Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет47/70
Дата05.02.2022
өлшемі1,87 Mb.
#12495
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70
Пәннің аталуы

Жылу техникасы

Қысқартылған атауы

ЖТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Орымбетов Әмит Махатович

Доцент / оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, лаборат. – 15, практикалық–15, ОСӨЖ–45, СӨЖ–45.



Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пән пререквизиттері: жоғары математика (функция, диф.туындылар, интегралдау, функциялардың экстремумы); физика (сұйықтар мен газдардың қасиеттері, жылу, энергия, диффузия); гидравлика (шекаралық қабат, ағу режимдері, қозғалудың диф. теңдеулері), химия (заттың құрылысы, химиялық элементтердің қасиеттері, химиялық реакциялардың стехиометриясы).

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Жылу техникасының теориялық негіздерін, жылу мен жұмыстың бір-біріне айналу заңдылықтарын, жылукүшті машиналардың және жылугенераторларының жұмыс істеу принциптерін және оларды есептеу әдістерін үйрету.
Пәнді оқу барысында студенттер төмендегідей білім негіздерін ұғынады: идеал және нақты газдардың термодинамикалық процестерін; жылу және тоңазыту машиналарының термодинамикалық циклдарын; жылудың жылуөткізгіштікпен, конвекциямен және сәулелену арқылы тасымалдану заңдылықтарын; отынды және оның жану процестерін есептеу негіздерін; жылу генераторларының және жылу күшті қондырғылардың құрылысын, олардың жұмыс істеу принциптерін; энергия қорларын пайдалану мүмкіндіктерін.

Мазмұны

Дәрістер: «Жылу техникасы» пәні үш тарауға бөлінген. Бірінші бөлімде, Жылу техникасының, негізгі ұғымдар мен анықтамалар, термодинамикалық процестер мен жылу және тоңазыту машиналарының термодинамикалық циклдары қарастырылады. Сонымен қатар су буы мен ылғал ауаның процестері талданады. Екінші бөлімде, жылуалмасуда, жылудың кеңістікте өздігінен таралу заңдылықтары және оларды есептеу негіздері оқытылады. Үшінші бөлімде, өндірістік жылутехникада, отын құрамы және мінездемелері, оның жану негіздері, қазандық қондырғылардың жұмыс істеу принциптері және оларды есептеу негіздері, өндірістік қыздыру қондырғылары оқытылады.
Практикалық сабақтар: газдардың жылуфизикалық қасиеттерін, идеал газдың термодинамикалық циклын, су буы мен ылғал ауаның термодинамикалық процестерін, жылуөткізгіштік, конвективті жылуалмасу және сәулелену процестерін, жылуалмастыру аппараттарын, отын құрамын және оның негіздерін, қазандық агрегаттардың мінездемелері есептеу.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студент жылу техникасының негізгі заңдылықтарын және жылудың жұмысқа айналу принциптерін, жылтасымалдау түрлерін, қазандық қондрғыларды және қыздыру құрылғыларын есептеуді білуі керек.
Бақылау түрі: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет