"Жазылу» бизнес-моделі
Пайдаланушы өнімге немесе қызметке қол жеткізу үшін ай сайынғы немесе жыл сайынғы негізде тұрақты жарна төлейді.
Тұтынушылар қызметке қол жеткізгені үшін абоненттік ақы төлеуі тиіс. Бұл бизнес-модель журналдар мен газеттердің арқасында пайда болды, енді ол бағдарламалық қамтамасыз етуге, онлайн-қызметтерге қолданылуда, ал кейде қызмет көрсету саласында да пайда болады.
Өзгертілген аспектілер: "Кім?", "Қалай?".
|
Жазылу әлеуетін швейцариялық Blacksocks та қолданады, оның ұраны мынадай: "Шұлыққа жазыл: бейнеттен оңай әрі жеңіл құтыл". Тұрақты ақы төлегені үшін клиенттер жыл сайын белгілі бір уақыт аралығында үш данадан алты данаға дейін шұлық алады. Дәл осы тәсілмен басқа да киім - іш киім мен жейделерге тапсырыс беруге болады. 1999 жылы құрылған компания таңдалған бизнес-модельдің арқасында жақсы табыс табады. 75 елде 50 000-нан астам клиент осы уақыт ішінде миллионнан астам шұлық сатып алды.
Достарыңызбен бөлісу: |