Пререквизиттер: физика, математика, жалпы химия, биология, ботаника, зоология, жалпы биотехнология
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Бұл пәнді оқытудың мақсаты термодинамиканың негізгі түсініктері мен заңдылықтарымен, биологиялық құбылыстарға биофизикалық қадамдардың ерекшеліктерімен, термодинамиканың негізгі заңдылықтарымен, соның ішінде молекулалықтан бастап популяциялыққа дейінгі биологиялық жүйелерді ұйымдастырудың әртүрлі деңгейлерін зерттеудің негізі болып табылатын биофизикалық әдістерімен, теориялық тәсілдермен студенттерді таныстыру,
Компетенттілігі: биологиялық жүйелерді зерттеудің сәйкес келетін әдістерін таңдап алу және сенімді қолдану, термодинамиканың негізгі түсініктері мен заңдылықтарын білу, әртүрлі деңгейде пайда болатын биохимиялық процестердің талдау жасалуына интегралды қадамдар қолдануды үйрену; тәжірибе нәтижелерін түсіндіру, ғылыми аппаратурамен жұмыс істеу, алынған білімді теориялық дайындықтың деңгейін жоғарлату үшін қолдану, сондай-ақ осы дағдыларды практикалық шығармашылықта қолдана білу қажет.
Мазмұны
Дәрістер мазмұны: Классикалық термодинамиканың негізгі жағдайлары. Термодинамикалық жүйелердің классификациясы. Жабық және ашық жүйелер. Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың бірінші заңын биологиялық жүйелерге қолдану. Термодинамиканың екінші заңы. Энтропия түсінігі. Термодинамиканың екінші заңының биологиялық жүйелерге қосқан үлесінің ерекшеліктері. Термодинамикалық тепе-теңдік және стационарлық жағдайы, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы.
Зертханалық сабақтардың мазмұны: Зерттеудің биофизикалық әдістері. Макромолекула физикасы. Макромолекулалар биоқұрылымды ұйымдастыру негізі ретінде. Биологиялық жүйелердің термодинамикасы. Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың екінші заңы. Биологиялық мембраналарды физика-химиялық ұйымдастыру. Биологиялық мембраналардың өткізгіштігі мен зат алмасуы. Механика-химиялық процестер. Фотобиологиялық процестер. Фотосинтездің және көрудің биофизикалық механизмі.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәнді оқыту мен емтихан тапсыру процесінде студент тірі ағзалардың өмір сүруінің негізгі заңдылықтарын, биожүйелердің қызметін басқару және реттеудің жаңа биотехнологиялық тәсілдерін жасау үшін теориялық базаны білу қажет.
7 семестр
Пәннің аталуы
М37. Экологиялық биотехнология
Қысқартылған атауы
ЭБ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Пререквизиттер: Экология, биотехнология өндіріс негіздері, биотехнология өндіріснің құрал-жабдықтары, микроағзалар биотехнологиясы.
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Бұл пәнді оқытудың мақсаты студенттерді қоршаған ортаның негізгі экологиялық мәселелерімен, техногенді факторлар әсер ету нәтижелерімен таныстыру, оларды шешу үшін биотехнологияны қолдану қажет екендігі болып табылады.
Компетенциясы: биотехнология өндірісін ұйымдастырудың негізгі принциптері, әдістері, нысандары туралы қоршаған ортаның негізгі экологиялық мәселері туралы техногенді факторлар әсер ету нәтижелері туралы және осы мәселелерді шешуде биотехнологияны қолдану қажеттілігі туралы білу керек. Содай-ақ әртүрлі салада қолданылатын биотехнология өнімдері өндірісін қамтамасыз ету бойынша шығармашылық саласында алдыңғы қатарлы орындарды иемдену мен жаңа биотехнологиялық процестер жасап шығару.
Мазмұны
Дәрістер: Экологиялық биотехнолгияның дамуы мен пайда болуы. Қоршаған ортаның органикалық заттары биодеградациясында микроағзалардың маңызы. Ағын суларды тазартудың биологиялық әдістері. Сілтілендіру, қатты заттарды утилизациялау (зарарсыздау) және дәстүрлі емес энергия көздерін алудың биотехнологиялық әдістері. Өндірістік және ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеудің аэробты және анаэробты әдістері. Технологиялық биоэнергетика. Ластандырудың антропогенді факторлар. Этанол, биогаз, көмірсутектер өндірісі. Фотосинтез процесінің модофикациясы. Қоршаған ортада ластанудың абиотикалық тасымалдануы және ауысу. Ауыр металдармен және радионуклидтермен ластанудың нысандарын тазартудың биотехнологиялық әдістері.
Практикалық сабақтар: Табиғи экожүйелердің, табиғи орталардағы биоценоздар қызметінің негізгі ерекшеліктері. Органикалық ксенобиотиктердің биотрансформациясы, биодеструкциясы мен биологиялық қажеттілігі. Өндірістік және табиғи ластанған су орталарың биологиялық тазарту топырақтың биоремедиациясы. Газ тәріздес қалдықтардың цезорациясы мен биологиялық тазарту. Микроағзалар негізінде биопрепарттарды алудың технологиялық негіздері. Тағи орталарды тазарту үшін және ауыл шаруашылығы үшін биопрепараттардың микробиологиялық өндірісі. Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық құралдары.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәнді оқу және емтихан тапсыру нәтижесінде биотехнологияда ағын суларды тазарту үшін микроағзаларды қолдану биогаз алу, өсімдік шикізатының биокаонверсиясы мен қоршаған ортаны сауықтұру мүмкіндіктерін студент білу керек. Бақылау түрлері: ағымдық, аралық , қорынтынды (емтихан).
7семестр
Пәннің аталуы
М38.1. Ауылшаруашылы биотехнологиясы
Қысқартылған атауы
АШБТ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Пререквизиттер: Микроорганизмдер,өсімдіктер және жануарлар физиологиясы; Микроорганизмдер,өсімдіктер және жануарлар биотехнологиясы; Микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлар селекциясы; Малдәрігерлік медицина биотехнологиясы пәндері.
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Берілген пәнді оқытудың мақсаты биотехнологияның ауылшаруашылық саласындағы негізгі жетістіктерін жақсы меңгерген, яғни ауылшаруашылық культураларының өнімділігін арттыру, ауылшаруашылық жануарларын бактериалды дәрмектермен емдеу, сондай – ақ биотехнология мен бионженерия жетістіктерін агроөнеркәсіп өндірісінде қолдана білетін жоғары квалификациялы мамандарды дайындау болып табылады.
Мазмұны
Дәрістер мазмұны: Дүние жүзінде және Қазақстанда ауылшаруашылық-тың даму жолдары. Молекулалық биология және молекулалық генетика – генетикалық инженерияның ілгерілік негізі. Генетикалық инженерияның ферменттері. Өсімдіктердің цианобактериамен симбиозы. Ақуыз биосинтезі және генети-калық деңгейдегі оның регуляциясы. Гендерді экспрессиялау-дағы биохимиялық регуляция. Биотехнологияда өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырудағы биохимия-лық және генетикалық инженерияның маңызы. Азықтық ақуызды алу. Азықтық биомассаны алудың принціпттері. Бактериялардан ақуызды концентрат алу. Балдырлардан азықтық ақуыздар алу. Микроскопиялық саңырауқұлақтардың ақуызы. Өсімдіктерден алынатын азықтық ақуыз концентрат-тары. Алмаспайтын аминқышқылы өндірісі. Лизиннің микро-биологиялық синтезі. Триптофанның микробиологиялық синтезі.Триптофанды алудың екісатылы сызбанұсқасы. Азықтық витаминді препараттардың өндірісі. В2 витаминінің азықтық препараттары. В12 витаминнің азықтық препарат-тары. Азықтық липидтер өндірісі. Микробты липиттерді алу-дағы технологиялық процестердің ерекшелігі. Ауылшаруашы-лығына арналған ферменттік препараттар. Ауылшаруашылы-ғында қолданылатын маңызды ферменттік препараттар. Ферменттік препараттардың мал дәрігерлігінде қолданылуы. Органикалық қалдықтардың биоконверсиясы. Биогаз өндірісі-нің технологиясы. Биоконверсия өнімдері. Биоконверсияға қажетті өсімдік шикізаты. Шикізатты өңдеу. Клетчатканы бұзатын микроорганизмдер. Ауыл шаруашылығындағы биотехнологиялық баламалар. Биопестицидтер.Бактериальды, Саңырауқұлақты , Вирусты препараттар. Биогербицидтер. Биологиялық тыңайтқыштар. Азот биотыңайтқыштарын алу технологиясы. Биотехнология және биоинженерия жетістікте-рін агроөнеркәсіп өндірісінде қолдану. Малдәрігерлік медици-на. Ауылшаруа шылық өнімдерін өңдеу және сақтау. Қауіпсіздік және биоқауіпсіздік туралы түсінік. Генетикалы модифицирленген организмдерді қолдану,олардан алынатын өнімдерге мемлекеттік бақылау және инженерлік қызметтерді мемлекеттік реттелуін жүргізу. Биотехнологиядағы және биоинженериядағы стандартизация. Әлемдегі алдыңғы қатарлы елдерде биотехнология мен биоинженерияның қарқынды дамуына әлемдік қоғамның көзқарасы.
Практикалық сабақтар: Трансгенді өсімдіктерді селекцияда және өнім мақсатында қолдану технологиясы.Рекомбинантты ДНҚ құрастыру әдістері.Азықтық биомассаны алудағы технологиялық сызбаның негізгі сатылары. Азық сапасын толыққанды липидтер қүрамымен арттырудың негізгі жолдары. Мал шаруашылығында қолданылатын ферментті және микробты препараттардың биологиялық әсері. Мал шаруашылығында қиды өңдейтін және биогаз алатын қондырғылардың құрылысы мен жобалау әдістемесі. Биогаз қондырғысы параметрлерінің есептері. Ауылшаруа-шылығында органикалық қалдықтарды биоконвер-сиалауда биотехноло-гиялық әдістерді қолдану. Өсімдік селекциясында өсімдіктің қоршаған ортаның биотикалық және абиотикалық факторларға тұрақтылығын сақтауда биотехнология мен биоинженерияны қолдану.Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде және сақтауда қолданылатын биотехнологиялық әдістердің нәтижелері.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәнді оқудың барысында және емтихан тапсыру нәтижесінде студент биотехнологиялық әдістерді ауылшаруашылықта топырақ құнарлығын арттыру,жануарлар мен мәдени өсімдіктердің ауру қоздырғыштар мен зиянкестерге қарсы күресу, азық-түлік өнімдерін дайындау, оларды консервілеу және қоректік құрамын арттыру үшін дәстүрлі түрде қолдануды, қазіргі уақытта өсімдіктердің жаңа культивирленетінсорттарын шығару мен оларды таратуда биотехнологияның жаңа әдістері- жасушалық және генетикалық инженерияны қолдануды білуі тиіс.
Бақылау түрлері: ағымдағы, аралық, қорытынды (эмтихан).
7 семестр
Пәннің аталуы
М38.2. Фармацевтикалық өндірістің биотехнологиясы
Қысқартылған атауы
ФӨБТ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Пререквизиттер: бейорганикалық химия, органикалық және биоорганикалық химия, жалпы және молекулалық генетика, өсімдік биотехнологиясы, микробиология, жасушалық биотехнология, микроорганизмдердің биотехнологиясы.
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Пәннің мақсаты: биосинтез, биологиялық трансформация, биологиялық және химиялық трансформация әдістерін бірге қолдану арқылы дәрілік препараттардың субстанцияларын, дәрілік заттардың, сонымен қатар профилактикалық және диагностикалық заттарды алу әдістерін өндеу туралы дағдылар меңгеру мен жүйелі білімді қалыптастыру, дәрілік заттарды пайдалану оның ішінде сақтау және тасымалдау, ақпаратты қолдану және тұтынушыларға биотехнологиялық препараттар туралы ақпаратты жеткізу туралы студенттердің жүйелі білімдерін қалыптастыру.
Компетенциялар: биотехнологиялық дәрілік заттарды дайындау дағдылары мен тәжірибе жүргізгенде жүзеге асыруды, шикізаттың, қоректік орталар, жартылай өнімдер мен соңғы өнімдердің сапасын бағалау жөнініде студенттердің білімдерін қалыптастыру, дәрітанудың әртүрлі сұрақтарды, оның ішінде өсімдік, жануар және минерал тектес табиғи шикізат материалдарды дәрілік препараттарға өңдеу, дәрілік заттардың синтезін, дәріханалық және өнеркәсіптік жағдайларда дәрілерді дайындау, дайындалған дәрілер мен дәрілік препараттарға жан-жақты анализ жүргізу, сонымен бірге фармацевтикалық өндірістің биотехнологиясын ұйымдастыру сұрақтарын қарастыру.
Мазмұны
Дәрістер: Биомедициналық технологияның және дәрілер
технологиясының негізгі даму кезеңдері. Фармацевтикалық тех
нологияның қазіргі заманғы күйі және даму перспективалары,
фармацевтикалық өндіріс – био-технология дамуының негізгі ба
ғыттары. GMP, GLP, GCP қарастырылатын дәрілер өндірісін ұйымдастыру және сапасын бақылау ережелері. Биофармация фармацевтикалық технологияның негізгі ғылыми бағыттарының бірі ретінде. Биотехнологиялық әдістерімен дәрілік, профилактикалық және диагностикалық препараттарды алу. Биообъектілерді жетілдірудің генетикалық негіздері. Физиологиялық белсенді заттардың әртүрлі топтарына жата-тын рекомбинатты белоктар. Витаминдердің микробиологиялық синтезі және генетикалық инженерия әдістерімен штам-проду-центтерді конструирлеу. Антибиотиктердің өндірісі. Гидрокортизонның микробиологиялық синтезі. Пробиотиктер. Өсімдік жасушаларының дақылдары және дәрілік заттарды алу. Иммунобиотехнология.
Практикалық сабақтар: Биообъектілерді жасау және жетілдіру тәсілдері. Өндірістің биотехнологиялық жүйелері. Рекомбинантты ДНҚ технологиясы немесе гендік инженерия. Инсулиннің қазіргі заманғы биотехнологиялық препараттарын алу. Инсулинді идентификациялау және оның қауіпсіздігін бақылау әдістері. Интерферон. Интерферондарды алу. Витаминдердің биотехнологиясы. Жаңа антибиотиктердің негізгі кластары; қасиеттері; әсер ету механизмі; терапевтік мақсатта қолданылуы. Антибиотиктерді өндіру технологиялары. Жаңа антибиотиктерді іздеудің негізгі жолдары. Медициналық және ветеринарлық практикада моноклональды антиденелерді қолдану. Қазіргі заманғы иммунобиотехнологияның негізгі бағыттары.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Биотехнологиялық өндіріс биологиялық объектілер ретінде ферменттер, микроорганизмдердің жасушалары, өсімдік және жануар тектес жасушалар мен ұлпаларды қолданылуына негізделген.
Бақылау түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).
7 семестр
Пәннің аталуы
М38.3. Ғарыштық биотехнология
Қысқартылған атауы
ҒБт
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Пәннің мақсаты: биологиялық қызметтердің және тірі ағзалардың молекулярлық құрылымымен таныстыру, жаңа ғарыштық биотхнологиялық өндірістер әдістері мен құрылыстары туралы түсінік беру.
Компетенциялар: тіршілік негізі туралы түсінік қалыптастыру, тірі ағза молекуларының байланысын түсіндіру, олардың ғарыштық биотехнологиялық өндірістегі орны туралы мәліметтер, наножүйелердің құрылысы мен құрылымының негізгі шарттарымен таныстыру, жаңа заманға сай нанотехнологияның бағыты мен бағдары туралы түсінік қалыптастыру.
Мазмұны
Дәрістер: Ғарыштық биотехнологиялық тәжірибелер мен зерттеулер. Ғарыштық биотехнологиядағы ғылыми аппаратуралар. Ғарыштық биотехнология мен авияғарыштық медицинадағы сұрақтар мен мәселелер.Кең таралған энергетикалық спектр қысқа зарядталған бөліктерінде биологиялық әрекеттердің ерекшеліктері. Клеткалық,ұлпалық,ағзалық негізде ғарыштық сәулелендіру. Ғарыштық ұшу факторларының әртүрлі биообьектілерге әсері. Микрогравитация жағдайында биологиялық заттардың жоғары сапалы кристаллдарын алу.Қазіргі заманғы микробиологиялық құрылғылар. Биосенсор. Биоқұрылғылар дайындау сатысындағы лазерлі технологиялардықолдану перспективасының дамуы мен шешу мәселелері. Голографиялық технологиядағы биокомплекстер. Биопленкалар. Естің голографиялық жүйесі. Лазерлі биотехнология. Биокомпьютеризация. Энзимосенсорлар. Нейрокомпьютерлер.
Практикалық сабақ мазмұны: Қазіргі заманғы өмірдің физико-химиялық негіздерінің .Жалпы қатынас теориясының қазіргі заманғы дамуы. Астро физикадағы рентген және гамма – лазерлері. Кванттық механиканың инженерлік ғылымға айналуы. Фемтоскопия – кванттық объектілерді өлшеу туралы ғылым. Гендік инженерияға кіріспе. Өсімдіктер биотехнологиясы. Ғарыштық биотехнология. Биотехнология және электроникаға арналған жаңа материалдар. Детерминизм, статистикалық заңдар, динамикалық хаос. Беттің фемтосекундты наноқұрылғысы.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәнді оқу және емтихан тапсыру барысында ақпараттық технологияның физикалық негізін,ғарыштық биотехнологияның бағыттарын білуі керек.
Бақылау формасы: ағымды, аралық, қорытынды (экзамен).
7 семестр
Пәннің аталуы
М39.1 Саланы микробиологиялық бақылау
Қысқартылған атауы
СМБ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Пререквизиттер: органикалық және биоорганикалық химия, биохимия, микробиология және вирусология, клеткалық биотехнология, микроағзалардың алуантүрлілігі
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Бұл пәнді оқытудың мақсаты биотехнология өндірісінің әр саласы үшін жасалған басқа нормативті құжаттар мен әдістемелік нұсқаулар, технологиялық жағдайлар, нұсқаулар, ережелер, мемлекеттік стандарттар негізіндегі, шикізаттан бастап, дайын өніммен аяқталатын технологиялық процестердің барлық кезеңдерін микробиологиялық бақылауды жүзеге асыруды студенттерді таныстыру болып табылады,
Компетенттілігі: өндірісте зиянды –микроағзалардың ену жолдарын, технологиялық процестің жеке кезеңдеріндегі олардың көбею дәрежесі мен ошақтарын тез анықтау мүмкіндіктері; әртүрлі профилактикалық іс-шараларды қолданып, бөтен микрофлораның дамуын болдырмау; жоғары спалы дайын өнім алу мақсатында оларды дезинфекциялау жолымен белсенді түрде жою туралы түсініктер болу керек.
Мазмұны
Дәрістер мазмұны: Микробиологиялық бақылаудың мақсаты мен міндеттері. Микробиологиялық және биотехнологиялық өндірістің, сондай-ақ олардың өнімдерінің биологиялық қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар. Жұмысшылар , өндіріс бөлмелеріне, құрал-жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Инфекциялық аурулар мен тағаммен улану профилактикасындағы санитарлы-микробиологиялық зертеудің маңыздылығы. Инфекционды аурулар мен олардың таралу заңдылықтары туралы жалпы түсініктер. Инфекционды аурулар профилактикасының жалпы принциптері. Қауіпсіздік критериялары бойынша өнімді бақылау. Залалсыздандыруға сынақ жүргізу. Залалсыздандыруды бақылау үшін қоректік орталардың сапасына қойылатын талаптар. Спецификалық қауіпсіздігіне сынақ жүргізу. Улылығына сынақ жүргізу. Генді-инженериялық өндіріс және оның өнімдерінің қауіпсіздігі.Жасуша-продуценттеріне қойылатын талаптар. Микробиологиялық және биотехнологиялық өндірістің, сондай-ақ ауылшаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі. Диагностикалық және қоректік орталардың қауіпсіздігі. Сүт және нан жабу өндірісі мекемелерінде микробиологиялық бақылауды ұйымдастыру. Сынауықтарды алу және талдау жүргізу әдістері. Ашытқы спирт, сыра қайнату өндірісінде микробиологиялық бақылауды ұйымдастыру. Өндірісітік инфекциямен күресу әдістері. Фармецевтика өндірісінде микробиологиялық бақылауды ұйымдастыру. Фармацевтика өндірісіндегі микробты континаминациялау жолдарымен көздері. Микробиологиялық биотехнологиялық өндірістерімен және оның өнімдеріне санитарлы-эпидемияологиялық бақылау. Өндіріс және өнім сапасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар.
Зертханалық сабақтардың мазмұны: Қолды, сырт киімді, инвентарьды, құрал-жабдықтарды жуу ретілігімен санитарлы-бактериологиялық бақылау. Суды микробиологиялық бақылау.
Еттің микробиологиялық анализі. Сары майдың микробиологиялық анализі. Сүтке бактериологиялық талдау.жасау. Ірімшікке микробиологиялық талдау жасау. Микроағзалардың антибиотиктерге сезімталдылығын талдау. Силосқа микробиологиялық талдау жасау.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәнді оқыту мен емтихан тапсыру процесінде студент тірі ағзалардың өмір сүруінің негізгі заңдылықтарын, биожүйелердің қызметін басқару және реттеудің жаңа биотехнологиялық тәсілдерін жасау үшін теориялық базаны білу қажет.
7 семестр
Пәннің аталуы
М39.2. Студенттердің оқу- ғылыми зерттеу жұмысы
Қысқартылған атауы
СОҒЗЖ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Пререквизиттер: биофизика, микробиология, микроорганизмдер биотехнологиясы, основы биотехнологиялық өндірістің негіздері
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Пәнді оқыту мақсаты болып қазіргі таңда ЖОО- ның негізгі міндеті болып жан-жақты дамыған, өз білімін үздіксіз толықтырып отыратын ғылыми-техникалық прогрестің дамуына активті белсенді қатысып отыратын маман даярлау.Осы мақсатта ЖОО-да үнемі шаралар қолданылып отырады, оқу –тәжірибелік процестің және ғылымды интеграциялау жолымен ғылыми –зерттеу жұмысының процестің,білім мен өндірістің оперативті түрде оқу материалының мазмұнының жаңаруының тиімділігін арттыру бағытында белсенді білім берудің формаларын енгізу арқылы болашақ мамандардың шығармашылық белсенділігін, білім алуда жауапкершілігін қолдануға үлкен көңіл бөлінеді.
Компетенция: Модулді оқу нәтижесінде студент білу керек микроорганизмдердің ерекше мүмкіншіліктерін жəне ферментативті реакциялардың əркеттілігін көрсету, шикізатқа, оның ішінде тапшы емес екіншілік өнімдер мен бірқатар өндіріс қалдықтарына сипаттама беру, микроорганизмдерді дақылдау əдістерімен таныстыру, биотехнологиялық өндірістің соңғы өнімдерін алу сатыларына микроорганизмдердің сипаттама беру.
жаңа заманғы жағдайымен болашақта дамуымен микроорганизмдер биотехнологиясымен түсіну,
биотехнологиялық өнімге қойылған талапты білу, құрлымдық техникалық проблемасын құрастыру және анализдеу бойынша жаңалығын үйрену, биотехнологиялық өндірістің өнімін әр түрлі жерлерде қолдану және оларды өндірістік жағдайда қамтамасыз ету барысында алғашқы орынды иелену және ғылыми негізде жұмыс жасауын ұйымдастыру
Мазмұны
Лекция мазмұны: СОҒЗЖ пәні биотехнология- бакалавр мамандығына түсінік.ҒЗН курсының СОҒЗЖ –да атқаратын ролі. Өндірстік биотехнологияда микроорганизмдердің атқаратын жұмысы мен маңызы.
Дипломдық жұмыста берілген тақырыптың маңызы мен міндеті. Практикалық сабақ.Методикалық және теориялық маңызы практикалық жұмыстың дипломдық жұмысқа әсері.Өндірістік биотехнология негізгі технологиялы және сызба нұсқа. Өндірістік технологиялық сызба нұсқаны таңдау.Өндірістік сатылар: дайындық,ферментация,дайын өнімді алу.
Ферментация процесі.Ең маңызды сипаттама.Периодты және үздіксіз ферментация. Беттік және түптік культивирлеу.Микроорганизмді периодты және үздіксіз культивирлеу,олардың маңыздылығы мен кемшіліктері.Культивирлеу процесінің стехиометриясы.
Ферментация процесінің шикізаттары:қоректік ортаға кіретін компоненттерін функциональды тағайындау.Таңдау критериясы.Ферментацияның негізгі үйлесімдеу ортасы: Үйлесімдеу критериясын таңдау. Гаусса-Зайделя и Бокса-Уилсона әдістері.Нәтижелерді статистикалық өңдеу.Тәжірибенің көп салалы жоспары.
Ферментация процесінде кинетикалық математикалық моделдеу.Біріншілік және екіншілік метаболиттер биомассасы микроорганизмнің өсу факторының әр түрлілігі.Ферментация процесінде моделдік белоктың жақындауы.Негізгі биомассадан сұйық культураны бөліп алу.Центифулирлеу,сепарирлеу,тұндыру,егу, фильтрлеу,флотирлеу.
Ғылыми зерттеу бөлімдері.Ғылыми техникалық ақпараттық жинақталу мен өңделуі.Ақпарат түрлері мен шығарылуы. Ақпараттық орталықтың периодты шығарылуы РЖ биотехнология.Ғылыми техникалық жаңалықтардың жинағын ретті іздену.
Тәжірибелік зерттеулердің ұжымы.Зерттеу әдістері. Тәжірибе түрі мен классификациясы. Зерттеу әдісі. Тәжірибені жүргізуге дайындық. Тәжірибені хаттамаға енгізу.Ақпаратты тасмалдаужәне қорытындылау.ҒЗЖ құрылысы мен есебі.Ғылыми ақпараттың алмасу түрі(ғылыми өндіріс).АӨК проблемалары бойынша ғылыми техникалық өнімдерді құрастыру процесі ҒЗЖ тиімді бағасы.
Республикалық және област көлемінде АӨК мәселері бойынша ғылыми техникалық өнімдірді құрастыру.ҒЗЖ-ның критериясын бағалу және ғылыми жобасы.
Лабораториялық жұмыс мазмұны:
Мақсаты қою және ғылыми жұмысты өзекті анықтау.
Барлық технологияларға аналитикалық шолу.Өндірістің микробиологиялық негіздері. Өндірістің биохимиялық негіздері.Продуценттерді таңдау және оған сипаттама өндірісте қолданатын шикізаттың негізгі түрлері.Қарастырылып жатқан тақырыпқа тиімді бағыттау және т.б.
Микроскопиялық техника. Фиксирленген препараттар алу әдісі, препараттарды бояу әдісі. Колониялардың және жасушалардың құрылысын зерттеу әдісі. Бактерияның түрін анықтау әдісі. Сапалы бактериялардың құрылысын анықтау әдісі. Қоректік орта дайындау, залалсыздандыру әдісі. Жеке метаболизм өнімдерін анықтау әдістемелері, культивирлеу әдістемелері, дайын өнім әдістемесі, дайын өнімді өңдеп,кептіру, тазалау әдістемесі;
Қоректік ортаның құрамын анықтау.
Дипломдық тақырып бойынша лабораториялық зерттеу үшін қондырғыларды жинау және қажет құрал жабдықтар мен реактивтерді құрастыру.
Есеп және дипломдық жұмыс бойынша ғылыми тәжірибе жүргізу. Орындалған тәжірибелік жұмыс бойынша жұмыс жинау,кесте,график бойынша мәлімет беру.
Жасалған ғылыми жұмыстың нәтижелеріне қысқаша шолу.Биотехнологиялық теориялық және практикалық жағдайда алатын орны. Зерттеу нәтижесіне нақтылы технология жасауға немесе басқа сала бойынша бағыт беру.Алдағы жасалатын зерттеулерге жоспар жасау және есебін қорғау.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәнді оқыту нәтижесінде емтиханды тапсыруда студент негізгі технологияны студент меңгере білу керек,
Бақылау формасы: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).
7 семестр
Пәннің аталуы
М39.3. Саланың технохимиялық баөылау
Қысқартылған атауы
ТХК
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Лекции, лабораторный, ОБСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
Семестр 7
Оқытушының Т.А.Ә.
Нуркешов Б.
Доцент/оқытушы:
Аға оқытушы
Жұмыс тілі
Қазақша, орыс тілі
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Базалық пән, таңдау компаненті
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
Дәріс–15, зертханалық–30, ОБСӨЖ–45, СӨЖ–45.
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы – 135 сағат
Кредиттер / сынақ бірліктері
3 кредит
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиты: «Саланы технохимиялық бақылау» пәнін меңгеру үшін міндетті түрде базалық пәндерді меңгеру қажет: Микробиология және вирусология, жалпы органикалық жəне биологиялық химияның, математиканың, информатиканың, физиканың, ботаниканың, зоологияның, генетиканың, биохимия, генетика, микроорганизмдер биотехнологиясы, биотехнологиялық өндірістің негіздері, микробиология, биоорганикалық химия, микробиологияның жəне т.б. жалпы курстарын.
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Студенттерді өнрістік жəне тұрмыстық ағын сулардың ластануымен атомдық жəне сутекті бомбалардың жарылуы нəтижесінен пайда болған техногенді факторлардың əсер етуіне орай ҚР аумағының ауасында, су қоймаларында, топырақтағы ауыр металлдардың жəне радионуклидтердің жоғары концентрациясымен, мұнайды өндіретін жəне өңдейтін аудандарға жақын топырақтағы органикалық ластағыштардың жоғары концентрациясына, топырақтың гербицидтерді, пестицидтерді, инсектицидтерді пайдалануына байланысты жəне т.б. туындайтын қоршаған ортаның негізгі экологиялық мəселелерімен таныстыру. Бұл мəселелер шешімін табуы үшін биотехнологияны, яғни биообъектілерді қолдануға негізделген технологияны (микроб клеткалары, ферменттік комплекс, түрлі технологиялық формалардағы жеке ферменттер) пайдалану қажет.
Лекции: Пәннің оқу мақсаты мен міндеті. Зауыт лабораториясындағы қондырғылар мен қондырғыларға қойылатын талаптар Кондитерлік кәсіпорындардағы өнімнің сапасын бақылау. Сыра қайнату солодты алу интенсификациясы. Өндірілмеген дән шикі затын көп мөлшерде қолдану арқылы сыра сусласын алу процессін оптимизациялау. Сыра сусласын ашыту процессін интенсификациялау Квас өндірісінің шикі заты Алкогольсіз сусындар өндірісінің шикі заты Наннан квас және сусындар алу өндірі Сироп және алкогольсіз сусындардың өндірісі. Минералды суды бақылау. Қосымша материалдарды бақылау
Лабораториялық сабақ:
Ерітінділердегі құрғақ заттардың құрамы мен тығыздығын анықтау. Заттардың концентрациясын анықтайтын колориметрия әдісі Арпаның экстрактивтілігін және құрамын анықтау Амилолитикалық активтілік ферментті анықтау Қантталған белсенді ферменттерді анықтау. Судың физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау. Кейбір органикалық қышқылдың сапалық көрсеткішін анықтау. Сүт және сүт өнімдерін зерттеу әдістері Шараптың химиялық анализі. Құралдарды, инвентарларды, киімдерді, қолды жуған суларды санитарлы бактериологиялық зерттеу.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Қорыта келгенде емтихан алдында пәнді үйрену барысында студен орысша сөйлей және жаза білуі керек.
Бақылау түрі: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).
7 семестр
Пәннің аталуы
М40.1. Биологиялық активтік заттардың биотехнологиясы
Қысқартылған атауы
БАЗБ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Пререквизиттер: биофизика, микробиология, микроорганизмдер биотехнологиясы, основы өндірістің негіздері
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Пәнді оқыту мақсаты ғылым мен техниканың жетістігін қолданып биологиялық синтез әдісімен биологиялық активтік қосылыстардың және ақуыз өнім алу өндірісіне болашақта студентті арнайы дайындау болып табылады.
Компетенция: биологиялық активтік заттардың биотехнологиясы, биотехнологиялық өнімге қойылатын талаптарды білу және биотехнологиялық аумақтың әдісін сенімді қолдану және таңдай білу, арнайы альтернативаны таңдауға жауапты болу, коллективті процестерді білу, биотехнологиялық аумақтың іс жүзіндегі аумағында білімін меңгеру және оларды культивирлеу әдісін және биотехнологиялық құрал жабдықтарды қолдану, өндірістік жағдайда олардың жүруін және аумағының процесіне білімін меңгеру, құжаттарының нәтижелерін және ұсыныстарының жаңалықтарын меңгеру
Мазмұны
Дәрістің мазмұны: Биологиялық активті затты және препараттың өндірістік синтезінің халық-шаруашылығындағы мәні.Биологиялық активтік қосылыстың продуцентін селекциялау әдісі және биосинтез бағыты. Метаболизм және метаболиттер. Біріншілік және екіншілік метаболизм және метаболит. Микроорганизм селекция сының принциптері, талаптары. Штаммға көрсетілген талаптары.Антибиотикті ,витаминді каротиноид, гиббереллинді, алкалоидты, аминқышқылын, ферменттерді, липидтерді, полисахаридтерді, вакцинаны, бактериофагты, зиянкестерге қарсы препараттарды және ауру тудыратындарға арналған препараттарды өндірісте алу. Азотфиксирлеуші бактериальды препараттарды алу. Түйнек бактериялы препараттары. Биотрансформация. Биотехнология аумағында әлемдік бірлесіп жұмыс жасау.
Лабораториялық жұмыстың мамұны: β-фруктофуранозидаза препаратын алу. Құрғақ биомассадағы күлдің және ылғалдың құрамын анықтау.Дайын өнімдегі шикі протеиннің және нағыз ақуыздың құрамын анықтау. Микроб концентратын кептіру. Антибиотиктің продуценті. Антибиотиктің активтілігін анықтау. Бензилпеницилиннің калий тұзын нативті ерітіндіден алу.Ферменттің микроорганизм-продуцентін беттік культивирлеу. Фермент продуцентін түптік культивирлеу. Ферменттерді экстрагирлеу.Төмен молекулярлы заттардан фермент ерітіндісін тазалау. Фермент ерітіндісін концентрлеу.Азықтық биомассадан липидті экстракциялап бөліп алу.Полисахаридтерді микробиологиялық жолмен алу. Ішек микрофлорасын тұрақтандыру препаратын алу. Азотфиксирлеуші бактериалды препаратты алу.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәнді оқыту нәтижесінде емтиханды тапсыруда студент биологиялық активтік заттарды алудың негізгі технологиясын студент меңгере білу керек,
Бақылау формасы: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).
7 семестр
Пәннің атауы
М40.2. Өсімдік жасушалары мен ұлпаларын өсіру технологиясы
Қысқаша атауы
ТКК 10Б.(М40)
Пәннің оқу шаралары / оқу курстары (егер бар болса)
Дәрістер, зертханалық, ОБСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
7 семестр
Оқытушының аты-жөні:
Амантаев Б.О., Нарымбаева З.К.
Доцент / оқытушы:
А-ш.ғ.к., доцент м.а., х.ғ.к.
Жұмыс тілі
Қазақша, орысша
Оқу жоспарына қатынасы
Базалық пән, таңдау компоненті
Оқу түрі/кадемиялық сағ. саны
Дәріс- 30 с, зертханалық -30 с, СӨЖ- 60 с ӨБСӨЖ – 60 с.
Жұмыс сыйымдылығы
Барлығы – 180 сағат
Кредиттер / сынақ бірліктері
4 кредита
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Өсімдіктер биотехнологиясы, биохимия, жасушалық инженерия, биологиялық жүйелерді зерттеу әдістері және приборлары, өсімдіктер физиологиясы, өсімдіктер селекциясы.
Білім беру мақсаты/ компетенциялар
Пәнді оқытудың мақсаты in vitro жағдайында өсірілген өсімдік жасушаларын жасанды жүйеде қолдануды, оларды тиімді пайдалануды, сонымен қатар каллус ұлпаларын өсіру әдістерін, суспензиялық дақылдарды көпқабатты өсіру, гибридомды технологияны және өсімдіктерді микроклональді көбейту туралы білімді алуға студенттерге үйрету, зертханада қолданылатын құрал-жабдықтармен жұмыс жасай алу қабілеттілігін арттыру.
Компетенциялар: өсімдіктер жасушалары мен ұлпаларын өсірудің негізгі нысандарын, әдістерін принцптері туралы ұғымы болуы керек, саланың қазіргі кездегі жағдайы мен даму болашағы туралы түсінігі болуы тиіс, биотехнологиялық өнімдерге қойылатын талаптарды білуі керек, қоғамның биотехнологиялық өнімдерге деген қажеттілігін анықтай алуы керек.
Мазмұны
Дәріс мазмұны: Жоғары сатылы өсімдіктердің жасушаларын өсіру. Жаңа технологияларды құрудың негізгі бағыттары. Қоректік орталар, құрамдас бөліктері және оларды тиімді пайдалану. Қоректік орта құрамындағы ауксиндер, цитокининдер және гиббереллиндер әсері. Өсімдік жасушалары мен ұлпаларын өсіру тәсілдерінің жіктелуі. Құйылысу, гибридизация. Гибридті протопластарды алу технологиясы, оларды өсіру. Дәрілік өсімдіктер жасушаларын өсіру технологиясы. Биологиялық белсенді заттар алу үшін өсімдіктің оқшауланған жасушалары мен ұлпаларын өсіру. Биологиялық белсенді заттар алу: шиконин, женьшен және тағы басқалар.
Зертханалық жұмыстардың мазмұны: Биотехнологиялық зертханаларды ұйымдастыру. Биотехнологияда залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу. Өсімдік экспланттарын залалсыздандыру тәсілдері. Өсімдік жасушалары мен ұлпаларын in vitro жағдайында өсіруге арналған қоректік орталарды дайындау. Каллус ұлпаларын өсіру. Каллус ұлпаларын қайта өсіру. Суспензиялық дақылдарды өсіру.
Оқу әрекеттерінің нәтижелері /қорытынды бақылау түрлері
Пәнді оқу барысында студенттер өсімдіктер ұлпалары мен жасушаларды өсірудің негізгі әдістемелерін меңгеруі тиіс және оларды тиімді пайдалана алуы керек.
Бақылау түрі: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).
7 семестр
Пәннің аталуы
М40.3. Жануарлар жасушасын культивирлеу технологиясы
Қысқартылған атауы
ЖЖКТ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Курсты зеттеу нәтижесінде студенттің негізгі білімі жасанды системаның қолдануын, in vitro культивирлеуді және оны қайда қолдану шараларын, сонымен қатар жануарлар жасушасын культивирлеу әдістерін, моноқабатты және суспензиялық культураларды өсіру тәсілдерін, гибридомды технологияларды жетік меңгеруі қажет, соның ішінде негізгі приборлар мен аппараттарды лабораторияда қалай қолданылуын білуге міндетті.
Мазмұны
Дәрістер: Жануарлар жасушасының даму тарихы. Ағзадан тыс тіршілік ететін ұлпалар мен жасушалар. Жасушалар культура-сына кіріспе, олардың шығу тарихы, жалпы сипаттама. Іn vitro жасушаларының культивирленуіне жалпы түсінік. Қоректік орталар және культивирлеу жағдайлары. Жасушаларды куль-тивирлеу жүйелері. Ұлпаның біріншілік эксплантациясы мен оның культивирлеу техникасының әдісіне қарай, ұлпа мен жасуша культурасының өсуі мен дамуының бірнеше түрі бар. Кең таралғандары бірқабаттылар және суспензиялық өсу жасушаларының культурасы. Бірқабатты культуралық жасу-шалардың түрлері: Дифференцирлеу. Іn vitro культивирлеуші жасушаға сипаттама. Қоректік ортаны таңдау және культивир-леу шарты. жасушалық культураны алу. Біріншілік (алғашқы) культура. Біріншілік жасушалық культураның дайындалуы. Жасушаның моноқабатты егілмелі культураларын алу. Жасушаның мүшелік культурасы. Жасушаны культивирлеу жүйесі. Жасушаларды суспензиялық культивирлеу. Жасуша-ларды роллерлік культивирлеу. Жасушаларды микротасымал-даушылар үстінде культивирлеу. Жасушалар культурасында вирустарды өсіру. Вирусты жасушалармен жұмыс кезінде сақтық шаралары. Моноклональді антиденелерді алу әдістері. Моноклональды антиденелердің қолданылуы. Құйылысу алдындағы дайындық кезеңдері.Культивирлеу үшін ортаны дайындау және жасушалық суспензияларды алу. Миелом жасушаларын дайындау, қоректік қабат жасушалары, ортаны кондиционирлеу, көкбауыр жасушаларының суспензиясын жасау. Құйылысу. Жартылай сұйық агар-агарда гибридомаларды клондау. Гибридома жасушаларын қатыру мен еріту. Гибридома жасушаларымен синтездейтін антиденелерді анықтау әдісі.
Лабораториялық сабақтар: Ұлпалар культурасының биотехнологиялық лабораториясын ұйымдастыру. Жасушаларды культивирлеу үшін қолданылатын құрал жабдықтар мен аппараттар.
Қоректік орталарды және ыдыстарды зарарсыздау әдістері. Жануарлар жасышаларын культивирлеуге арналған қоректік ортаны дайындау. Жануарлар жасушасын трипсиндеу және дезагрегациялау.
Жануарлар жасушасының суспензиясын себу. Біріншілік (алғашқы) ұлпалық культураның алынуы. Біріншілік культураны субкультивирлеу. Фибробластардың алынуы және культивирленуі.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәнді оқудың және емтихан тапсыру нәтижесінде студент In vitro жағдайында культиверленетін жасанды жасалынған жүйелерді қолдану және оларды пайдалану перспективаларын білу аумағында негізгі білімді алуы тиіс, сонымен бірге каллусты жасушыларды культивирлеу әдістері, монақабатты суспензиялық культураларды өсіру әдістері, өсімдіктердің клональды микрокөбеюі және гибриданалық технология туралы білімдерді алуы керек.
Бақылау түрлері: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).
7 семестр
Пәннің аталуы
М 41.1. Биоинженерия
Қысқартылған атауы
БИ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Пререквизиттері: математика, физика, биохимия, биотехнология өндірісінің негіздері, биотехнологиялық құрал жабдықтар, микроорганизмдер биотехнологиясы, тамақ биотехнологиясы
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Пәннің мақсаты болып биологиялық және биохимиялық технологияның инженерлік проблемасын меңгеру.
Компетенции: биологиялық аумақтағы комплексті проблемасы бойынша формалау бойынша жаңалығын үйрену және биохимиялық технологияның инженерлік проблемасын, стратегияны шешу, ендіру, және дамуы бойынша логикалық жаңалығын меңгеру және биотехнологиялық аумақты оқыту әдісін, жаңа ақпараттың технологияны меңгеру, сонымен қатар компьютерлік әдіспен ақпаратты өңдеу және сақтау, жинау және ақпартты өңдеу құжаттарының нәтижелерін және нақтылы түсінікті ұсыныстарының жаңалықтарын меңгеру
Мазмұны
Дәрістің мазмұны: Тіршіліктің химиялық негізі және жасуша құрылысының иерархиясы. Стехиометрия және метаболитік өзгерудің энергетикасы. Процестің кинетикасы. Биотехнологиялық реакторды жобалау.
Типтік асептикалық процесті жобалау және оны жүргізу. Биохимиялық технологияның процесімен басқару.БӨ өнеркәсіптерін жобалау негіздері. Жобалау өндірісі. Автоматты жүйеде жобалауды қолданып жобалау. Автоматты жүйеде жобалаудың құрамы және оның мүмкіндігі. Технологиялық жобалаудың негізгі түсінігі. Технологиялық сызба нұсқаның классификациясы. Технологиялық режим және оны таңдау. Экономикалық оптимизациялау. Биотехнологиялық өндірістің есебі және анализдеу принципі. Өндірісті анализдеуге жүйелі ұсыныс. Эффективтілікті бағалау критериясы. Технологиялық сызба нұсқаның қазіргі заманғы есебінің әдістері. Культивирлеу процесінің технологиялық көрсеткішінің есебі. Материалдық баланс. Шығарылатын шикізаттар мен соңғы өнімдердің жалпы баланс көрсеткіші. Культивирлеу процесінің жылу балансының есебі. Ферментердің энергетикалық шығынының жылу балансы.
Практикалық сабақтың мазмұны: Биоректордағы процестің өнімділігінің есебі. Биомасса бойынша есебі. Су және субстрат бойынша материалдық балансты құрастыру. Негізгі және көмекші құрал жабдықтардың санының есебі. Ферментердегі ағымның есебі. Ферментердегі жылу баланс.Жеке сатылардың жылу балансының есебі.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәнді оқыту және емтихан тапсыру процесінде студенттің биотехнологиялық өндірістің негіздерінің инженерлік, микробиологиялық және технологиялық негіздерін білу
Бақылау формасы: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).
7 семестр
Пәннің аталуы
М42.2. Инженерлік энзимология
Қысқартылған атауы
ИНЭ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Пререквизиттер: органикалық химия және биологиялық химия, микробиология, биохимия, молекулалық биология пәндерінен жеткілікті білімдері болуы қажет
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Пәннің мақсаты:оқытуда инженерлі энзимологияның жаңа ғылыми бағыты мен есебін таныстыру-инженерлі энзимологияның жоғары эффективті ферменттер мен микроорганизмдердің жасушаларын қолдану білімінің толық қалаушы пән болып табылады.
Ферментті препараттарды тамақ, фармацевтика, тоқыма және тағы басқа өдірістерде кеңінен қолданады, сонымен қатар ауыл-шаруашылық өдірісінде шикізатты өңдеуде көптеп қолданады.
Мазмұны
Дәрістер мазмұны: Инженерлік энзимологияның мақсаттары мен міндеттері. Инженерлік энзимологияның басқа ғылымдармен байланысы. Пәннің ғылыми негіздері. Инженерлік энзимологияның ХХ ғасырдан бастап қазіргі заманға дейін дамуы. Ғылымға үлес қосқан ғалымдар. Ферменттердің иммобилизациясына арналған тасымалдаушылар.
Практикалық сабақтар мазмұны: Иммобилизациялау әдістері. Иммобилизденген полиферменттік жүйелер. Микроорганизм жасушаларын иммобилиздеу әдістері. Жасушалардың тіршілік әрекеттеріне иммобилизация әсері. Иммобилизацияланған жасушаларды қолдану.Иммобилиздеген өсімдік және жануар жасушалары. Активті көмір негізіндегі сорбенттер, олардың түрлері, қасиеттері.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
«Инженерлі энзимологияның» классикалық бағыты биокатализаторларды қолдану негізінде эффективті технологияны қолданып жүргізу нәтижесінде, реакцияның стероидтарын, антибиотиктерді, органикалық және аминоқышқылдарды синтездеуде, үздіксіз әртүрлі өнімдерін алуда, сонымен қатар органикалық еріткіштерді алуда, биологиялық активті заттарды алуда толық қарастырылып оқытылып өтеді.
Бақылау түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).
7 семестр
Пәннің аталуы
М41.3. Биотехнологиялық өндірістің өнеркәсіптерін жобалау
Қысқартылған атауы
БӨӨЖ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Пререквизиттер: математика, физика, биохимия, биотехнология өндірісінң негіздері, биотехнологиялық құрал жабдықтар, микроорганизмдер биотехнологиясы, тамақ биотехнологиясы.
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Пәннің мақсаты болып саналады: биотехнологиялық өндіріс орындарын оқу процесіндегі жобалаудың негізгі сатыларын меңгеру, автоматтық жобалау жүйесін пайдалана отырып меңгеру, сонымен қатар Қазақстан мен алыс және жақын шет елдердің қазіргі заманға сай өндірістердің жұмыс тәжірбиесімен танысу.
Компетенция: биотехнологиялық өндірістің өнеркәсіптерін жобалаудың негізгі сатыларына ұсыныс жасай білу, құрастыру және анализдеу бойынша жаңалығын үйрену, комплексті проблемасы бойынша формалау бойынша жаңалығын үйрену және стратегияны шешу, ендіру, және дамуы бойынша логикалық жаңалығын меңгеру және биотехнологиялық аумақты оқыту әдісін, жаңа ақпараттың технологияны меңгеру, сонымен қатар компьютерлік әдіспен ақпаратты өңдеу және сақтау, жинау және ақпартты өңдеу құжаттарының нәтижелерін және нақтылы түсінікті ұсыныстарының жаңалықтарын меңгеру
Мазмұны
Лекцияның мазмұны: Құрылыс орнын, алаңын таңдау, жобалау өндірісі. Техникалық жобаның құрамы. Автоматты жүйеде жобалауды қолданып жобалау. Автоматты жүйеде жобалаудың құрамы және оның мүмкіндігі. Биотехнологиялық өндірістің есебінің және анализінің принципі. Өндірісті анализдеуге жүйелі ұсыныс. Биотехнологиялық өндірісті эффективтілікті бағалау критериясы. Технологиялық сызба нұсқаның есебінің қазіргі заманғы әдістері.Культивирлеу процесінің материалдық және жылулық балансы.
Практикалық сабақтың мазмұны: Технологиялық жобалаудың негізгі түсінігі. Биотехнологиялық өндірістің есебі және анализдеу принципі. Өндірісті анализдеуге жүйелі ұсыныс. Эффективтілікті бағалау критериясы. Биотехнологиялық реактордың өнімділік процесінің есебі. Биомасса бойынша есебі. Реактордың өнімділігінің есебі. Субстрат бойынша есебі. Реактордың өнімділігінің есебі. Негізгі және көмекші құрал жабдықтардың санының есебі. Ферментердегі ағымның есебі. Ферментердегі жылу баланс.Жеке сатылардың жылу балансының есебі.
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Пәнді оқыту нәтижесінде биотехнологиялық өндірістің инженерлік биотехнологиялық негіздеу процесін студент меігеріп емтиханды тапсыру
Бақылау формасы: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).
8 семестр
Название модуля:
М 45.Производственная практика на промышленных
предприятиях (по выбору)
Сокращенное название модуля (если есть)
ПП
Учебные мероприятия / курсы учебных дисциплин (если есть)
Производственная практика, СРС, СРСП
Семестр:
8 семестр
Ответственный за модуль:
Бигара Т.
Доцент / преподаватель:
К.с/х.н., ст. преподаватель
Рабочий язык
Казахский, русский
Соотнесение с учебным планом
Профессионально-практическая часть
Форма обучения / количество академических часов
-
Трудоемкость
8 апта
Кредиты / зачетные единицы
3 кредита
Условия приема на обучение в рамках модуля
Пререквизиты: основы математических и естественнонаучных дисциплин, основы специальных дисциплин
Образовательные цели
/ компетентности
Цель производственной практики – получение студентами основных знаний о технологии и организации работ на промышленных предприятиях и в научно-исследовательских учреждениях
Компетенции: Иметь представление об основных объектах, методах и принципах организации биотехнологических производств, понимать современное состояние и перспективы развития биотехнологии, знать требования к биотехнологической продукции, приобрести навыки по развитию и внедрению стратегии решений, знать методы и методики изучения биотехнологических объектов, осознавать себя в качестве самодеятельной личности, носителя прав и обязанностей, способной реализовать профессиональный потенциал, приобрести способность работать в команде/коллективе, приобрести знания в области практических биотехнологических объектов и методов их культивирования и использования биотехнологического оборудования, приобрести знания в области процессов и их протекания в промышленной ситуации, владеть новыми информационными технологиями, в том числе компьютерными методами поиска, сбора, хранения и обработки информации, уметь организовывать трудовую деятельность на научной основе.
Содержание
Изучение технологической схемы производства и режима, конструкции ферментеров и другого оборудования, материалов аппаратов и машин, размещение аппаратов в цехе и их взаимосвязь, методов микробиологического и санитарного контроля, а также изучение методов эксплуатации оборудования с точки зрения охраны труда, техники безопасности и защиты от коррозии. Во время практики студент начинает осваивать обязанности инженера или технолога.
Результаты учебной деятельности / формы итогового контроля
Получение студентами основных материалов для отчета по практике по технологии, оборудованию, безопасности жизнедеятельности, охране окружающей среды, выполнение экспериментальных работ и анализов. Итоговый контроль – защита отчета по практике
8 семестр
Пәннің аталуы
МАБ және Дипломдық жұмысты қорғау
Қысқартылған атауы
МАБжДЖҚ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Эксперименттерінің орындалуы, СӨЖ, ОБСӨЖ, қорғау
Семестр:
8семестр
Оқытушының Т.А.Ә.
Приходько Н.А., Есимова А.М.
Доцент/оқытушы:
Кедельбаев Б.Ш., профессор м.а., т.ғ.д.; Приходько Н.А., х.ғ.к., доцент; Есимова А.М., х.ғ.к., доцент м.а.; Нарымбаева З.К., х.ғ.к.., доцент м.а.; Надирова Ж.К., х.ғ.к., аға оқытушы; Кансеитов Т., профессор, а/ш.ғ.д., Муталиева Б.Ж., х.ғ.к.,аға оқытушы, Аханов У., а/ш.ғ.к., аға оқытушы; Мамырбекова А., х.ғ.к., аға оқытушы.
Жұмыс тілі
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Мемлекеттік аттестациялық қорытынды
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
СӨЖ- 340 сағ, ОБСӨЖ – 20сағ.
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы – 360 сағат
Кредиттер / сынақ бірліктері
8 кредит
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Қорғауға жіберілуі үшін студенттің ВКРБ бойынша барлық пәнді оқытылуы және 228 ECTS алуы керек.
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Цель ВКРБ/компетенции: выявление уровня профессиональной подготовки выпускника к самостоятельной работе производственно-технической, проектно-конструкторской и научно-исследовательской деятельности; систематизация, закрепление и расширение теоретических и практических знаний и практических навыков по специальности; развитие навыков ведения самостоятельной работы и овладения методиками исследования и экспериментирования при решении разрабатываемых проблем и вопросов, умения пользоваться специальной и справочной литературой для решения актуальных задач в соответствующей отрасли; выявления подготовленности студентов к самостоятельной работе; оценка подготовленности студентов к творческой работе и ведению самостоятельной дискуссии, умения защищать и обосновывать принятые решения.
Мазмұны
ВКРБ является итоговой самостоятельной работой студента и состоит из пояснительной записки объемом 80-100 страниц и графической части на 6-8 листах формата А1. Пояснительная записка включает следующие структурные элементы: титульный лист, задание, содержание, аннотация, нормативные ссылки, определения, обозначения и сокращения, введение, основной раздел, определяющий квалификацию выпускника, раздел безопасности жизнедеятельности, раздел охраны окружающей среды, раздел по экономике, бизнес-план, заключение, список использованных источников.
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Результатом защиты ВКРБ является определение степени усвоения студентами требований государственных общеобязательных стандартов. Оценки, полученные при защите ВКРБ, подтверждают сформулированные образовательные цели и результаты.