Дәрістер: Курстың мақсаты, негізгі мәселелері мен мазмұны. Еңбекті қорғау мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық негіздері. Ұғымдар мен анықтамалар. Еңбекті корғау мен өмір қауіпсіздігінің басқа пәндермен байланысы. Еңбекті қорғау мен өмір қауіпсіздігі негіздері курсының даму тарихы. Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау саласындағы актілері. Еңбекті қорғаудың психофизиологиялық және эргонометриялық негіздері. Машина жасау саласындағы жобалаудың қауіпсіздік техникасы ережелері мен тазалық нормалары. Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Құрылыс нормалары мен ережелері. Жеке еңбек шарты. Еңбекті қорғау бойынша ұжымдық шарт пен еңбек келісімі. Еңбекті қорғау мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңнамаларды бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері. Микроклиматтық еңбек шарттарының организм жағдайына және гигиена нормаларына әсері. Қолайлы микроклимат жасау шаралары. Адам ағзасына зиянды заттардың әсері және олардың жұмыс алаңының ауасына шектік концентрациясы. Өндірістік жарықтандыру, оны есептеу талаптары мен әдістері. Діріл мен шу көздерінің сипаттамасы. Діріл мен шудың адамға әсерінің қаупі. Станоктарға, жабдықтарға, олардың құрылымына қойылатын гигиеналық және техникалык талаптар. Шу мен діріл деңгейлерін бақылау әдістері. Шу мен дірілден қорғау. Апаттар мен жарақаттанудың себептері. Бақытсыздық жағдайларды тергеу мен ескеру. Жарақаттануды талдау әдістері. Апат пен жарақаттанудың пайда болу қаупі. Аспайтын қауіп және оны ырықтандыру принциптері. Қысыммен жұмыс жасайтын адамдарга электр және газбен дәнекерлеу құралдарына, сонымен қатар ыдыстарға койылатын талаптар. Электр қауіпсіздік негіздері. Электр тоғының адам ағзасына әсері және ток соғу жағдайлары. Түрлі электр тораптарындағы ток coғy қауіптіліктерін талдау. Ток соғудан қорғану шаралары. Электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру. Төтенше жағдайлардын пайда болу себептері мен жіктемесі Төтенше апаттарды талдау. Жану мен жарылыстың түрлері және шарттары. Өндірістің өрт қаупі бойынша жіктемесі. Мекемелер мен ғимараттардың от төзімділігі. Өрт пен жарылыстардың алдын алу жүйелері. Технологиялық процестердің өрт және жарылыс қауіпсіздік жағдайлары. Өрт кедергілері, өртті сөндіру. Өрт кезінде адамдарды көшірү. Бейбіт және соғыс уақыттарында азаматтық қорғаныстм қалыптастырудың ролі мен мәселелері. Шаруашылық нысандарыным төзімділігі. Тұрғындарды зақымдану факторларынан қорғау. Апат ошақтарындағы құтқару және апаттық-қайта қалпына келтірү жұмыстары. Адамдардың апат ошағында болу шегін анықтау. Адамдар мен мүлікті көшіру.