Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет4/6
Дата03.02.2017
өлшемі1,71 Mb.
#8619
1   2   3   4   5   6


3 семестр

Модуль аталуы:

Машиналық графика

Модульдың қысқартылған атауы


МГ

Тақырыпша

-

Оқу бағдарламасы / оқу сабақтарының курсы

Дәріс, практикалық, зертхаанлық, СӨЖ, МСӨЖ





Семестр:

3 семестр

Модульге жауапты:

Абзалова Д.А., Молдагалиев А.Б.

Доцент/оқытушы:

Доцент, аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен қатынасы

Жалпы білім сабақтар (міндетті компонент)

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс –15 сағат

Практикалық –15 сағат

Зертханалық – 15 сағат

МСӨЖ –45 сағат, СӨЖ-45 сағат




Еңбексыймдылығы

Бкарлығы -135 сағат,

Кредиттер/сынақ бірліктер

3кредит

Модуль ішінде оқуға қабылдау шарттары

Пәннің пререквизиті: информатика, физика, сызба геометриясы, өзара ауыстырымдылық негіздері.

Білім мақсаты/компетентілігі

"Машиналық графика" курстың максаты мен міндеті: студенттердің инженерлік-графикалық жұмыстарды автоматтандырудың әмбебап ортасын; БКҚЖ стандарттарын қанағаттандыратын құжаттарды орындау сапасы бойышна да, стендарттардың талаптарын сақтау бойынша да конструкторлық құжаттаманы алу үшін машиналық графиканы; қатты денелі кеңістіктік модельдеу мүмкіндіктерін меңгеру болып табылады.

Мазмұны

Дәріс мазмұны:

Үшөлшемді модельдеу құралы. Қатты денелі модельдеу. Екіөлшемді жүйелер. Инженерлік-графикалық жұмыстардың негізгі бағыттары. Сызбаны сызу. Графикалық редакторлар. Қабылданған терминология. Меню және құрал-саймандар панельдері. Құрал-саймандар панельдері. Диалогтық терезелер. Жекедара пайдалану үшін баптау. Графикалық примитивтер және олармен жұмыс істеу. Примитивтердің қасиеттері. Сызықтардың түсі мен қалыңдығын аныктау. Сызбаның геометриялық элементтері. Қарапайым примитивтер (кесінді, нүкте, шеңбер, доға, түзу, сәуле, эллипс, сплайн мәтін) және оларды салу. Күрделі примитивтер (полисызық, мультисызық, мультимәтін, өлшем, шактама). Объектілік байланыстыруды пайдаланып геометриялық сызбалар сызу. Сызбаны редакциялаудың қажетті командалары. Сызбаны редакциялау. Экраннан қажет емес примитивтерді алып тастау. Алдыңгы командаларды болдырмау. Объектілерді командалар арқылы редакция-лау. Қабаттарда жұмыс жасау. Сызба элементтерін түрлендіру

Объектілерді таңдау. Объектілерді көшіру және орналасқан орнын өзгерту командалары. Объектілердің өлшемдерін түзету командалары. Объектілерді конструкциялау командалары. Объектілерді конструкциялау командалары. Сызбаларды ресімдеу

Штрихтауды орындау. Өлшемдерді салу. Өлшемдерді редакциялау командалары. Жекелеген өлшемдерді түзету командалары. Өлшемдер тобын салу командалары. Сызбадағы мәтін. Мәтінді құру командалары. Жаңа мәтіндік стильді құру. Бір жолды мәтін. Көп жолды мәтін. Мәтіндік стильдер. Қайталанатын фрагменттерді сызбаға кірістіру. Блокты құру. Блокты кірістіру. Атрибуттары бар блокты құру. Блок атрибуттарын редакциялау. Блокты файлға жазу. Блоктар кітапханасын кұру. Сызбаларды стандарттау.

Үлгілерді жасау. Үлгілерді пайдалану. Қатты көшірмені алу. Қатты денені жобалау. Типтік көлемді денелерді алыптастыру. Айналу денелерін салу. Қималар мен тіліктер. Объектілерді үшөлшемді кеңістікте түрөзгерту.

Практикалық сабақтардың мазмұны:

Құрал-саймандар панелдері. Үлгілермен жұмыс істеу. Координаталарды еңгізу. Қадамдық және объектілік байланыстыру. Сызба параметрлерін баптау. Примитивтер және олардың командалары. Түрлерді баскару.



Зертханалық сабақтардың мазмұны:

Құрал-саймандар панелдерін зерттеу. Үлгілермен жұмыс істеуін үйрену. Координаталарды еңгізуін зерттеу. Қадамдық және объектілік байланыстыруын зерттеу. Сызба параметрлерін баптау. Примитивтер және олардың командаларын зерттеу. Түрлерді баскару. Объектілерді редакциялау үйрену. Қабаттармен жұмыс істеуін үйрену. Мәтінді калыптастыруын зерттеу. Мөлшерлерді салуын зерттеу. Блоктармен және атрибуттармен жұмыс істеу. Қатты денелі модельдерді құру және оларды редакциялау. Сызбаларды принтер мен плоттерге шығару. Файлдарды импортқа және экспортқа шығару.



Білім беру нәтижелері / бақылау түрі

Сызбаларды сызуды және сақтауды, қолданылып жүрген сызбаларды редакциялауды, сызбаларды плоттерге немесе принтерге шығаруды, қатты денелі кеңістіктік модельдеу әдістемесін зерделеуді жасай білуі керек / Білімді ағымды бақылау , бақылау түрі (емтихан).


3курс

5, 6 – семестрлер

5 семестр

Пәннің аталуы

Саясаттану

Қысқартылған атауы

пол

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Байқонысов Е.Р.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семинарлық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Саясаттану» курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстармен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын қалыптастыру, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. «Саясаттану» пәнін оқып білу студенттердің саяси мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. «Саясаттану» курсын оқып үйретудің қорытындысы бойынша жоғарғы оқу орнының түлегі білу қажет:

-саяси ғылымының пәні мен әдісі туралы білім алу, саясаи ойдың негізгі бағытына көңіл бөлу;

-билік, мемлекет, азаматтық қоғам, саяси қарым-қатынастар және процестер саяси мәдениет жөнінде хабардар бөлу;

-саяси жүйелер мен саяси тәртіптерді ажырату, саяси партиялар мен белсенді топтарды, сонымен қатар саяси жетекшілерді білу қажет;

-өзіндік қорытынды жасауға;

-жазба жұмыстарды жазуға;

-рецензия жазуға;

-баяндамалар жасауға баулу:

-күнделікті өмірде және өзінің кәсіби іскерлігінде, саяси мәдениеттің жаңалықтарын иелену арқылы саяси білімді де меңгеруі қажет.


Мазмұны

Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы және Қазақстан саяси ойларының тарихы.Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясатттану.

Билік саяси феномен ретінде.Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты.Қоғамның саяси жүйесі .Мемлекет және азаматтық қоғам.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстарСаяси режимдер, мәдениет, саяси элита, саяси идеология мен процестер және ҚР проблемалары.Саяси режимдерСаяси процесс және саяси қызмет Саяси сана және саяси мәдениет.Саяси элита және саяси көшбасшылық.Саяси технологиялар мен саяси иеология.Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар

Егемен Қазақстанның, саяси проблемалары

Семинарлық сабақтар: Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы және Қазақстан саяси ойларының тарихы.Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясатттану.

Билік саяси феномен ретінде.Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты.Қоғамның саяси жүйесі .Мемлекет және азаматтық қоғам.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстарСаяси режимдер, мәдениет, саяси элита, саяси идеология мен процестер және ҚР проблемалары.Саяси режимдерСаяси процесс және саяси қызмет Саяси сана және саяси мәдениет.Саяси элита және саяси көшбасшылық.Саяси технологиялар мен саяси идеология.Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар



Егемен Қазақстанның, саяси проблемалары

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер қоғамдық өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптасады, қоғамдық үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсетеді, нақты қоғамдық ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыланады, қандай болмасын қоғамдық құбылыстар жағдайына баға беру қажетті ғылыми ұстанымдары қалыптасады, өзінің кәсіби проблемаларын әлеуметтік тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруланады; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға тырысады.


5 семестр

Пәннің аталуы

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Қысқартылған атауы

ІҚМТЖ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық сабақ , ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Жапбарова Г, Сариева Т.

Доцент/оқытушы:

Доцент, аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілінде, орыс тілінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Таңдау компоненті.

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық сабақтар– 15, ОБСӨЖ – 15, СӨЖ – 15

Еңбек сыйымдылығы

45 сағ

Кредиттер / сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Орта мектеп көлеміндегі қазақ тілінен лексикалық, граматтикалық минимумдары игеру жөніндегі базалық білімнің болуы.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Студенттердің мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жазып, оның түрлерін ажырата білуге құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, оларға қойылатын талаптарды, олардың безендірілуін, жете меңгерту.

Мазмұны

Тәуелсіз мемлекетімізде ана тілінің деңгейін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту-қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне жарқын жол ашпақ.

Жалпы халықтық тіл негізгі қатыс құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Сондықтан да адамдарды күнделікті тіршілігінде жазба тілдің қалпына түскен бір көрнекті ретінде іс қағаздардың немесе ресми құжаттардың маңызы айрықша. Өйткені, әр адамның қоғамнан өз орнын табуы, өз мүддесін еркін қоғамның өзге мүшелерімен жеке адамдармен, мекемелермен, өндіріс орындарымен байланыстыра алуы негізінен осы іс қағаздарына байланысты.

Ресми құжат немесе іс қағаздар дегеніміз-адамдар мен қоғамдық мекемелерді өзара байланыстырып, олардың тіршілігі үшін қажетті мәселелер мен мақсат-мүдделерді шешуге көмектесетін қажеттілік материалдар.

Іс қағаздарының қоғамдық барлық мүшелері үшін ортақ, қолдануға лайық қалыптасқан тілдік нормасы, өзіндік белгілері бар.

Іс қағаздарының әрқайсысында нормалар мен белгілер әр түрлі болады. Сондықтан іс қағаздар сол белгілері бойынша бір-бірінен ажыратылады, өзіндік тиісті орындарына жұмсалады.

Мысалы: өтініш, хабарландыру, қолхат, анықтама, сенімхат, хаттама, міндеттеме, тағы да басқа іс қағаздарының белгілері - қалыптасқан стилі (өлшемдік, жүйе, схеманың болуы).

Іс қағаздарының алдына қойған міндеті-қазақ тілінде іс жүргізу мәселесіне тұрақты да тұрлаулы сипат беру, ұлт тағдыры, оның бірегей төлтума мәдениеті үшін түбегейлі маңызы бар мәселенің кері кетуіне жол бермеу мен ресми қарым-қатынас жасау.

Бұл оқу құралының мақсаты-қазіргі өмірімізде ең жиі қолданылатын ресми құжаттар туралы мәлімет беріп, оны тиісті орындарда өз тәжірибелерінде қолдана білуге жаттықтыру болып есептеледі. Ол үшін тұрмыс пен тіршілікте тілдік қатысымдағы ресми құжат мәтіндердің тілдік құралдарын, оның құрылымын таныстырып, жазу үшін үлгі жаттығулар берілді.

Ауызша және жазбаша түрде әр түрлі жанрдағы диалогтық және монологтық мәтіндердің өз ойын ұтымды жеткізе білуге, ғылыми мәтінді баяндама жасай білу қабілетті болу.


Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Мемлекеттік тілде іс құжаттарын сауатты толтыру/емтихан -5 еместр


5 семестр

Пәннің аталуы

Интелектуал меншікті қорғау

Қысқартылған атауы

ИМҚ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

практикалық сабақ, ОБСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

5 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Мыркасов Б.

Доцент/оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша, орысша тілдерде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәні, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық сабақтар– 15, ОБСӨЖ – 15, СӨЖ – 15

Еңбек сыйымдылығы

45 сағ

Кредиттер / сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Мектеп курсындағы бағдарламамен байланысты

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәнді оқытудың мақсаты адам баласының қоршаған ортадағы негативті әсер ететін факторлардан қорғану болып табылады, обьектілердің сақталу принциптері мен әдістерін құруды қамту.

Компетенция: интелектуал меншігін қорғау негізінде техникалық құжаттарды тексеріп, бағыт бағдар жасай білу.



Мазмұны

Дәріс мазмұны: Адамзат құқығының мәнділінің деңгейі, Қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру барысында қоғамдық қағидаларға сүйене білу. Ғылыми-техникалық алға басуыдың әсері, Қоғамдағы табиғи дағдарыстан шығу мен оларды божау негізінде сақтандыру шараларының ұлғаюы, интелектуалды меншікке тигізетін зардабының көлемі мен өлшемін айқындай білу. Қауіпсіздік мәселелерін шешуді ұйымдастыру. Техникалық жағынан қауіпсіздік шараларының жоғары деңгейде ұйымдастырылуы. Мемлекеттің қоғамға деген қауіпсіздік шараларын және әскери қорғандарды құру мақсатында түрліше өзгерістер енгізе білу және жағдай туғызу. Кездейсоқ оқиғылар кезінде халықты сақтандыру білу тәсілдері. Әскери жағынан кездейсоқ оқиғаларға не соғыстарға дайындық түрлері мен дәрежесі. Қауіп туған жағдайда мемлекеттің экономикалық шығыны мен өзгерістердің түрлілігі , шығым өлшемі. Түптеп жоюдың қарулары. Олардың қолдану кезінде мемлекеттің алатын зардабының көлемі. Кездейсок оқиғалардың психологиялық аспектілері. Жаратылыстық, табиғи не антропогендік қауіптің көздері. Қарама-қарсы факторлардың классификациясы. Жоғары дәрежелі қауіп-қатерлер деңгейі. Атмосфера, гидросфера және жердің ластануы. Түрлері, өнеркәсіптік зардаптардың тікелей жоғары қауіпсіздік өлшемі. Қауіпті факторларджың классификациясы. Транспорттық жердегі аймақтардың ластану деңгейі. Жергілікті халықтың қауіпсіздігін ұйымдастыру іс-шараларының этаптары. Инженерлік іс-шаралар.

Практикалық сабақтардың мазмұны: Кездейсок дағдарыстар түрлері мен шығу ошағы. Радиациялық жағдайдағы бағалау. Химиялық жағдайда бағалау. Өрт жағдайындағы бағалау. Жергілікті тұрғынның инженерлік сақтандыру. Жарақаттану, жаралану, күю, сыну кезінде алғашқы медициналық көмек. Радияциялық не комбанарленген жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер пәнді оқу және емтихан тапсыру процесінде меншікті қауіпсіздік шараларын түрлі жағдайларда түрліше қолдана білу керек.

Бақылау түрі: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).





5 семестр

Пәннің аталуы

Электронды үкімет

Қысқартылған атауы

ЭП

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практикалық сабақ, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Исмаилов Х.Б.

Доцент/оқытушы:

Т.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша, орысша тілдерде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәні, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық сабақтар– 15, ОБСӨЖ – 15, СӨЖ – 15

Еңбек сыйымдылығы

45 сағ

Кредиттер / сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Мектеп курсындағы бағдарламамен байланысты

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Курс мақсаты, меншікті басшылықтың және жергілікті басшылықтың механизмдарін үйрену, негізгі базалық ақпараттық технологияларды қолдану. Мақсатқа жету үшін, негізінен келесі жағдайларды үйрену: басқару мекемелермен тұлғмен қарым-қатынасы және мемлекеттік басқару, халыөқтың жағдайын ескере отырып тиісті шараларды іс-жүзінде өткере білу.

Мазмұны

Дәріс мазмұны: Кіріспе. Электронды үкіметтің мақсаты мен. Электронды үкіметтің қалыптасуы. Электронды үкімет басқару орындарында. Жергілікті жерлерге бейімделушілік. Электронды үкіметтің нормативті-құқықтық базасы. Электронды үкіметтің архитектурасы. Қазақстан Республикасындағы электронды үкіметтің концепциялары. Электронды қызмет көрсету. Қазақстан Республикасының іс-қағаздары жөніндегі электорнды үкіметтің жүйелі түрде заңды түрде айналымы. Қазақстан Республикасындағы электронда қамтамасыз ету және түрліше ұйымдасыру іс-шараларының орнығуы. Акімшілік қарамағындағы жағдайларды электронды түрде және ақпараттық жағдайларды қалыптастыру не енгізуді ұйымдастыру.

Практикалық сабақтар мазмұны: Ақпараттық көздерді ұйымдастыру және іске асыру. Электронды түрде құжаттарды басқару мен сан арқылы қол қоюшылық деңгейге жету.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер пәнді оқу және емтихан тапсыру процесінде қала негізінде ақпараттық технологияларды қолдана білу және алдыңғы қатарлы технологияларды білу керек.

Бақылау түрі: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет