Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет3/70
Дата05.02.2022
өлшемі1,87 Mb.
#12495
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Практикалық сабақтар:Орыс тілін оқыту барысында орыс тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары қамтылады. Грамматика бөлімінде орыс тілінің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалары мен негізгі түсініктері беріледі. Сөйлем деңгейінде жай және күрделі сөйлем құрылысындағы субъектілі-предикативтік қатынастар, жай және құрмалас салалас пен құрмалас сабақтас сөйлемдердегі объектілік, анықтауыштық, толықтауыштық мәндері ашылады. Лексика саласы бойынша төмендегілер қарастырылады: тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер; омоним, синоним, антоним сөздер; фразеологизмдер; лексикография; жиі қолданылатын сөздер; кәсіби лексика; экономикалық терминдер; ауыз екі сөйлеу лексикасы. Мәтін деңгейінде түрлі тақырыптағы мәтін байланыстарының құралы мен құрылымы, қазіргі орыс тілінің түрлі стилінің (ғылыми, ауыз екі, көсемсөздік, ресми-іскерлік, көркем әдебиет стильдері) ерекшеліктері негізге алынады.Оқытудағы негізгі ұстаным–үйренушінің күнделікті сөйлеу жағдаятында (әлеуметтік–тұрмыстық және кәсіби– іскерлік жағдаяттарда) тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алуы. Сондықтан тілді үйрету барысында үйренушілердің сөйлесім әрекетінің 4 түрін-түрлі типтегі монолог, диалог, полилог құра білуге үйрету, мәтін мазмұнын талдау мен қайта жаңғыртып оқыту арқылы олардың белсенділігін арттыру көзделеді.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Жоғары оқу орнында мектептен алған білімдерін арттыра отырып, жаңа технологиялық әдістермен қатар активті, интерактивті әдістерді қолданып, лексика-грамматикалық тақырыптарды еркін меңгертумен бірге, сөздік қорды молайту / емтихан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет