Ф 10-03 Пән атауы: Физика Дайындаған оқытушы



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі40,97 Kb.
#85487
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Физика ЮК-20-01 05.10.2020 (1)

Абсолют серпімсізсоққы.
Абсолют серпімсіз соққы-соққы нәтижесінде екі дене тұтас дене сияқты бірге қозғалады. Абсолют серпімсіз соққыны көрсету үшін бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі шардың қозғалысын қарастырамыз (12-сурет).
m1 v1 m2 v2=0 m1 v1 m2 v2=0

10-сурет 11-сурет
Егер шарлардың m1 және m2, ал соқтығысқанға дейінгі жылдамдықтары v1 және v2 болса, онда импульстің сақталу заңын қолданып, келесі өрнекті жазуға болады m1 v1+m2v2 =(m1+m2)v (4.10)
осыдан v=(m1v1 + m2 v2)/ (m1+m2) (4.11)
Егер шарлар бір-біріне қарама-қарсы қозғалып келе жатқан болса, онда олар импульсі үлкен шардың бағыты мен қозғалысын жалғастырады. Жекелеген жағдайда егер шарлардың массалары бірдей болса (m1=m2), онда v=(v1+v2)/2
12-сурет.
Орталық абсолют серпімсіз соққы кезінде шарлардың кинетикалық энергиялары қалай өзгеретіндігін анықтайық. Шарлар өзара соқтығысқан кезде олардың арасында деформацияның өзінен тәуелді болмайтын, ал олардың жылдамдықтарынан тәуелді болатын күштер әсер етеді, сонда біз үйкеліс күші сияқты күшті кездестіреміз, сондықтан да механикалық энергияның сақталу заңы орындалмайды. Деформация әсерінен кинетикалық энергияның «жоғалады» да жылу немесе энергияның басқа формасына өтеді. Осы «жоғалуды» денелердің соққыға дейінгі және кейінгі кинетикалық энергияларының айырмасы арқылы анықтауға болады:
ΔW= ((m1v21)/2 + (m2v22)/2) –( (m1+m2)v2)/2
(11) формуланы қолдана отырып, келесі өрнекті аламыз
ΔW=(m1 m2 (v1–v2)2)/ 2 (m1 + m2) сонда
v= m1v1/(m1+m2), DW= (m2m1v21)/2(m1+m2)
m2>>m1 болғанда (тыныштықтағы дененің массасы өте үлкен), v<1 және соққы кезінде барлық кинетикалық энергиясы энергияның басқа түріне өтеді.
Соқтығысқан кезде денелердің кинетикалық энергиясы толығынан немесе жартылай ішкі энергияға айналса, соқтығысқаннан кейін денелер не бірдей жылдамдықпен қозғалатын болса немесе тыныштықта болса, соқтығысу абсолют серпімсіз болады.
Үйге тапсырма. Конспектілеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет