқаша аталымы

МК

Тақырыпша

Қазіргі замандағы техника мен машина жасау технологиясы дамуының негізгі бағыттары. Машина жасау өндірісінің инженер-технолог мамандығы қызметі. Машина жасаудағы бұйым және өндіріс. Кесу процессінің негізгі түсініктері. Машина жасауда қолданылатын конструкциялық және инструментальды материалдар. Құрылғылар, инструменттер және технологиялық қосалқы жабдықтаушы бөлшектер. Дайындамаларды механикалық өңдеу, олардың әдістері және сипаттамалары. Технологиялық процесстердің автоматтандырылуы. Еңбек қауіпсіздігі және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Оқу-пән курсынан оқу іс-шаралар

Лекциялар, практикалық сабақтар, СӨЖ, ОСӨЖ

Семестр

3

Модульге жауапты

Әлібеков О.Б.

Доцент/оқытушы

Доцент

Жұмыс тілі

Қазақ тілі, орыс тілі

Оқу жоспарымен ара қатынасы

Таңдау бойынша компонент (КВ)

Оқыту формасы, академиялық сағат саны

Дәріс 15 сағат, практикалық – 15 сағат, ОСӨЖ-15 сағат, СӨЖ- 15сағат.

Еңбек сыйымдылығы

90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

ЕСТS 2

Модуль шеңберіндегі оқыту әдісінің шарттары

Курс переквизиттері: математика, физика, химия және тарих.

Білім беру мақсаты/хабардарлылық

Пән студенттерге машина жасау технологиясының даму тарихын оқытады, машина жасау өндірісіндегі бұйым мен машина бөлшектері, олардың беттерінің сапасы, өңдеу дәлдігі, стандарттау мен техникалық нормалау жайлы мағлұматтармен таныстырады, өндірістің автоматтандырылуы және технологиялық процесстердің автоматтандырылған жобалау жүйелері туралы негізгі деректерді береді.
Курсты аяқтағаннан кейін студенттерде мынадай жағдайларды білуі қажет: өндірістегі бұйымдар және объектілер, конструкциялардың технологиялылығы туралы түсініктері болуы, кәсіпорындағы өндірістік және технологиялық процесстерді талдай алуы, беттерді өңдеу дәлдігі сипаттамалары, кесу режимі, машина жасау саласындағы станоктар мен инструменттердің типтері және т. б. білу, материалды дұрыс таңдай алу және оның өңделуін тағайындауды үйрену, кесу режимдерін есептеуді игеру және с.с.
Компетенциялары: жалпы инженерлік пәндерді оқып үйренуде қажетті білім алу.

Мазмұны

Дәріс мазмұны: Кіріспе. Ресей және Қазақстандағы машина жасау өндірісінің даму тарихы. Машина жасау өндірісінің өркендеуіне үлес қосқан өнертапқыштар мен зерттеуші ғалымдар. Қазіргі замандағы техника мен машина жасау технологиясы дамуының негізгі бағыттары. «Машина жасау» пәнін оқудың кейбір ерекшіліктері. Машина жасау саласының ғылым ретінде даму кезеңдері. Машина жасау технологиясы дамуының негізгі бағыттары. Машина жасаудағы ресурстарды үнемдеу мәселелері. Машина жасау өндірісінің инженер-технолог мамандығы қызметі. Дипломды маманды дайындаудың нормативті-құқықтық базасы және кәсіби қызмет саласы. Инженер-технолог атқаратын қызметтер. Инженер - технологтың қызметтік санатын бағалау критерийлері. Машина жасаудағы бұйым және өндіріс. Бұйым түрлері, оларға қойылатын талаптар. Машина жасау өндірісіндегі өндірістік және технологиялық процесс. Технологиялық процесстің құрылымдық бөліктері. Өндіріс типтері және жұмыс әдістері. Бөлшектердің типтері және технологиялық процесстердің типтелінуі. Технологиялық процесстердің типтелінуі және дифференциациялануы. Бұйым конструкциясының технологиялығы, негізгі түсініктер. Бұйымды технологиялыққа дайындау стадиялары. Бұйым конструкциясының технологиялық көрсеткіштері. Өңдеуге берілетін әдіптер (припуски) және оларды анықтау әдістері. Бөлшектердің дайындамалары (заготовки), оларға қойылатын талаптар, дайындалу әдістері. Дайындамаларды жасайтын құймалар. Өңдеу әдісі және машина бөлшектері беттерінің сапасы. Дәлдік сипаттамасы және оны анықтайтын факторлар. Өңдеудегі қате жіберушіліктер. Беттің кедір-бұдырлығын бағалау параметрлері. Беттің кедір-бұдырлығын бағалау әдістері және өлшейтін құралдар. Машина бөлшектерінің қосылыстары түрлері, беттерді өлшеу әдістері және құралдары. Отырғызулар және отырғызу-лардың дәлдік шектері. Машина бөлшектерін өлшеу құралдары және әдістері. Кесу процессінің негізгі түсініктері және техникалық нормалау. Металлдарды кесу жайлы жалпы мағлұматтар. Кесу процессінің негізгі элементтері. Кесу кезіндегі болатын физика-химиялық процесстер. Майлаушы-суытушы технологиялық сұйықтар (МСТС (СОТЖ)). Техникалық нормалау. Машина жасауда қолданылатын конструкциялық және инструментальды материалдар. Конструкциялық материалдар. Ұстаралық инструменттерге арналған инструментальды материалдар. Абразивті инструменттерге арналған материалдар. Құрылғылар, инструменттер және технологиялық қосалқы жабдықтаушы бөлшектер. Металл өңдеуші станоктар жайлы мағлұматтар, олардың сұрыпталынуы. Құрылғыны таңдау. Негізгі металл кескіш әмбебап және арнайы инструменттер. Станоктардың технологиялық жабдықтаушы тетіктері және бекіткіш құралдары. Бөлшектердің дайындамаларын (заготовки) механикалық өңдеу, олардың әдістері және сипаттамалары. Ұстаралық инструменттермен өңдеу: жону (тесу), (точение), сүргілеу (строгание), ұңғылау (долбление), фрезерлеу, созғылау (протягивание) және тесу (прошивание), бұрғылау (сверление), зенкерлеу және қашау (развертывание). Абразивті инструменттермен өңдеу: ажарлау (шлифтеу), хонингтеу, супераяқтау (суперфиниширование) және микроаяқтау (микрофиниширование), жылтырату (полирование), келтіріп - ысқылау (доводка-притирка). Беттік пластикалық деформациялаумен өңдеу. Дайындамалардың беттік қабаттарын пластикалық деформациялау. Дайындамалардың беттерін орап тегістеу (обкатывание) және жазып тегістеу (раскатывание). Тесіктерді калибрлеу (калибрование). Вибродомалатып (вибронакатывание) тегістеу. Алмазбен сипалап тегістеу. Беттердің бе-ріктігін инструменттермен соққылап күшейту (наклепывание). Бұдырларды домалатып тегістеу. Өңдеудің электрфизикалық және электрхимиялық тәсілдер. Технологиялық процесстердің автоматтан-дырылуы. Негізгі түсініктер. Автоматты линиялар және олардың сұрыпталынуы. Икемді өндірістік жүйелер. Өнеркәсіптік роботтар, олардың сұрыпталынуы. Технологиялық процесстерді жобалаудың автоматтандырылуы. Машина жасау саласындағы технологиялық процесстерді жобалау принциптері. Технологиялық процесстерді жобалаудың сұрыпталынуы және этаптары. Еңбек қауіпсіздігі және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кәсіпорындағы тіршілік қауіпсіздігі жайлы. Кәсіпорын құрал-жабдықтарына және өрттен қорғау жүйесіне қойылатын қауіпсіздік талаптары. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар.
Практикалық сабақтардың мазмұны: Ресей және Қазақстандағы машина жасау өндірісінің даму тарихы. Қазіргі замандағы мен машина жасау технологиясының ерекшіліктері. Машина жасау ондірісінің инженер-технолог мамандығы қызметі. Машина жасау технологиясындағы бұйым және өндіріс. Бұйым конструкциясының технологиялылығы
Дайындаманы өңдеуге берілетін әдіптер (припуски) және оларды анықтау әдістері. Машина бөлшектерін беттерінің өңдеу сипаттамасы және сапасы. Машина бөлшектерінің қосылыстары, олардың беттерін олшеу әдістері және құралдары. Металлдарды кесу процесстері. Машина жасаудағы техникалық нормалау. Машина жасау саласындағы қолданылатын конструкциялық және инструментальды материалдар. Металл өңдеуші станоктар. Станоктардың технологиялық жабдықтаушы тетіктері және бекіткіш құралдары. Бөлшектердің дайындамаларын ұстаралық инструменттермен өңдеу. Дайындамалардың беттерін абразивті инструменттермен өңдеу. Дайындамаларды беттік пластикалық деформациялап өңдеу. Технологиялық процесстерді автоматтандыру. Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және ондағы тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Оқу-іс әрекетінің нәтижесі-қорытынды тексеру формасы

Пәнді оқу және емтихан тапсыру процессі барысында студент өндірістегі бұйымдар және объектілер жайлы, конструкциялардың технологиялылығы туралы түсініктері болуы, кәсіпорындағы өндірістік және технологиялық процесстерді талдай алуы, беттерді өңдеу дәлдігі сипаттамалары мен кесу режимдерін есептеу жайлы мағлұматы болуы, машина жасау саласындағы станоктар мен инструменттердің типтерін, материалды дұрыс таңдай алу, оның өңделуін тағайындауды және т.б. білуі тиіс. / Үлгерімді ағымды бақылау, қорытынды бақылау (емтихан).

Оқытудың электрондық және техникалық құралдары

Таратылатын материал – 15 дәрістер, плакаттар – 31 дана., слайдтар –. ...., компьютерлік бағдарламалар – ..... МВ, мультимедиа – ....... МВ, зертханалық әмбебап стол қондырғылары және стенділер – 12 дана.

Пайдаланатын әдебиеттер

  1. Виноградов В.М. Технология машиностроения: Введение в специальность : учеб. Пособие для студ. высш. учеб. заведений / В.М.Виноградов. - 2–е изд. стер. –М.: Издательский центр «Академия», 2007. – 176с

  2. Т. Мендебаев "Машина жасау технологиясы" Алматы. Алтынсарын 1999

  3. Туляев Ю. К. Машина жасаудың техникалық негіздері. Шымкент 2006

  4. Шыныбаев М.А. Ауыл шаруашылық машиналарын жобалауды автомат-тандыру негіздері (Мәтін") / Шыныбаев М.А. - Алматы: Ана тілі, 1991. –

  5. Данилевский В.В. Технологии машиностроения : учебник для техникумов / В.В.Данилевский. – 4-е изд., перераб.и доп. – М.: Высшая школа, 1977. -479с.

  6. Маталин А.А. Технология машиностроения : учебник для машиностроит. вузов по специальности «Технология машиностроения, металлорежущие станки и инструменты» / А.А.Маталин. – Л.: Машиностроение, 1975. -496с.

  7. Основы технологии машиностроения : учебник для вузов / под ред. В.С.Корсакова. – 3-е изд. . перераб. и доп. – М.: Машиностроение, 1975. -328с

  8. Колев К.С. Технология машиностроения : Учебное пособие для студентов машиностроит. спец. вузов / К. С. Колев. - М. : Высшая школа, 1977. - 256 с.

  9. Мосталыгин Г.П. Технология машиностроения : Учебник для инж. экон. спец. вузов / Г. П. Мосталыгин, Н. Н. Толмачевский. - М. : Машиностроения, 1990. –

  10. Технология машиностроения : учебник / Л. В. Лебедев [и др.] ; Допущено МО РФ. - М. : Академия, 2006. - 528 с. - (Высшее профессиональное образование, Машиностроение).

  11. Терминологиялық сөздік. Машинажасау. Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы. Алматы 2000.

  12. Ходжибергенов Д.Т. "Кесу теориясының негіздері". Оқу құралы.-Шымкент, 2008. 116 бет

  13. Туляев Ю. К. Машина жасаудың технологиясының негіздері. Алматы. 2006

  14. Омаров А.К. Конструкциялық материалдардың технологиясы Алматы Жоғары мектеп 1973.

  15. Уразбаев Б.Е., Нысанбаев А.К., Сыздыков С.Е. Конструкциялық материалдардың технологиясы Алмата. 1995. изд. Жоғары мектеп

  16. Зворыкин А.А. История техники / А.А.Зворыкин. –М. Наука, 1962. -206с.

  17. Шихельман Г.М. Занимательная технология машиностроения / Г.М.Шихельман. – М.: Машиностроение, 1987. -90с.

  18. Смирнов В.К. Токарь-расточник : учебник для СПТУ / В.К.Смирнов. – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высшая школа, 1987. -255с. (Профтехобразование)

  19. Фещенко В.Н. Токарная обработка : учебник для ПТУ / В.Н.Фещенко, Р.Х.Махмутов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Высшая школа, 1990. -303с.

  20. Дунин-Барковский И.В. Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения : учебник для вузов / И.В. Дунин-Барковский. - 2–е изд. перераб. и доп. – М.: Машиностроение, 1975. -352с.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет