Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


Кәсіпкерлік тиімділікті талдау және бағалау іс-шаралары



бет204/247
Дата08.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#98730
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   247
Байланысты:
Касыпкерлык лекция
ИП-18-8к1 бизнес план Сабит С, ИП-18-8к1 бизнес план Сабит С, ИП-18-8к1 бизнес план Сабит С
12.3 Кәсіпкерлік тиімділікті талдау және бағалау іс-шаралары
Қаржылық жағдайды талдау мыналарды қамтиды:
- қаржылық тұрақтылықты талдау;
- төлем қабілеттілігін талдау;
- қаржылық инвестициялардың тиімділігін талдау.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін автономия коэффициенті және қаржылық тұрақтылық коэффициенті қолданылады.
Экономикалық тиімділкті арттыру арқылы экономикалық өсуге жетуге болады . Өндірістің экономикалық тиіміділігін арттырудыңнегізгі факторы ғылыми-техникалық прогресс болып табылады және оларды келесілерді қамтиды:
- прогрессивті технологияны кеңінен игеру: мембрандық, лазерлік, плазмендік жоғары технологияларды қолдану;
- өндірісті автоматтандыру: робототехника, роторлы, роторлы конвейерлі жүйелерді, икемді автоматтандырылған өндірістерді дамыту;
- металл өнімдерінің, пластмассаның, металдық ұниақтардың, конструктивті материалдардың жаңа түрлерін қолдану.
Экономикалық тиімділікті арттырудың келесі факторы ол үнемдеу болып табылады. Ресурстарды үнемді пайдалану арқылы отын, энергетика, шикізаттарды тиімді қолдауға мүмкін болады. Қазақстанда қазіргі уақытта ұлттық табыстағы үлесі бойынша отын, энергия, металдарды дамыған мемлекеттерге қарағанда көп шығындайды. Сондықтан машина жасау өндірісін түбегейлі өзгерту қажет.
Өндіріс тиімділігін арттырудың үшінші бағыты негізгі қорларды жақсы пайдалану қажет. Тиімділікті арттырудың төртінші бағыты экономика құрылымын өзгерту арқылы, ғылыми-техникалық прогессті дамыту болып табылады. Машина жасау, отын-энергетикалық салалрда атомдық энергияны қолдану, энергияның жаңа түрлерін пайдалану қажет. Экономикалық тиімділікті арттырудың бесінші бағыты ұйымдастырушылық экономикалық факторларды, соның ішінде басқаруды атауға болады. Сонымен қатар өндірістік инфрақұрылымның дамуы да елеулі роль атқарады. Экономикалық тиімділіктің артуына ғылымның дамуы маңызды роль атқарады. Ол үшін өзекті мәселелер бойынша фундаменталды және зерттеу ғылымдарын дамыту қажет,ал ол өз кезегінде ғылым мен техниканың дамуына мүмкіндік береді. Бұл факторларды қолдану арқылы еңбек өнімділігін арттыруға, байлықты көбейтуге және халықтың әл-ауқатын көтеруге мүмкін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет